Қайырың біреуге еткен болып терек, Көрерсің рақатын көлеңкелеп

Ахмет Байтұрсынов

Біреудің есегі мен бар еді Аты,
Апарар бір қалаға болды заты.
Аты мен есегіне артып алып,
Аяңдап жолға түсіп келе жатты.

Жүк ауыр, есек сасып, алақтады,
Иесі демалуға қаратпады.
Әл кетіп, жығыларға таяғанда,
Жалынып атқа есек сөз айтады:

Ат достым, жүгім ауыр, халім бітті,
Емеспін жүре алатын енді тіпті.
Зорығып, жолда өліп қалатынмын,
Алмасаң ауыстырып біраз жүкті

Ат оған ешбір жауап қайтармайды,
Ауырлап жүгін, есек қайқаңдайды.
Ентігіп, ішін соғып, дымы құрып,
Жүруге онан әрі жайы қалмайды.

Жығылды есек байғұс дымы құрып,
Тұрмады айдаса да иесі ұрып.
Сойды да, жүгін, терісін атқа салып,
Қалаға келе жатты тағы жүріп.

Қараңдар, шара бар ма мына сорға,
Аяғын ат келеді басып зорға.
Қысымды есек көрген бұ да көріп,
Болдырып, былғақтайды оңды - солға.

Өкініп өткен іске ат келеді:
"Мен қате еткен екем... Аһ! - деді.-
Есектен аз жүк алып, қарасқанда,
Қиындық мұндай маған болар ма еді?"

Бұл сөзден қандай ғибрат алмақ керек?
Мысалы, еткен қайыр бір бәйтерек.
Қайырың біреуге еткен болып терек,
Көрерсің рақатын көлеңкелеп.

Қайырдың ең абзалы бұл дүниеде
- Біреуге қысылғанда жәрдем бермек.
Кейбіреу зор бейнетке тап болады,
Кей уақыт аз бейнеттен қашамын деп.
Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдері, өмірбаяны



Ұқсас жұмыстар

Ахмет байтұрсынұлы- білікті психолог
Ахмет Байтұрсынов мысалдарының тәрбиелік мәні
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ӘДЕБИ ӘЛЕМІ
Бата, тілек, алғысқа байланысты айтылатын фраземалар және олардың мағыналық – тұлғалық ерекшеліктері
Орман мелиоративтік жүйесінің қоршаған ортаға пайдасы
Жанат Әскербекқызы поэзиясындағы Көк концепциясы
Жанұя
Уақыттан бас тарту
Ғұламаны қазаққа танытқан тұлғалар жайында
Сан қилы тарихи оқиғалардың сәулесін бойына сіңірген - жыраулық поэзия
Қазақстан Республикасының БҰҰ –ға мүше болып қабылдануы
Мақсатына жеткен жан
Ертеде бір кедей болыпты, оның төрт баласы болыпты
Айнагүл апай мектепте ұстаз болып, Игерген мұғалімнің мамандығын
Ертеде бір байдың Еснияз деген баласы болыпты
Баяғыда бір қу жігіт болыпты
Ерте, ерте, ертеде, ел әлденеше хандыққа бөлінген заманда, жаз жайлауда өзен жағасына малын қатар жусататын екі қойшы болыпты
Ертеде Ақ ниет пен Қара ниет жолдас болыпты
Шал ақынның мұралары бізге толық жетпеген, жеткендерінің өзі бір жарым мың жол ғана
Бір күні арыстан, қасқыр және түлкі - үшеуі серік болып, аңға шығыпты