Жеңісім менің жарқ етсе, Келеді дос боп ант беріп

Қасым Аманжолов өлеңі
ОҢАША ОЙ
Біреуге достық жасасам,
Қастық боп қайтады өзіме.
Жүрегімді ұқпай етед шам,
Еркіндеу айтқан сөзіме.
Дүниеде досты көп көрдім,
Бәріне сендім бөбекше,
Жанымнан алып от бердім,
Болса да бір өлексе.
Тіледім оған жақсылық,
Өзімде жетпей жатса да.
Құшақтай бердім қапсырып,
Итеріп көзбен атса да.
Ұғынар дедім достықты,
Болған соң адам баласы.
Осы бір ойым бос шықты.
Жанымда қалды жарасы.
Жеңісім менің жарқ етсе,
Келеді дос боп ант беріп.
Бір жерімнен қалт кетсе
Кетеді шіркін жалт беріп.
Базарым менің ашылса,
Келеді екен саудагер.
Өз пайдасы табылса,
Мұратынан күліп жөнелер.
Дариға, қайда шын досым,
Бар ма, сірә, өмірде.
Өлеңнен басқа кім болсын,
Қалдырмас кіршік көңілде.
8 қаңтар, 1949ж.
Қасым Аманжоловтың өлеңдерін қарау



Ұқсас жұмыстар

Бекзат Саттарханов
Тәнеке батырдың балалық шағы
Педагогикалық қатынастағы ықпал етудің негізгі тәсілдері» бойынша терминологиялық сөздік және жеке практикалық тапсырма
Шалкиіз Тіленшіұлы
Қазақ балалар поэзиясының көрнекті өкілі Т.Молдағалиев шығармашылығын зерттеу
VI-XII Көшпенділер мәдениеті
Бастауыш сыныптағы оқушының психикалық дамуының ерекшеліктері жайлы
Ғабит мүсірепов қазақ солдаты роман
Тахауи Ахтановтың драмалық шығармаларына ғылыми талдау
Жарасқан Әбдірашевтің ақындық мұрасы
СЕЙІТҚҰЛҰЛЫ ЖАЛАҢТӨС БАҺАДҮР
НАЙМАНТАЙҰЛЫ БАЙҒОЗЫ
XIXғ. аяғ – XXғ. бас. Францияда ІІІ республиканың саяси-әлеуметтік және экономикалық дамуы
ДОСМҰХАМЕДҰЛЫ ХАЛЕЛ
Қосарлама сөздердің семантикалық сипаты
АТЛАНТ МҮХИТЫ
Менің Отаным – Қазақстан
ҚАНТТЫ ДИАБЕТ КЕЗІНДЕГІ ТАМАҚТАНУ
Білімді жастар жарқын болашағымыздың кепілі
Кванттық теорияның шығуы туралы