Сөз құрамы

10-сынып. Терминдер және сөз мәдениеті

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: оқушылардың алған білімін толықтыру, терминдер мен сөз мәдениеті туралы түсінік беру.
  • Дамытушылық: тіл байлығын, сөздік қорын дамыту.
  • Тәрбиелік: өз ойын еркін әрі мәдениетті түрде жеткізуге баулу.

Әдіс-тәсілдер

Сабақтың әдісі: түсіндіру, СКТ.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Көрнекілігі: интерактивті тақта.

Сабақтың құрылымы

  1. 1 Ұйымдастыру кезеңі
  2. 2 Үй тапсырмасын сұрау
  3. 3 Жаңа сабақ

Үй тапсырмасын пысықтау

Басқа тілден енген атаулар мен неологизмдерге қысқаша шолу жасалады.

Жаңа сабақ: термин және оның ерекшелігі

Термин — белгілі бір ғылым, техника, спорт және өзге де салаларға қатысты қолданылатын сөздер. Көп жағдайда термин бір ғана тура мағынада жұмсалады.

1) Тұйық етістіктен жасалған терминдер

Етістіктің тұйық етістік арқылы жасалған терминдері көптеген салада кең қолданылады.

Тіл білімінде

септеу, зат есім, жалғау, т.б.

Заң ғылымында

айыптау, беттестіру, тұтқындау, тінту.

Географияда

бұрғылау, шаймалау, сүйірлену, ісіну, т.б.

Экономикада

арзандату, несие беру, перделеу, т.б.

Әдебиеттануда

шендестіру, әсірелеу, толғау, суреттеу, т.б.

2) Сын есімдердің терминологиядағы орны

Терминологияда сын есімдер де маңызды қызмет атқарады.

жай сөйлем жұқпалы ауру қалыпты қысым отты қару

3) Көнерген сөздер және баламалар

Кейбір терминдердің қатарында көнерген немесе аударма баламалар жиі кездеседі.

Протокол
хаттама
Квота
үлес
Календарь
күнтізбе
Квитанция
түбіртек
Устав
жарғы
Подписка
жазылыс

4) Қоғамдық-саяси терминдер

Адаптация
бейімдеу
Адрес
мекенжай
Анкета
сауалнама
Образ
бейне

Оқулықпен жұмыс

42-жаттығу

Есімдіктерді төмендегі өлшемдер бойынша қарастыру ұсынылады:

  • Сөз құрамы
  • Тұлғасына қарай
  • Құрылысына қарай
  • Лексикалық және грамматикалық мағынасы
  • Сұрағы
  • Мағынасына қарай

Мысалдар (болымсыздық, т.б.)

әлдекім, кім, сен, ол, бәрі, күллі, өзі, әлденеше, жалпы, барлық, т.б.

43–44-жаттығу

Тапсырмалар ауызша орындалады.

45-жаттығу

Есімдіктерді тауып, сөз құрамына және лексика-грамматикалық мағынасына қарай талдау жасаңдар.

Үлгі: «Осы»

Тұлғасына қарай

негізгі

Құрылысына қарай

дара

Лексикалық мағынасы

бір лексикалық мағынасы бар

Грамматикалық мағынасы

бір грамматикалық мағынасы бар

Мағынасына қарай

сілтеу есімдігі

Жаңа сабақты тест арқылы қорытындылау

  1. 1) «Мен» сөзінің қайсысы жіктеу есімдігі?

    • а)Оның сөзіне мен түсіне алмадым.
    • ә)Абзал мен Ардақ — сыныптағы озат оқушылар.
    • б)Екі мен екіні қоссаң, төрт болады.
    • г)Көмекшісімен екеуі бірге келді.
  2. 2) «Кей» есімдігі қай сөзбен тіркескенде бірге жазылады?

    • а)Біреу
    • ә)Жағдай
    • б)Уақыт
    • г)Кітап
  3. 3) Сөйлемдегі есімдік қандай қызмет атқарады? «Тапсырмаңызды әлдеқашан орындағанмын.»

    • а)Анықтауыш
    • ә)Толықтауыш
    • б)Пысықтауыш
    • г)Баяндауыш
  4. 4) Қайсысының жазылуы дұрыс?

    • а)Ешқашан
    • ә)Еш бір
    • б)Еш кім
    • г)Еш қайдан
  5. 5) Мына сөйлемге лайықты есімдік қайсысы? «..... ауыл жиналысқа келді.»

    • а)Ешбір
    • ә)Бүкіл
    • б)Қай
    • г)Міне
  6. 6) Ауызша сөйлеу тілінің де, жазба тілдің де дамуына ортақ негізді көрсетіңдер.

    • а)Ғылыми терминдер
    • ә)Жалпыхалықтық тіл
    • б)Афоризмдер
    • в)Диалектілер
    • г)Ұлтаралық тіл
  7. 7) Тілдің материалдық жағына не жатады?

    • а)Тілдің сөз байлығы
    • ә)Басқа тілден енген сөздер
    • б)Этнолингвистикалық атаулар
    • в)Архаизмдер
    • г)Тіл дыбыстарының, сөздердің, грамматикалық формалардың жиынтығы

Үй тапсырмасы

  • Ережелерді еске түсіріп, жаттау.
  • Термин сөздерге бірнеше мысал жазу.

Бағалау

Оқушылардың жұмысы сабақ барысындағы белсенділігі, тапсырмаларды орындау сапасы және тест нәтижесі бойынша бағаланады.