Дүние жүзілік мұхит ерекшеліктерін танықтау
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Сынып және тақырып
5-сынып. Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері.
Сабақтың форматы
- Түрі:
- Жаңа материалды меңгерту
- Типі:
- Ашық сабақ
- Технологиясы:
- СТО (сын тұрғысынан ойлау)
Мақсаттар
- Гидросфера туралы ұғымды тереңдетіп, дүниежүзілік мұхиттың бөліктерімен таныстыру.
- Дүниежүзілік мұхиттың ерекшеліктерін анықтау және картамен жұмыс істеуге үйрету.
- Оқушыларды ұйымшылдыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік, әдістер
Көрнекілігі
- Жарты шарлар картасы
- Оқулық, электронды оқулық
- Таратпа қағаздар
- Проектор
- Постер
Әдістері
- Баяндау, анықтау
- Сұрақ-жауап
- Постер қорғау
- Ой толғау, рефлексия
Сабақтың құрылымы
I. Қызығушылықты ояту
- Тез сұрақтар
- «Кім жылдам?»
II. Мағынаны тану
- Кестемен жұмыс
- Сәйкестендіру
- «Кім картаны жақсы біледі?»
- Географиялық диктант
- «Ең ерекше»
III. Рефлексия
- Ой толғаныс
- «Бүгінгі сабақта не үйрендің?»
Сабақтың барысы: қызығушылықты ояту
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Балалар, өткен сабақта Жер шарының қай қабығымен таныстық? (Оқушылар жауап береді.)
Ертеде адамдар суға құрмет көрсетіп қана қоймай, оған сыйынған. Ендеше, еске түсірейік: грек мифологиясында су құдайын қалай атаған? Посейдон. Римдіктерде су құдайы кім? Нептун. Ал қазақша «су патшасын» қалай атаймыз? Сүлеймен.
Ойын идеясы: «Су тамшыларының саяхаты»
Бүгін су патшасы Сүлеймен сабағымызға су тамшыларын саяхатқа жіберіпті. Су туралы білімдеріңді жетілдіре отырып, әрбір дұрыс жауап үшін бір тамшыдан жинайсыңдар.
Сабақ соңына дейін қай оқушы және қай топ көп тамшы жинайды? Кім көп тамшы алса, сол ұшан-теңіз білімге бір қадам жақындайды.
Ол үшін топтасып отырайық: оқушыларға ішінде 1–4 сандары бар конверттер таратылады, балалар сол сандар бойынша топтарға бөлінеді.
Өткенді қайталау: тез сұрақтар
- 1 Су қабығы қалай аталады?
- 2 Судың қандай түрлері болады?
- 3 Жер шарында судың қай түрінің мөлшері көп?
- 4 Барлық тіршілік қандай суды пайдаланады?
- 5 1 литр теңіз суында шамамен қанша тұз болады?
- 6 Емдік қасиеті бар арасандар Қазақстанның қай өңірлерінде кездеседі?