Фосфор (слайд)Сабақты ұйымдастыру Көңіл күйің қандай
Сабақтың тақырыбы: Фосфор
Бұл сабақта оқушылардың ынтымақтастығын күшейту, көңіл күйін көтеру және жаңа тақырыпты бірлескен жұмыс арқылы меңгерту көзделеді.
Сабақты ұйымдастыру: психологиялық тренинг
«Көңіл күйің қандай?» тренингі арқылы әр оқушы өз көңіл күйіне сәйкес қиықшаларды таңдайды. Қиықшалардан берілген фигураларды құрастыру арқылы оқушылар топтарға бөлінеді.
І топ
«Күншуақ»
ІІ топ
«Ақша бұлт»
Үй тапсырмасын тексеру: «Таудың ұшар басына шығу» ойыны
Үй тапсырмасы ойын формасында сұралады. Мақсаты — топ мүшелерінің бірлесіп сұрақтарға жауап беруі арқылы жеңіске жетуі. Жеңген топ таудың шыңындағы туды алады.
Ойынның өту барысы
- Екі топ оқушылары үйден дайындап әкелген сұрақтарын бір-бірімен алмастырады.
- Плакатта бейнеленген таудағы шаршыларға жауап берген сайын стикер жапсырып отырады.
- Жеңіске жеткен топ шыңда ілінген туды алып, сабақтың келесі кезеңіне өтеді.
Мұғалім қорытындылап, барлығына сәттілік тілейді: білімнің арқасында кез келген қиындықты жеңуге болатынын айтып, алдағы сабақтарда биіктерден көрінулеріне тілек білдіреді.
Жаңа тақырыпты ашу: сөзжұмбақ
Оқушылардың қызығушылығын арттыру және жаңа тақырыпқа бағыттау мақсатында интерактивті тақтада сөзжұмбақ ұсынылады.
Мәтінмен жұмыс тапсырмалары
- 1 Атом құрылысы
- 2 Периодтық жүйедегі орны
- 3 Табиғатта кездесуі
- 4 Алынуы
- 5 Қасиеттері
- 6 Қолданылуы