Өлең жолы
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Жалпы мәлімет
- Өткізілетін орын
- Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Макинск қаласы
- Білім беру ұйымы
- «Балдырған» мектеп-балабақшасы
- Әдіскер
- Нұрғалиева Зейни Құттыбекқызы
- Сабақ түрі
- Дәстүрлі емес
Бағыт пен тақырып
- Білім беру саласы
- Қатынас
- Бөлімі
- Тіл дамыту, көркем әдебиет
- Тақырыбы
- Жабайы аңдар
Құралдар мен сөздік жұмыс
Көрнекіліктер
- Суреттер
- Үнтаспа
- «Хайуанаттар бағына саяхат» материалдары
Сөздік жұмыс
Мақсаты
- Жабайы жануарлардың кейбір ерекшеліктерін салыстыра отырып, олардың мекені мен қоректенуі туралы түсінік қалыптастыру.
- Сұраққа толық сөйлеммен жауап беруге үйрету.
- Жан-жануарларды қорғауға, оларға қамқор болуға тәрбиелеу және неліктен «жабайы» деп аталатынын түсіндіру.
Оқу іс-әрекетінің барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі: «Шаттық шеңбері»
Тәрбиеші балаларға бүгін ерекше күн екенін айтып, хайуанаттар бағына саяхатқа шығатынын хабарлайды. Барлығы орындарынан тұрып, шаттық шеңберін құрады.
Өлең
Қол ұстасып тұрайық, Үлкен шеңбер құрайық. Жаңа шыққан бұл күнге Иіліп сәлем қылайық. Арайлап шыққан бұл күнге, Шуағын шашып баршаға, Кәне, досым, күлімде, Шаттық орнасын жүзіңде.
2) Кіріспе әңгіме: Табиғатты қорғау
Өлең жолдары
Табиғатты қолдай біл, Аң-құсын да қорғай жүр. Білуіміз керек оны біз — Біз де табиғаттың ұлымыз. Табиғат бөлек демеңіз, Сол үшін жауап береміз.
Тәрбиеші балалардан өлеңде не туралы айтылғанын сұрайды. Балалардың жауабын толықтырып, табиғаттың — бізді қоршаған орта екенін, табиғатсыз тіршілік болмайтынын түсіндіреді.
Табиғат — барлық тіршілік иелерінің ортақ үйі. Бүгінгі тіл дамыту оқу іс-әрекетінде табиғаттың тіршілік иелерінің бірі — жабайы аңдармен танысамыз.
3) Саяхатқа дайындық: Хайуанаттар бағы
Тәрбиеші сұрақ қояды: «Жабайы аңдар қайда болады?» Балалар: «Орманда және хайуанаттар бағында» деп жауап береді.
«Хайуанаттар бағы» — үлкен бақ. Онда тек жабайы аңдар ғана емес, жан-жануарлардың көптеген түрі және әртүрлі құстар мекендейді. Біз бәрін толық аралап үлгере алмаймыз, сондықтан ертегілерден және теледидардан көріп жүрген бірнеше жабайы аңмен ғана танысамыз.
Қауіпсіздік ережесі
- Аңдарға жақындамау, торға қол сұқпау.
- Дауыс көтермеу, жүгірмеу.
- Тәрбиешінің айтқанын мұқият тыңдау.
Саяхатқа шығу үшін билет қажет. Тәрбиеші алдын ала дайындаған билеттерді балаларға таратады. Балалар өлең жолдарын айтып, жаяу «зообаққа» жол тартады.
4) Викторина: «Аңдарды табайық»
Балалар «зообаққа» келгенде тәрбиеші: «Аңдар қайда кетті екен?» — деп, оларды табу үшін викториналық сұрақтар қояды.
Сұрақ 1: Түлкі
«Қораға түсіп, иттерді шулататын ол қандай аң?» — Балалар жауап береді: түлкі.
Түлкі — жыртқыш аң. Түсі, дене бітімі, құйрығы туралы балалармен әңгіме жүргізіледі. Түлкінің баласын түлкішек деп атайды.
Түлкінің терісі бағалы. Қазақтың атақты бас киімі — тымақ — түлкі терісінен тігілуі мүмкін (түлкітымақ).
Қорегі: түрлі құстар, құстың жұмыртқасы, кейде балық.
I тапсырма: «Ойлан, тап!» (жұмбақтар)
- Өзі бір қу, жүрген жері — айқай да шу.
- Сұр түсті, ақсиған көп тісті.
- Қыс бойына жатады, тәтті ұйқыға батады.
Сұрақ 2: Жолбарыс
«Денесінде жолағы бар, өзі мысыққа ұқсайды. Ол қандай аң?» — Балалар жауап береді: жолбарыс.
Жолбарыстың баласын сарымақ деп атайды.
Жолбарыс — өте күшті, жылдам жүгіретін жыртқыш аңдардың бірі. Балалар оның түсін, құйрығын, құлағын сипаттап айтады.
Қорегі: жануарлар мен аңдар.