Бір оқушыға мәтінді аудартқызу
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
Оқушыларға құстардың табиғаттағы пайдасы туралы түсінік беру, құстардың негізгі түрлерімен таныстыру.
Дамытушылық
Құстарды аялауға, қамқор болуға баулу; туған жерді, орманды, көлді, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Тәрбиелік
Оқушылардың құстар туралы ой-өрісін кеңейту, түсінігін тереңдету және жүйелі сөйлеу дағдысын дамыту.
Сабақтың форматы
- Түрі: жаңа білімді меңгерту
- Әдіс-тәсілдері: баяндау, түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап, тапсырмалар
Құрал-жабдық және байланыс
- Көрнекілігі: мәтін, сөздік, суреттер, тапсырмалар, слайд
- Пәнаралық байланыс: орыс тілі, дүниетану, музыка
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- 1 Оқушылармен амандасу.
- 2 Кезекшінің жауабы.
- 3 Сергіту сәті.
II. Үй тапсырмасын тексеру
1) Шығармашылық тапсырма
Жан-жануарлар, аңдар туралы 5 мақал-мәтел тауып жазу.
2) Тест сұрақтары
-
1. Жануарлар нешеге бөлінеді?
-
2. Жабайы жануарлар қайда тіршілік етеді?
-
3. Үй жануарларына жатпайтынын ата:
-
4. Сиырдың пірін тап:
-
5. Аңдарды адамдар баға ма?
-
6. Аңдардың баласын кім асырайды?
-
7. «Не? Нелер?» сұрағына жауап бермейтін сөздерді атаңдар.
III. Жаңа сабақ
1) Ой қозғау (әңгімелеу сұрақтары)
- Балалар, қазір қай мезгіл?
- Көктемде қандай өзгерістер болады?
- Жерге не шығады?
- Күн жылынғанда жануарлар не істейді?
- Ал жылы жаққа қайтатындар кімдер?
Сабақ тақырыбы
«Құстар»
Құстар, құстар келеді,
Жерді шуға бөледі.
«Көктем келді!» — деп бізге
Жақсы хабар береді.
2) Сөздік жұмысы
Құстарға қатысты жаңа сөздер мен тіркестерді түсіндіру, сөздік қорды толықтыру.
3) Мәтінмен жұмыс
- Мәтінді мәнерлеп, рөлге бөліп оқу.
- Бір оқушы мәтінді аударып береді.
4) Грамматикалық тапсырма
Мәтіннен «не?» және «нелер?» сұрақтарына жауап беретін сөздерді тауып оқу.
5) Талқылау
Құстар туралы не білеміз? (Өз ойларын ортаға салу.)
6) Оқулықпен жұмыс: 2-жаттығу
1)
Ала қар… а қар… а қонды,
Қара қар… а жар… а қонды.
2)
Тор… ай, тор… ай, тор… айсың,
Жақын келіп қонбайсың.
Жем шашайын, тойып ал,
Тор… ай, сонда тоңбайсың.
3)
Төрде тұр… ан тақтадан,
Түрлі бейне тапты а… ам.
Тоқылдақ, тор… ай, тырнаны,
Терек, тауық, тырманы.
7) «Сәйкесін тап» ойыны
Экраннан құстардың суреттері көрсетіледі, дауыстары естіледі. Құстар ұшқанда қандай дыбыстар шығарады? Сәйкестендіріңіз.
8) Жұмбақтар (сұрақтарға жауап беру)
Түсі қара мақпалдай,
Төсі ақ сыр жаққандай.
Ұшса оқтай зулайды,
Көктемде жұлдыз аққандай.
Жауабы: қарлығаш
Орманда жоғары,
Ағашқа қонады.
Тұмсығын балға ғып,
«Тоқ-тоқ» соғады.
Жауабы: тоқылдақ
Өзі сақ, өзі ұсақ,
Шықылықтап тұрмайды.
Құйрығы ұзын, өзі ала,
Бұл қандай құс?
Жауабы: сауысқан
Заң жоқ еш уақытта
Біздерді атуға.
Түсім де аппақ,
Атым — ...
Жауабы: аққу
9) «Ән шырқайық қосылып»
Құстар туралы өлеңдер мен әндерді еске түсіреміз: «Бозторғай», «Ақ көгершін», «Аққулар», «Құстар қайтып барады». Барлығымыз бірге Тұманбай Молдағалиевтің сөзіне жазылған Нұрғиса Тілендиевтің «Құстар қайтып барады» әнін орындаймыз.
10) Мақал-мәтелдерді жалғастыру
- Құсқа аяз қатер емес, аштық қатер.
- Қыста құсқа жақсылық жасасаң, жазда жақсылығыңды өтеп береді.
- Құс қанатымен ұшады, құйрығымен қонады.
- Ит тамағы үшін жүгіреді, құс тамағы үшін ұшады.
- Қыран құс шашып жейді, қара құс басып жейді.
- Қарға қарғаның көзін шұқымас.
- Қыран құс қисық ұшып, түзу ілер.
11) Халық болжамдары
Халқымыз құстардың келуі мен қайтуына қарап табиғат құбылыстарын болжаған. Төменде соның бірнеше үлгісі берілген:
- Қарлығаш жоғары ұшса — күн жылы болады, төмен ұшса — жаңбыр жауады.
- Көктемде қаздар қайтқанда жоғары ұшса — су тасқыны болады.
- Жаңбыр жауарда қарғалар у-да-шу болады.
- Құс жүнін үрпитсе — жаңбыр жауады.
- Шымшық ұя салса — қыс қатты болады.
- Шағала келсе — сең бұзылады.
- Жыл құсы қаптап келсе — көктем ерте келеді.
Халқымыз құстарды қастерлеген. Сондай-ақ бүркіт сияқты қыран құстарды аң аулауға да пайдаланған.
IV. Бекіту
1) Сұрақ-жауап
-
1. Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады?
Жауабы: бүркіт.
-
2. Қандай құстарды «жыл құстары» дейміз?
Жауабы: күзде жылы жаққа ұшып кетіп, көктемде қайта келетін құстар.
-
3. Құстың негізгі мекені қалай аталады?
Жауабы: ұя.
-
4. Қай құста мүлде ұя болмайды?
Жауабы: көкек.
-
5. Құстардың жылы жаққа кетуінің себебі неде?
Талқылау арқылы қорытындылау (азықтың азаюы, ауа райының суытуы).
2) «Топтастыру» стратегиясы
«Құстар» тақырыбы бойынша негізгі ұғымдарды топтастырып, ортақ белгілерін анықтау.
V. Үй тапсырмасы
- 1 Мәтінді оқу.
- 2 Өзің ұнататын құстың суретін салып, сол құс туралы қысқаша әңгімелеу.
VI. Бағалау
Сабаққа қатысу белсенділігі, тапсырмаларды орындау сапасы және жауаптардың дәлдігі бойынша бағалау.