Дәстүрлі емес сабақ
Өткенімізге үңілсек, сый тартар бізге келешек
Бұл материал дәстүрлі емес қайталау сабағын ойын формасында ұйымдастыруға арналған. Негізгі идея — үшбұрыштар тақырыбын әсерлі көрініс, рөлдік ойын және қысқа мәтіндер арқылы қайта жаңғырту.
Сабақ түрі
Дәстүрлі емес сабақ (қайталау сабағы).
Өту формасы
Ойын түрінде.
Мақсаты
- Оқушылардың үшбұрыштар туралы алған білімдерін қайта жаңғырту, естеріне түсіру.
- Үшбұрыштардың анықтамалары мен қасиеттерін ұзақ уақыт есте сақтауға ықпал ету.
- Теориялық білімді қолдана білуге үйрету.
- Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу және танымдық қызығушылықты дамыту.
Көрнекілігі
Үшбұрыштар (модель), плакаттар, көрмеге арналған суреттер мен заттар, интерактивті тақта.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру
Оқушыларды түгендеу, сабақтың мақсаты мен жоспарымен таныстыру.
II. Өтілген тақырыпты қайталау
(музыкалық-әдеби монтаж түрінде)
1-жүргізуші
Геометрия пәнінде үшбұрыш деген ел болған. Неше алуан түрімен бір ордаға жиылған.
2-жүргізуші
Шақырайық ортаға Үшбұрыш атаны, бастасын сөз кезегін арқалы. Шыққан тегін, руын бізге таныстырып, беріп кетсін ұрпағына батаны.
Сахналық көрініс
Сахнаға үшбұрыштар бейнеленген киім киген оқушылар шығады (киім үстіне айналдыра желімделген үшбұрыштармен безендірілген).
Әуені: «Тойға шашу»
Қара бізге, біз үштенбіз,
Көрсетеміз әлі біз!
Үш-үштенбіз, үш-үштенбіз,
Үш-үштенбіз бәріміз!
Қайырмасы
Қабырға үшеу, бұрыш үшеу,
Төбеміз де үш-үштен.
Біз атқарар жұмыс үшеу,
Үш мәрте оған кіріс сен!
Сүйетұғын өз ұясын,
Ордамызда — ынтымақ.
Үшбұрыштар семьясын
Білер болсын әркім-ақ!
Ұрпағым бар, өрісім кең,
Білер болсаң, егер сен.
Ретімен келіп ортаңызға,
Таныстырсын өздерін баршаңызға.
Нақыл сөз: «Мыңның түсін білгенше, бірдің атын біл.»
Үшбұрыштар тізіліп, сахнаға шығады.
1. Сүйір бұрышты үшбұрыш
Мен — Үшбұрыш атаның баласының бірімін, сыйынған қасиетіме елімнің бір пірімін. Әкем: «Сүйір бұрышты болсын» — деп атапты, теоремалар әркез үйір боп жүрсін деп.
Интерактивті тақтадағы тұжырым
Кез келген үшбұрыштың кем дегенде екі бұрышы сүйір болады.