Табиғатқа саяхат. Оқушыларды бір - біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу
1-сыныпқа арналған сабақ жоспары
Табиғатқа саяхат. «Ө» дыбысы мен әрпі
Бұл сабақта оқушылар табиғат туралы ой бөлісіп, тыңдалған материал бойынша пікір айтуға, берілген тақырыпқа шағын әңгіме құрауға және сөздерді орфоэпиялық нормаға сай дұрыс айтуға үйренеді.
Оқу мақсаттары
- 1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту.
- 1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту.
- 1.9 Сөздер мен дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сай дұрыс айту.
Сабақ мақсаттары
- Барлығы: жаңа білімді меңгереді.
- Көбі: тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
- Кейбірі: алған білімін өмірде қолдана алады.
Жетістік критерийлері
Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу арқылы мәселені түсінгенін көрсете алады.
Құндылықтар
Оқушыларды бір-біріне құрмет көрсетуге тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс
Өнер, ана тілі.
АКТ дағдылары
Аудиожазба, таныстырылым (презентация).
Тілдік құзыреттілік
«Табиғатқа саяхат» тақырыбы аясында «Ө» дыбысы мен әрпін дұрыс айту және сөз ішінде ажырату.
Сабақ барысы
Сабақтың басы: ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
5 минут
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
Көзді салып қараңыз,
Былай қанат қағамыз.
Б. Бөрібаев
Мұғалім: «Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезінейік. Бұл — қандай тамаша сәт, қандай қуаныш!»
Сабақтың ортасы: тыңдалым
8 минут
№1 Тыңдалым. «Мерей, табиғат деген не?»
Сұрақтың жауабын төмендегі суреттерден табуға болады. Табиғатқа тағы нелер жатады? Іздеуді ұйымдастыр.
Сергіту сәті
1 минут
Тереңдет ойыңды,
Тік ұста бойыңды.
Құстарға ұқсайық,
Қалықтап ұшайық.
Шық алға оң қанат,
Шық алға сол қанат,
Шаршаған кездерде
Қонайық жорғалап.
Б. Бөрібаев
Қызықты тапсырма
8 минут
«Ө» дыбысы бар сөздерді тауып, дұрыс әрі анық айтып көріңдер. Сөздерді буынға бөліп оқыңдар және «ө» дыбысының сөздегі орнын анықтаңдар.
Сабақтың аяқталуы: оқылым
16 минут
№2 Оқылым. Төмендегі сөздерді дұрыс дыбыстап оқыңдар:
Сабақты қорытындылау: табиғат туралы не білдік? «Ө» дыбысы бар қандай сөздер естеріңде қалды?
Тақырып: «Табиғатқа саяхат. Ө дыбысы мен әрпі».