Мерейің құтты болсын тәуелсіздік

Байқоңыр қаласы

№2 К. Э. Циалковский атындағы жалпы білім беретін орта мектептің I санатты бастауыш сынып мұғалімі Жакупова Алмагүл Байдуллаевна

Тақырыбы

Тәуелсіздік жырлары

Мақсаты

а) Еліміздің тәуелсіздік алғанына 20 жыл толған кезеңде қол жеткізген жетістіктерімен таныстыру, білім көкжиегін кеңейту.

ә) Отанды сүюге, оның байлығын қорғауға тәрбиелеу; болашақта Қазақстанды өркендету үшін білімді, саналы азамат қажет екенін ұғындыру.

б) Туған жерге, елге деген сүйіспеншілікті арттыру; халқымыздың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін сақтап, жалғастыруға баулу.

Барысы: Кіріспе

Атыңнан айналайын, егемен ел,

Тәуелсіз күнің туды, кенеле бер.

Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік!

Ғасырдың тойы болшы — келе берер.

1-жүргізуші

Тәуелсіздік туы көтерілген кезде дүниеге келген қазақ перзенті бүгінде 20 жаста. Тәуелсіздік — сенің абыройың, намысың; иығыңдағы қалқаның, маңдайыңдағы жұлдызың, төбеңдегі айдарың, қабағыңа біткен айбарың. Ендеше, халқым, Тәуелсіздігіңнің ғұмыры ұзақ болсын!

2-жүргізуші

Бұл жыл — қазақ халқы үшін айрықша ардақты, мемлекетіміз үшін ең мерейлі мереке. Биыл тәуелсіздік алғанымызға 20 жыл толып отыр. Ғасырға бергісіз осы 20 жыл күллі қазақтың арман-тілегін асқақтатты, бабаларымыз бен әкелеріміз аңсаған арманның орындалғанын айғақтады. Ұлы мерекеміз құтты болсын!

XXI ғасыр — білім ғасыры

Біздің мақсат — өткенімізді білетін, бүгінді түсінетін, ертеңге сеніммен қарайтын азамат тәрбиелеу. Ендеше, Тәуелсіздіктің 20 жылдық шежіресіне ой жүгіртейік.

Тәуелсіздіктің 20 жылдық белестері

  1. 1991 жыл

    29 тамыз — Семей ядролық полигоны жабылды.

  2. 1991 жыл

    2 қазан — Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.

  3. 1991 жыл

    1 желтоқсан — тұңғыш Президент сайланды.

  4. 1992 жыл

    2 наурыз — Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды.

  5. 1992 жыл

    4 маусым — мемлекеттік рәміздер қабылданды.

  6. 1993 жыл

    28 қаңтар — тәуелсіз мемлекеттің негізгі заңы — Конституция қабылданды.

  7. 1993 жыл

    15 қараша — ұлттық валюта теңге айналымға енді. Қазақстанды бүкіл әлем таныды.

Музыкалық үзіліс

Ән: «Айналдым елім»

Оқушылардың өлеңдері

1-оқушы

Жас арудың жанарында — Желтоқсан,

Қанды ғасыр табанында — Желтоқсан.

Қаралы өмір қайыстырған халқымның

Қара тұман қабағында — Желтоқсан.

2-оқушы

Атыңнан айналайын қазақ деген,

Қазағым, қайсарлығың ғажап дер ем.

Сақтапсың елдігіңді сағың сынбай,

Көрсең де талай қорлық, азаппенен.

3-оқушы

Бір ата, бір ананың түлегіміз,

Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз.

«Бірлік барда тірлік бар» деген бабам,

Бірлік деп бірге соққан жүрегіміз.

4-оқушы

Тәуелсіздік — сан ғасырлық тарихы бар,

Қазақстан — бұл азат ел, танысыңдар.

Көк байрағы, елтаңба, әнұраны —

Қазақ елі егемен, сан ұлты бар.

5-оқушы

Тәуелсіздік — бабалардың ұраны,

Бейуақытта бойға таққан тұмары.

Тәуелсіздік — түнектерде тұншығып,

Ызғар ұрып, жанбай қалған шырағы.

6-оқушы

Қазақстан — туған Отан, алтын бақ,

Ұлы жолға түсті келіп жарқылдап.

Қазақстан — көпті көрген қария,

Қазақстан — мейірім, ана, жер қымбат.

Атады әлі тағы да бір таң күліп,

Жүректерде арман отын жандырып.

Қазақстан — бізді туған ұлы Отан,

Жайнай бер, сен жайнай бер мәңгілік!

7-оқушы

Бізге берік ұлы достық,

Бірлік құрып тілек қостық.

Ұлы мақсат биігіне,

Дос жолына жүрек тостық.

Достық — біздің тірегіміз,

Бірге соғар жүрегіміз.

Оттай ыстық бір-біріне

Одақтасқан ұлы елміз!

Би

«Сүгір»

Күй

«Ата толғауы»

2-бөлім: Мәнерлеп оқу сайысы

2-жүргізуші

Тәуелсіз Қазақстан халқы ғаламат XXI ғасырды зор сеніммен қарсы алды.

Аман бол, жаңа ғасыр — жаңа заман,

Аман ба, жаңаша күн жарқыраған.

Азат күн, арман ғасыр, мәңгі паш ет

Қазақтың қасиетті ел екенін.

Ендігі кезекті мәнерлеп оқу сайысына берейік.

Сайыс тақырыптары

  • «Тәуелсіздік»
  • «Тәуелсіздік монументі»
  • «Тәуелсіздік тұғырынан таймасын»
  • «Туған елімe»
  • «Тәуелсізбін»
  • «Туған жер»
  • «Тәуелсіз Қазақстан»

Өлеңдер мен шығармалар

  • «Брежнев алаңында оқылған өлең»
  • «Айбыны асқақ елім бар»
  • «Егеменді Қазақстан»
  • «Тәуелсіздік»
  • Ән: «Нұр Астана»
  • «Тәуелсізбін мен бүгін»
  • «Қазағым менің»
  • «Тәуелсіздікке тарту»
  • «Тәуелсіздік жолы»
  • «Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ»

Сайыс қорытындысын шығару үшін әділқазылар алқасына сөз кезегі беріледі.

3-бөлім: Қорытынды

Алаулаған жанарыңнан нұр тамып,

Бүгін сені күллі дүние танып.

Көк байрағың желбірейді көгіңде,

Әнұраның әлемде жүр шырқалып.

Негізгі ой

Тәуелсіздігіміздің тұғыры — саналы, тәрбиелі, білімді азамат. Бүгінгі жасөспірімнің басты парызы — елге қызмет ететін, жауапкершілігі жоғары тұлға болып қалыптасу. Өйткені жас ұрпақтың еншісі — Тәуелсіз Болашақ.