Оқушылардың шығармашылық жұмысы
Сабақтың тақырыбы
«Менің атым Қожа»
Сабақтың түрі
Шығармашылық сабақ
Сабақтың типі
Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың формасы
Топтық жұмыс
Әдістер
Ой қозғау, талдау, іздену, шығармашылық жұмыс
Сабақтың мақсаты мен міндеттері
Сабақтың мақсаты
Оқушыларды сыни тұрғыда ойланта отырып, Қожа бейнесін ашу.
1) Білімділік
- Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» шығармасымен таныстыру.
- Түсініп оқу арқылы әңгімедегі түйінді ойды ашуға жағдай жасау.
- Кейіпкерге мінездеме беріп, салыстыру арқылы образды ашуға үйрету және алған білімді қолдана білуге дағдыландыру.
2) Дамытушылық
- Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу.
- Әр баланың сезімін еркін жеткізуіне мүмкіндік бере отырып, түрлі жағдаяттарды шешу арқылы шығармашылық қабілетін арттыру.
3) Тәрбиелік
- Қожа бейнесі арқылы адамгершілікке, мәдениеттілікке, әдебиетті сүюге және үлгі-өнеге алуға тәрбиелеу.
- Жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға бағыттау.
- Өзінің және өзгенің бойындағы жағымды-жайсыз қырларды ажырата білуге, ұстаз еңбегін бағалауға, айналасындағылармен жақсы қарым-қатынас орнатуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер мен ресурстар
- Б. Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» кітабы
- Бейнетаспа (фильмнен үзінді)
- Слайд материалдары
- Ассоциативті карта
- Таратпа материалдар
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
- Психологиялық дайындық.
- Түстер бойынша топқа бөлу.
- Топ басшысы мен бағалаушыны сайлау.
1-топ
Қызыл түс
2-топ
Көк түс
3-топ
Сары түс
Жаңа сабақ: қызығушылықты ояту
Адамның өмір кезеңдері: балалық шақ, жастық шақ, кәрілік шақ. Балалық шақ — адам өміріндегі қандай кезең? Оқушылар пікірі тыңдалады (слайд).
Кіріспе: автор және бөлім
Бүгінгі сабақта «Балалық шаққа саяхат» атты жаңа бөлім аясында балалар әдебиетінің көрнекті өкілі, балаларға арнап шығармалар жазған Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» шығармасымен танысасыңдар (слайд).
Бердібек Соқпақбаев (1924) — Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қостөбе ауылында дүниеге келген.
Сабақта шығарманың 17-тарауымен танысамыз. Автор бұл тарауды: «Жан сезім құбылысы — әр оқушының басында кездесуі ықтимал бір сәт» деп сипаттайды.
Зерттеу-ізденушілік
Оқушыларға «Менің атым Қожа» туралы мәлімет жинап келу тапсырылған. Жиналған ақпарат тыңдалады.
Ой толғаныс: мәтінмен жұмыс және СТО
Шығарма көлемді болғандықтан, мәтін үйден оқылып келеді. Әр топқа тапсырма беріледі (СТО стратегиялары). Бөлім «Қожаны әжесінің оятуы» тұсынан басталады (фильмнен үзінді).
Джигсо — 1-топ
Оқиғалар тізбегін құрастыру.
Джигсо — 2-топ
2-жоспар бойынша әңгімелеу.
Джигсо — 3-топ
3-жоспар бойынша әңгімелеу.
Топтық жұмыс
Мақсаты — тақырыпты талдай отырып, жаңа сабақты меңгерту.
1-топ
Қожа туралы мәлімет.
2-топ
Тақырыпты сатылай кешенді талдау.
3-топ
Тақырып бойынша сахналау.
Оқулықпен жұмыс
1-топ
Қожаның сабаққа дайындалмай келгеніне қатты өкінгенін неден байқауға болады?
2-топ
Әңгімеден Қожаның ішкі ойын тауып оқы. Қожаның өкінгенін неден байқауға болады?
3-топ
Қожа Анфиса Михайловнаның сабақ сұрау тәсілін кіммен салыстырады?
Әр топ өз тапсырмасын қорғайды.
Сергіту сәті
«Бес жол өлең» стратегиясы
- Кім? (зат есім) — 1 сөз
- Қандай? (сын есім) — 2 сөз
- Қайтті? (етістік) — 3 сөз
- Сөйлем (кім туралы?) — 4 сөз
- Қорытынды сөз — 5 сөз
1-топ
Қожа
2-топ
Жантас
3-топ
Сұлтан
Дәптермен жұмыс
Венн диаграммасы арқылы салыстыру жұмысы орындалады.
Жеке жұмыс: сөйлем құрау
Сөздердің орын тәртібін дұрыс қойып, сөйлемнің жүйесін тап.
1) Б. Соқпақбаевтың балаларға арналған айтулы шығармаларының бірі — «Менің атым Қожа».
2) Бұл шығарма — қазақ балалар әдебиетіндегі үлкен белес.
3) Повестегі барлық оқиға Қожаның өз атынан баяндалады.
Кері байланыс
- Өздеріңнің өмірлеріңде Қожа басынан өткергендей сәттер кездесті ме?
- Егер сен Қожаның орнында болсаң, не істер едің?
Ой тастау
Қазіргі кезде Қожа сияқты балалар бар ма?
Сәйкестігін тап
Сөйлемдер
- Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін; сабақ үстінде сыбырлап-сыбырлай беретін кім?
- «Мүмкін, орныңа барып айтарсың?»
- Қожаның әдепті жолға түсуіне себепкер болған кім?
- «Төбемнен жай түскендей болды... маңдайымнан бұрқ етіп суық терім шығып кетті. Ох, шіркін-ай!»
Жауап нұсқалары
- Анфиса Михайловна
- Қожа
- Жантас
- Сұлтан
Тапсырма жұпта немесе топта талқыланып, сәйкестендіру негіздемесі айтылады.
Кейіпкерге хат
1-топ
Қожаға хат
2-топ
Жантасқа хат
3-топ
Сұлтанға хат
Қорытынды
Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа» туралы: «Шығарманы жазудағы ең басты мақсатым — жақсылыққа тәрбиелеу» дейді. Сондай-ақ: «Қожа — есер емес, есті тентек. Бір көрген адамға жаман бала, қиын бала болып көрініп, кейін мүлде өзгеріп, жақсылардың қатарына қосылып кететін балалар аз емес қой...» деп ой түйіндейді.
Тілек: өмірде әрқайсың адаспай, өз жолдарыңды тауып, дұрыс таңдау жасай білулеріңе тілектеспін.
Үй тапсырмасы
«Менің қиялымдағы Қожа қандай болу керек?» тақырыбында ой толғау жазып келу.