Деңгейлік тапсырма
Сабақтың тақырыбы
Жай бөлшектерге амалдар қолдану тарауын қайталау.
Сабақтың мақсаты
- Жай бөлшектерге амалдар қолдану тақырыбы бойынша алған білімді жүйелеу және білім деңгейін анықтау.
- Іскерлікті, өз бетімен еңбектенуді, білім дағдыларын және танымдық қабілеттерді дамыту.
- Ойлау қабілетін жетілдіру, шыдамдылыққа және өздігінен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдістері
Сұрақ-жауап, деңгейлеп-саралап оқыту.
Сабақтың түрі
«Алдар көсе» аңыз әңгімесіне саяхат.
Пәнаралық байланыс
Информатика
Қазақ әдебиеті
Сабақтың жоспары
- 1 Сұрақ-жауап
- 2 Деңгейлік тапсырмалар
- 3 Оқулықпен жұмыс
- 4 Сәйкестендіру тесті
- 5 Логикалық есептер
- 6 Семантикалық карта
- 7 Қорытындылау (жұмбақ шешу)
- 8 Жай бөлшектің шығу тарихы
Сабақтың көрнекілігі
Интерактивті тақта, слайдтар.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру бөлімі
Амандасу, сыныпты түгендеу.
2) Үй тапсырмасын тексеру
Өткен тақырып бойынша орындалған жұмыстарды тексеру, қателерді талдау.
3) Қайталау: негізгі сұрақтар
Тақырыпты жинақтауға арналған сұрақтар:
- Жай бөлшек дегеніміз не?
- Өзара кері сандар дегеніміз не?
- Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосу және азайту ережесі.
- Бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосу және азайту ережесі.
- Бөлшекті бөлшекке көбейту ережесі.
- Санның бөлігін табу және бөлігі бойынша санды табу.
- Жай бөлшектерді бөлу ережесі.
4) Деңгейлік тапсырмалар
Оқушылардың дайындық деңгейіне қарай сараланған тапсырмалар орындау.