Мәтіндік құжат

Информатика (5-сынып): Microsoft Word экраны

Сабақтың тақырыбы

Microsoft Word экраны

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: MS Word мәтіндік редакторы, оны іске қосу және негізгі элементтерімен жұмыс істеу жолдарын түсіндіру.
  • Дамытушылық: Word бағдарламасын ашу, құралдар панельдерін пайдалану және негізгі элементтермен дұрыс жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
  • Тәрбиелік: Компьютермен жұмыс істеу кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауға және сыныпта тәртіпті болуға тәрбиелеу.

Сабақтың форматы

Түрі
Дәстүрлі
Типі
Аралас
Әдісі
Баяндау, көрсету, түсіндіру

Көрнекілік және техникалық жабдықталу

Көрнекілігі

Оқулық, компьютер, Microsoft Word бағдарламасы

Техникалық жабдықталу

ДК

Сабақтың барысы

  1. I Ұйымдастыру кезеңі
  2. II Үй тапсырмасын тексеру (тест)
  3. III Жаңа сабақты түсіндіру
  4. IV Жаңа сабақты бекіту

Тест тапсырмалары

Төмендегі сұрақтар өткен материалды қайталауға көмектеседі. Әр сұраққа бір дұрыс жауап таңдаңыз.

Жауап кілті

1 — A, 2 — C, 3 — A, 4 — D, 5 — C, 6 — A, 7 — B, 8 — C, 9 — D

1. Компьютерлік алфавит символдарының кез келген тізбегі қалай аталады?

  • A. Мәтін
  • B. Жазу
  • C. Жол

2. Мәтіндік редакторда жасалған, ішінде әріптік, сандық, символдық деректермен қатар графикалық объектілер және пішімдеу туралы басқарушы ақпарат бар файл қалай аталады?

  • A. Мәтін
  • B. Мәтіндік процессор
  • C. Мәтіндік құжат

3. Магниттік дискіде мәтіндік құжат құруға, өңдеуге, пішімін өзгертуге, басып шығаруға т.б. қолданылатын қолданбалы бағдарлама:

  • A. Мәтіндік редактор
  • B. Мәтіндік құжат
  • C. Мәтіндік процессор

4. Мәтіндік құжаттардың қандай түрлерін білесің?

  • A. Кәдімгі
  • B. Кестелік
  • C. Бағдарламалық
  • D. Барлығы

5. Басқа мәтіндермен, графикалық, бейнелік, дыбыстық ақпаратпен мағыналық байланысы бар мәтін қалай аталады?

  • A. Кәдімгі мәтін
  • B. Кестелік мәтін
  • C. Гипермәтін

6. Сөз неден құралады?

  • A. Символдардан
  • B. Сөйлемнен
  • C. Жазудан

7. Абзацқа көшу үшін қай пернені басамыз?

  • A. Shift
  • B. Tab
  • C. Ctrl

8. Жол мен бағанның қиылысуы нәтижесінде пайда болатын объект қалай аталады?

  • A. Баған
  • B. Кесте
  • C. Ұяшық

9. Кәдімгі мәтін қандай объектілерден тұрады?

  • A. Символ
  • B. Сөз
  • C. Жол, абзац, бет
  • D. Аталғандардың барлығы

Microsoft Word дегеніміз не және оны қалай іске қосамыз?

Іске қосу жолы

Microsoft Word бағдарламасын іске қосу үшін келесі қадамдарды орындаңыз:

Пуск Бағдарламалар Microsoft Word

Қосымшаны ашқаннан кейін стандартты терезе пайда болады, сол жерде құжат мәтінін бірден теруге болады.

Терезенің негізгі элементтері

  • Тақырып жолағы: құжат атауы және бағдарламаның атауы көрсетіледі.
  • Мәзір жолағы: командалар мен бөлімдерге қол жеткізу.
  • Аспаптар панелі: жиі қолданылатын командаларды батырмалар арқылы жылдам шақыру.
  • Пішімдеу панелі: мәтінді пішімдеу командаларына арналған батырмалар.
  • Сызғыш: өрістерді, шегіністерді және туралауды баптау.
  • Жұмыс аймағы: мәтін енгізілетін құжат беті.

Аспаптар панеліндегі батырмалар қалай танылады?

Кез келген батырманың қызметін білу үшін тышқан көрсеткішін батырманың үстіне апарыңыз. Біраз уақыттан кейін қысқаша атауы бар шағын қалқымалы жазу (кеңес) пайда болады. Батырманың атауы оның орындайтын қызметін білдіреді.

Меңзерлер: кірістіру нүктесі және I-меңзер

  • Кірістіру нүктесі: жыпылықтайтын тік сызықша; жаңа символдың қай жерде пайда болатынын көрсетеді.
  • I-меңзер: жұмыс аймағында тінтуір көрсеткіші латынның I әрпі түріне ауысады, ал беттен тыс жерде стандартты жебе түрінде қалады.

Жаңа сабақты бекіту

1-тапсырма

MS Word терезесін ашып, «Стандартты» және «Пішімдеу» құралдар панеліндегі әр пиктограмманың қасына оның міндетін жазыңыз.

«Стандартты» панель (мысал командалар)

  • Құру
  • Ашу
  • Сақтау
  • Басу
  • Алдын ала қарау
  • Болдырмау
  • Қайталау
  • Кестелер және шекаралар
  • Кесте қосу
  • Excel кестесін қосу