Top іздеген құшып жолын Мұсаның, Құшқаным рас Top деп қала құшағын

Мағжан Жұмабаев

Сәлем сөзім алыстағы еліме,
Алыстағы ақ селеулі беліме.
Айдан да айқын сендерді іздеп қайтуым
Күнім бітіп, кіргенімше көріме.
Қар қаланың тастап қызыл - жасылын,
Сардаланың аңсап жусан, сасырын,
Қайтуым хақ бір күн қоңыр іңірде
Қар қаладан қашып шығып жасырын.
Top іздеген құшып жолын Мұсаның,
Құшқаным рас Top деп қала құшағын.
Енді қайту құр бос айту емес қой,
Құшағында көрдім қанды бейшағым.
Түкпір еді тұрған ұзақ үй қылып,
Көп кітапты көп тезектей үйдіріп,
Бір шетінен лауылдатып от қойып,
Кетермін - ау бәрін күл ғып күйдіріп.
Кітап күл боп, өлер оттың жалыны...
Көкті басар қара бұлттың қалыңы...
Тап сол сағат құлағыма келмей ме
Қоңыр жел мен сары белдің зар үні.
Зар үн қоймас жанға бойлап жүгірмей,
Сол іңірде ақырын сөнген өмірдей.
Арқамды аңсап, қар қаладан шығармын,
Қоңыр жырмен сонау қоңыр іңірдей.
Мен қайтармын болмақ үшін елмен ел,
Ел бел асса, аспақ үшін бірге бел -
Аз ғана елдің өмірі құрғыр қалтылдақ,
Ел шер тартса, тартпақ үшін бірге шер.
Қайтуым хақ, белді будым тас қылып,
Кет! деме, елім, енді мені басқа ұрып.
Дейтін болсаң: Қой жырыңды, жырауым
Қобызымды қиратармын тасқа ұрып.
Сөзім осы алыстағы еліме,
Алыстағы ақ селеулі беліме.
Жатсың демей, өзімсің деп баурыңа ал,
Қолың беріп мендей саяқ серіңе.



Ұқсас жұмыстар

Нығмет Ғабдуллин – қазақ драматургиясын зерттеуші
С. Бақбергеновтің өзіндік қолтаңбасына, стиль ерекшеліктеріне талдау жасау, баға беру
Қaсым Аманжолов өмірі мен шығармашылығы
Қазіргі қазақ поэзиясындағы формалық ізденістер
Хз. Мұсаның ата тегі
Мағжан Жұмабаев шығармалары
Фариза Оңғарсынованың лирикасы
Төрт көзі түгел - бәрі көз алдында тұтас
Абай өлеңдерінің ерекшелігі
Қақақ прозасындағы сал-серілер образы
ҚАРАШАҰЛЫ БӘЙДІБЕК
Адамдар арасындағы қарым-қатынас және іс-әрекет психологиясы
Агробизнес және агроөнеркәсіп интеграциясының арасындағы байланыс
Жастар арасындағы жұмыссыздықтың алдын алу шаралары.
Ақтөбе қаласы бойынша салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдаудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
АЛТЫНАЙҰЛЫ ҚАРАСАЙ
Социум және әлеуметтік қатынастарды әлеуметтік жұмыс өрісінің объектісі ретінде қарастыру
Адамдар арасындағы қарым-қатынастар
Мұнаймен ластанған топырақтан бөлініп алынған микроорганизмдердің микробтық құрамын зерттеу
Оңтүстік Қазақстан облысы топонимиясының физикалық-географиялық астарлары