Ақшаны табудан

Сайыс тақырыбы: «Экономика көшбасшысы»

Бұл сайыс-сабақ оқушылардың экономикалық сауаттылығын арттыруға, ізденімпаздық пен білімпаздыққа баулуға, өз ойын ашық әрі дәл жеткізе алатын тұлға қалыптастыруға бағытталған. Сонымен қатар оқушыларды елін, жерін, ұлттық дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеп, болашаққа жауапкершілікпен қарайтын, тәрбиелі әрі білімді болып өсуіне ықпал етеді.

Ұйымдастыру деректері

  • Көрнекілігі: интерактивті тақта.
  • Түрі: сайыс.
  • Әдісі: сұрақ–жауап.
  • Пәнаралық байланыс: саясаттану, әлеуметтану, Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті, информатика, астрономия.
І топ
Экономистер
ІІ топ
Теңгелер
Ұйымдастыру кезеңі
  • Оқушылармен амандасу.
  • Мақсатты хабарлау, назарды сабаққа аудару, экономикалық білімге қызығушылықты арттыру.
  • Топқа бөлу, оқушыларды жеке орналастыру, топ көшбасшыларын сайлау.
  • Эксперттер тобын құру (бағалау үшін).

Сайыс жоспары

  1. 1
    «Өнер — білім бар жұрттар»

    Мақал-мәтелдер жарысы.

  2. 2
    «Білім аукционы»

    Әр топқа түрлі оқу пәндері бойынша сұрақ қойылады. Дұрыс жауап арқылы топ өз «ақша қорын» жинақтайды.

  3. 3
    «Эрудиттер сайысы»

    Оқушылар сұрақтарға жылдам жауап беруі керек. Уақытты тиімді пайдаланып, дәл жауап берген топ жеңіске жетеді.

  4. 4
    «Ұлы экономистерді танисыз ба?»

    Әр топ берілген тұлғаны дұрыс табуы тиіс.

  5. 5
    «Отандық брендті бірге жасайық»

    Оқушылар таңдаған тауарын жарнамалайды. Жарнама әсерлі, қызықты қимылдармен, өлеңмен немесе әнмен ұсынылуы мүмкін.

  6. 6
    «Конверттен шыққан басқатырғылар»

    Әр топқа конверт таратылады. Ішінде әртүрлі мемлекеттердің атауы, астаналары және ұлттық валюталары беріледі. Оқушылар оларды дұрыс тауып, ретімен орналастырады.

Сабақ барысында орындалатын жұмыстар

Оқу әрекеттері
  • Топқа бөлу және жеке жұмыс.
  • Ой шақыру, пікір тыңдау және талқылау.
  • Слайдтар мен фото материалдар арқылы жұмыс.
  • Пысықтау және бекіту тапсырмалары.
Командалық және бағалау жұмысы
  • Топтық сұрақтар: көшбасшы мен мүшелердің бірлескен жауабы.
  • Шығармашылық жұмыстарды таныстыру.
  • Эксперттер тобының бағалауы.
  • Мұғалімнің қорытынды сөзі.

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Қоршаған ортаға зер сала қарасақ, өмір өте күрделі: онда болып жатқан өзгерістер өзара тығыз байланысты. Осы құбылыстарды жан-жақты зерттеумен көптеген ғылымдар айналысады, солардың ішінде экономиканың орны ерекше.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев «Әуелі экономика, содан кейін саясат» қағидасын ұстанып, еліміздің нақты мүмкіндіктерін ескере отырып, демократияландыру бағытын алға жылжытты. Бұл ұстаным өз тиімділігін көрсетті.

Осы орайда ағылшынның «темір ханымы» атанған М. Тэтчердің: «Мен тиісті жағдайы әрі тәжірибесі жоқ қандай да бір елде, мейлі ол азиялық немесе азиялық емес ел болсын, ешбір проблемаға ұрынбай бір деммен демократияны енгізу мүмкін дегенге сенбеймін» деген ойы да орынды. Себебі еліміз бұл кезеңнен толық әрі абыройлы өтіп, нарықтық экономикаға жол ашты.

Сондықтан бүгінгі сабағымыздың өзегі — экономиканың өміріміздегі орны.

Сайысты бастау

Жарысымызды жүргізу үшін екі топтан жетекшілер сайланады. Топтарға сәттілік тілейміз.

Таза мінсіз, асыл тас,
Су түбінде жатады.
Таза мінсіз, асыл сөз,
Ой түбінде жатады.
Су түбінде жатқан тас,
Жел толқытса шығады.
Ой түбінде жатқан сөз,
Шер толқытса шығады.

— Асан Қайғы

І тур: Мақал-мәтелдердің жалғасын табу

Алғашқы бөлімде мақал-мәтелдердің жалғасын табасыздар.

Дұрыс жауап: 10 ұпай
  • Жеті рет өлшеп, … бір рет кес.
  • Есептей білгеннің … есесі кетпейді.
  • Судың да … сұрауы бар.
  • Теңге … тиыннан құралады.
  • Ақыл азбайды, … білім тозбайды.
  • Ақшаны табудан … шашу оңай.
  • Ақшаны … ақша жасайды.
  • Ақша кетуге тырысады, есеп … ұстауға тырысады.