Кестеге мағынасы жуық сөздерді бір бөлек, мағынасы қарам - қарсы сөздерді бір бөлек жұптап жаз
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Тақырып
Мағынасы қарама-қарсы сөздер (Қазақ тілі, 3-сынып)
Оқыту мақсаттары
- Барлық оқушылар: мағынасы қарама-қарсы сөздер туралы түсінік алады.
- Оқушылардың басым бөлігі: сөздің мағынасына қарап ереже шығара алады.
- Кейбір оқушылар: 5 жолды өлең (синквейн) құрастыра алады.
Мұғалім
Ш. Ж. Оразаева
Негізгі идея
Қарама-қарсы мағыналы сөздерді жұптап табу, салыстыру және сөйлеуде қолдану.
Сабақтың құрылымы
Сабақ үш кезеңнен тұрады: басталуы, ортасы және аяқталуы. Әр кезеңде оқушылардың белсенді қатысуына бағытталған тапсырмалар ұсынылады.
Басталуы
- Психологиялық ахуал қалыптастыру.
- Сергіту сәті: көңілді физминутка.
- Топқа бөлу: сөз таптары арқылы.
- Үй тапсырмасын сұрау және тексеру.
- Дидактикалық ойын: «Сыңарын тап» (қарама-қарсы сөздерді табу).
- Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Ортасы
1-топ — 20-жаттығу
Мақалдарды оқып, қарамен жазылған сөздерді жұбымен көшіріп жазады. Мағынасы мен дыбысталуын салыстырады.
Ақылды іс тындырады, ақымақ тіс сындырады.
Жақсы сөзге жан семіреді, жаман сөзден жан қорқады.
Ашу — дұшпан, ақыл — дос, ақылыңа ақыл қос.
2-топ және 3-топ — 21-жаттығу
Т-кесте құрып, мағынасы жуық сөздер мен мағынасы қарама-қарсы сөздерді жұптап жазады: 2-топ — мағынасы жуық сөздер, 3-топ — мағынасы қарама-қарсы сөздер.
Мағынасы қарама-қарсы сөздер
- ерте — кеш
- ірі — ұсақ
- жуан — жіңішке
- жуас — тентек
Мағынасы жуық сөздер
- әдеп — инабат
- асығу — аптығу
- абырой — бедел
- атқыш — мерген
4-топ — 22-жаттығу
Мысалды сахналайды. Мысалды түсініп оқып, ішінен мағынасы қарама-қарсы сөздерді табады.
Талқылау сұрақтары
- Мысал не туралы?
- Қай мақал мысалдағы негізгі ойды білдіреді?
Негізгі мақал: «Көп сөз — көмір, аз сөз — алтын».
A деңгейі
Синквейн әдісімен мысалдағы сауысқанға 5 жолды өлең құрастыру.
B деңгейі
Мағынасы қарама-қарсы сөз ойлап, сол сөздермен сөйлем құрастыру.
C деңгейі
Берілген сөздерге қарама-қарсы мағыналы сөздерді табу: жуас, ұзын, түзу, қою.
Бағалау
Топтар бір-бірін «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды.
23–24-жаттығулар
23-жаттығу
Жұмбақты шешіп, мәтіннен қарама-қарсы мағыналы сөздерді табады.
Өзі түзу, өзі қисық бір аттың
Өшпес ізін бала кезден ұнаттым.
24-жаттығу (ауызша)
Өлеңнен мағынасы қарама-қарсы сөздерді жұптап айтады.
Аяқталуы
Топтық қорытынды тапсырмалар
- 1-топ: «Сөз және оның мағынасы» тақырыбына ассоциация құру (мағынасы қарама-қарсы, мағынасы жуық, айтылуы бір—мағынасы әр басқа сөздер).
- 2-топ: мағынасы қарама-қарсы сөздерді жазу.
- 3-топ: «Сөздер банкі» әдісімен бүгінгі сабақтағы ұғымдар мен сөздерді жинақтау.
- 4-топ: сөздің мағынасына байланысты ережелер шығарып, «Даналық ағашына» ілу.
Қалыптастырушы бағалау
«Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау жүргізіледі.
Кері байланыс
Не білдім?
Бүгін қандай жаңа ұғымдарды түсіндім?
Не үйрендім?
Қандай дағдым күшейді?
Не білгім келеді?
Келесі сабаққа қандай сұрағым бар?
Үй тапсырмасы
- Ережені жаттау.
- 25-жаттығу, 109-бет.