Бізге керегі - шын дарындар

Физика пәнінің мұғалімі: С. Қ. Оразбаева

Дарынды оқушыларға арналған жылдық жұмыс жоспары — 2014–2015 оқу жылы

Дарындылық туралы көзқарас және оның мәні

Абайдың «Адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады» деген сөзі уақыт өтсе де өз мәнін жоғалтқан емес. Озық ойлы, білімдар адамдар қоғам дамуына нақты үлес қосады. Ойлау мен іздену — табиғаттың адамзатқа берген ғажайып сыйы.

Қабілет — адамның іс-әрекеттің белгілі бір түрін нәтижелі орындауында көрінетін жеке қасиеті. Дегенмен табиғат бұл мүмкіндікті бәріне бірдей үлестірмейді: біреуге молырақ, біреуге азырақ, ал кейбіріне айқын байқалмайтындай деңгейде беріледі.

1) Әмбебап дарындылық көзқарасы

Әр бала дарынды; ең бастысы — оның нақты қабілетін уақытында анықтап, жүйелі түрде дамыту.

2) Сирек дарындылық көзқарасы

Дарындылық — өте сирек құбылыс; ол адамдардың шағын тобына ғана тән.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: «Бізге керегі — шын дарындар. Нарық қол-аяғымызды қалай қыспасын, мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын қолдауға, қорғауға міндетті», — деп, ел болашағында жастардың рөліне ерекше мән берген.

Дарынды оқушы — өзгелермен салыстырғанда ерекше ойлайтын, талдайтын, тез есте сақтайтын, шығармашылыққа бейім және еңбексүйгіш, нәтижеге бағытталған тұлға. Дарынды, талапты жастар — тәуелсіз еліміздің жарқын болашағы.

Дарындылықты анықтау параметрлері

  • Танымдық білім мен оқу іс-әрекетінің басқа оқушылардан озық дамуы
  • Психологиялық дамудың жоғары деңгейі
  • Дені сау, жан-жақты және толыққанды дамуы
  • Ойлау қабілетінің озық болуы
  • Айналадағы құбылыстар мен процестерді терең түсінуі және туа біткен шығармашылық қабілеттің айқын байқалуы

Дарындылықтың түрлері

Интеллектуалды

Логикалық ойлау, талдау, жылдам қорытынды шығару қабілеті.

Академиялық

Пәндік білімді жүйелі меңгеру, оқу жетістігінің тұрақтылығы.

Шығармашылық

Жаңа идея ұсыну, стандарттан тыс шешім табу.

Көшбасшылық

Ұйымдастыру, ықпал ету, жауапкершілік ала білу.

Көркем-орындаушылық

Өнер, сахна, музыка, мәнерлеу мен орындау шеберлігі.

Дарындылықты анықтау критерийлері

  • Теориялық материалды толық әрі дұрыс меңгеруі
  • Материалды игеруде табандылық танытып, бастаған ісін аяқтауы
  • Алынған білімді әр сабақ сайын дамытып, кеңейтуі
  • Ойын жеткізуде ғылыми терминологияны орынды қолдануы
  • Пәнді игеруде негізгі проблеманы бөліп алып, оны өз бетінше шеше алуы
  • Өзіне талап қоя білуі және жауапкершілік танытуы
  • Тапсырылған жұмысты сапалы орындауы

Дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлері

Оқу әрекетін тереңдету

  • Тарау бойынша оқушыға өз бетінше тест құрастыруды үйрету
  • Алынған білімді әр сабақ сайын дамыту және жүйелеу
  • Ғылыми терминологияны сауатты қолдануға дағдыландыру

Зерттеу және модельдеу

  • Тақырып бойынша модель құруға бағыттап, практикалық ойлауын дамыту
  • Негізгі проблеманы анықтап, оны өз бетінше шешуге жетелеу
  • Тапсырманы сапалы орындауға және өзіндік талап қоюға үйрету

Толық нұсқасын жүктеу.