Ақыл көркі көңіл, тілдің көркі сөз

Үш тұғырлы тіл: танымдық сағат

Тіл — халықтың жаны, рухани сәні. Адамды мұратқа жеткізетін де — ана тілі мен ата дәстүрі. Сондықтан тілге қандай құрмет көрсетсек те лайық. Тіл мерекесі, тіл салтанаты, тіл қуанышы құтты болсын!

Мақсаты

  • Жас оқырмандардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру; тілді құрметтеу арқылы өзін құрметтеуге тәрбиелеу; тілдің ертеңіміз, тіршілігіміз, өміріміз екенін ұғындыру.
  • Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Үш тұғырлы тіл» саясатын насихаттау.

Негізгі идея

Қазақстан бүкіл әлемде халқы үшін үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуы тиіс: қазақ тілі — мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі, ағылшын тілі — жаһандық экономикаға кірігу тілі.

Тек қазақ жұрты ғана емес, барша қазақстандықтар осы үш тілді өзара ұштастырып, өз орнымен қолдана білуі қажет. 2008 жыл — «Тілдер жылы» деп жариялануына орай, бүгін тіл туралы ой бөлісіп, білімімізді сынаймыз.

Қанатты сөздер

«Ана тілі жоқ жерде ұлт жоқ»

Ш. Айтматов

«Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту — бүкіл ата-бабамызды ұмыту»

Б. Момышұлы

«Тіл — ұлттың жан дүниесі»

Л. Толстой

Қош келдіңіздер!

Құрметті оқушылар мен ұстаздар, мектеп кітапханасына қош келдіңіздер! Қоғамның қарқынды дамуына байланысты соңғы жылдары шет тілдеріне қызығушылық артып келеді. Бұған әлемді аралау, түрлі елдер мен мәдениеттер өкілдерімен тіл табысып, білім көкжиегін кеңейту талпынысы әсер етеді.

Good morning, teachers and students! Welcome to our game. We are happy to have you here. As society develops, interest in foreign languages continues to grow. One major reason is the desire to travel, communicate with people from different countries, and enrich one’s knowledge. Today, English is one of the most popular languages studied at school.

Ойын бөлімдері

Төмендегі бөлімдер арқылы үш тілдегі білімімізді, логикамызды және сөздік қорымызды тексереміз.

1-бөлім. «Аламан бәйге» (сұрақ-жауап)

  1. 1. «Қазақ хрестоматиясының» авторы — Ы. Алтынсарин.
  2. 2. Autumn қай мезгіл? — Күз.
  3. 3. «Путь Абая» роман-эпопеясының авторы — М. Әуезов.
  4. 4. «Екінші» сөзі ағылшынша — second.
  5. 5. «Кому? Чему?» — қай септіктің сұрақтары? — Дательный.
  6. 6. «Қозы Көрпеш — Баян сұлу» қандай жыр? — Лиро-эпостық.
  7. 7. «Бородино» өлеңінің авторы — М. Ю. Лермонтов.
  8. 8. А. Құнанбаев кімнің мысалдарын аударған? — Крылов.
  9. 9. «Евгений Онегин» поэмасының авторы — А. С. Пушкин.
  10. 10. Қазақ тілінде неше септік бар? — Жеті.

2-бөлім. «Жеті жұрттың тілін біл» (үш тілде аудар)

Мақал-мәтел ішіндегі берілген сөзді қазақша, орысша, ағылшынша айтыңыз.

1. «Тіл тәтті, бауыр қатты.»

тіл — язык — language

2. «Егер тілім ертең болса құрымақ, мен дайынмын өлуге бүгін-ақ.»

ертең — завтра — tomorrow

3. «Ақылдың көркі — тіл, тілдің көркі — сөз.»

сөз — слова — word

4. «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе.»

оқы — читай — read

5. «Ана тілің — арың бұл, ұятың болып тұр бетте.»

бет — лицо — face

6. «Алтын күн — баға жетпес бір белгі боп, нұрлы жұлдыз — бабам тілі, сен қалдың.»

күн — солнце — day

7. «Туған тіліне жаны ашымаған адам — жәндік.»

адам — человек — person

8. «Ана тілін білмеген — ақылы жоқ желікбас; ана тілін сүймеген — халқын сүйіп жарытпас.»

халық — народ — people

9. «Шебердің қолы — ортақ, шешеннің сөзі — ортақ.»

қол — рука — hand

10. «Ақыл көркі — көңіл, тілдің көркі — сөз.»

ақыл — ум — mind

3-бөлім. «Мақал — сөздің көркі» (мақалдың баламасын тап)

Орысша Ағылшынша
В гостях хорошо, а дома лучше. East or West, home is best.
Отсутствие новостей — хорошая новость. No news is good news.
Не всё золото, что блестит. All that glitters is not gold.
Плохая молва летит на крыльях. Bad news travels fast.
Друзья познаются в беде. A friend in need is a friend indeed.
Лучше поздно, чем никогда. Better late than never.

4-бөлім. «Моё мнение — менің пікірім»

Қатысушылар «Үш тұғырлы тілдің» маңызы туралы қысқа пікір білдіреді: ана тілін қадірлеу, өзге тілдерді меңгерудің мүмкіндіктері, көптілділік мәдениеті.

5-бөлім. «Сөз құрастыр»

Тапсырма: SPORTSMEN сөзінен мүмкіндігінше көп сөз құрастыру.

port sport men or ten nose pot past most on no not pen top rest

6-бөлім. Қорытынды

Тіл — халықтың байлығы, баға жетпес қазынасы. Оны таза ұстап, қастерлеп, құрметтеу — әрқайсымыздың парызымыз. Мемлекеттік тілді жоғары деңгейде меңгерейік. Ана тілімізді қадірлей отырып, өзге тілдерді үйренуге ұмтылу — уақыт талабы.

Бүгінгі мақсат — бір-бірімізді түсінуге көмектесетін көпірді нығайту: тілді білу — білімді кеңейту, тілді құрметтеу — ұлттық рухты сақтау, тілді дамыту — болашақты бекемдеу.