Етістіктерді есімшеге айналдыр

Деңгейлік тапсырмалар орындау дәптері

Бұл материал оқушылардың етістік тақырыбын жүйелі меңгеруіне арналған. Тапсырмалар деңгей бойынша беріліп, теорияны практикамен байланыстыра отырып орындауға бағытталған. Жұмыс соңында жинаған балл арқылы өз нәтижелеріңді бағалайсыңдар.

Көпір тапсырмалар

1) Сөйлемдегі етістіктерді тап

Етістіктерді тауып, түбірі мен жұрнақтарын дефис арқылы ажыратыңдар.

  • Шұғалар өлеңдерін тоқтатып, арқаннан түсті.
  • Домбыра алдырып, Әбдірахман ән салды.

2) Сызба-кестені толтыр

«Етістік» тақырыбын төмендегі өлшемдер бойынша жүйелеңдер.

Бөлім Толтыру
Мағынасына қарай
Тұлғасына қарай
Құрамына қарай
Ерекше түрі

Деңгейлік тапсырмаларды орындап, балл жинаңдар.

Теориясы: Білу — 1-деңгей

1) Етістіктерді есімшеге айналдыр

Тиісті жұрнақтарды қолданып, есімше жасап жазыңдар.

Етістік Есімше (жұрнағымен)
кел
жүр
сал
ора
қи

2) Салт және сабақты етістікке мысал құрастыр

Төмендегі етістіктерді бір сөз тіркесінде салт, екінші тіркесте сабақты етіп құрап, мысал жазыңдар.

кел
Салт: ________ кел
Сабақты: ________ кел
өс
Салт: ________ өс
Сабақты: ________ өс
айт
Салт: ________ айт
Сабақты: ________ айт
отыр
Салт: ________ отыр
Сабақты: ________ отыр

Теориясы: Түсіну — 2-деңгей (5 балл + 4 балл = 9 балл)

1) Ортақ етіс және зат есім мағынасында қолданылатын сөздер

Әрі ортақ етіс, әрі зат есім мағынасында қолданылатын сөздерді ойлап жазыңдар. Мысал арқылы дәлелдеңдер.

Жауап:

2) Мақал-мәтелдердегі етістіктер

Берілген етістіктер қай мақал-мәтелдерде кездеседі? Етістіктің құрамына талдау жаса.

  • ____ болсаң, ____ бол.
    Талдау: ________
  • ____ болмай, ____ болмас.
    Талдау: ________
  • Ойнап ____, ойлап ____.
    Талдау: ________

3) Оқулықпен жұмыс

Оқулықтағы 251-жаттығудағы қарамен жазылған есімшелерді теріп жазыңдар және жұрнақтарын ажыратыңдар.

Есімшелер:

Теориясы: Жинақтау — 3-деңгей (9 балл + 3 балл = 12 балл)

1) Сұрақтарға жауап беріп, бос торларды толтыр

Төмендегі анықтамаларға сәйкес келетін ұғымдарды жазыңдар.

а)

Заттың іс-әрекетін, қимылын білдіретін сөз табы.

ә)

Іс-әрекет пен орындаушының арасындағы байланысты білдіретін етістіктің бір түрі.

б)

Іс-әрекетті өзі орындайды.

в)

Есімше сияқты түрленетін етістіктің ерекше түрі.

г)

Өзінен бұрын тұрған сөздің табыс септікте келуін талап ететін етістік түрі.

ғ)

Есімдерше түрленетін етістіктің ерекше түрі.

д)

Іс-әрекетті өзге біреуге орындатады.

Кілт сөз

Бұл бөлімнің негізгі ұғымы: Етістік.

2) «Енді» сөзінің әр түрлі сөз табына қатысты қолданысы

«Енді» сөзінің әр түрлі сөз табы бола алатынын мысалмен дәлелдеңдер.

Мысалдар:

3) РАФТ әдісі бойынша ой толғау

РАФТ әдісін қолданып, «Етістік» және «Етіс» тақырыптары бойынша ой толғау жазыңдар.

Ой толғау:

Жұмыс нәтижесі

1-деңгей
Жиналған балл: ________
2-деңгей
Жиналған балл: ________
3-деңгей
Жиналған балл: ________
Қорытынды
Жалпы балл: ________