Аққу қандай құс
Жалпы мақсат
Сезіммен өлең өрген жыр пырағы — Мұқағали Мақатаев туралы деректерді тиімді пайдалана отырып, «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының идеясы мен тақырыбын ашу; көркем бейнелерін, поэтикалық тілін талдап, оқушының түсіну аясын кеңейту және поэма мазмұнын терең ұғындыру.
Оқыту нәтижелері
- Сыныпта бірлесе жұмыс істеу дағдысы қалыптасады.
- Өзіндік сыни көзқарас дамиды.
Негізгі идея
Өзіне-өзі есеп беру: әрекеттің салдарын бағалау, таңдау мен жауапкершілікті түсіну.
Сабақ құрылымы (кезең-кезеңімен)
1-кезең. Ұйымдастыру және үй тапсырмасын тексеру
Бастапқы әрекетМұғалім әрекеті
- Амандасып, сабаққа дайындықты және оқу құралдарын тексереді.
- Үй тапсырмасы бойынша шолу жасап, өткен сабақтағы ақынның өмірі мен шығармашылығын еске түсіреді.
- Меңгеру деңгейін байқау үшін бағыттаушы сұрақтар қояды.
Үй тапсырмасы
- Ақынның өмірі туралы деректерді қайталау.
- Өзіңе ұнаған өлеңдерін жатқа айтуға дайындалу.
- «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын оқып келу.
Оқушы әрекеті
- Топ мүшелері үй тапсырмасы бойынша жауап береді.
- Көрнекі құралдардағы және мұғалім қойған сұрақтарға жауап береді.
2-кезең. Жаңа сабақ — мағынаны ашу
Талдау және зерттеуБүгін біз сөз ететін шығарма — «Аққулар ұйықтағанда», ғажайып поэма. Ол — бір түнде, бір деммен, табиғат пен ақын сезімінің үндесуінен туған туынды.
Мұқағали:
«Қазақтың қара өлеңі — құдіретім,
Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген...»
Осы сабақта сол «сұмдық сыры бар» жырдан ой толғаймыз.
Миға шабуыл сұрақтары
- Аққу қандай құс?
- Аққу туралы қандай мақал-мәтелдерді білесің?
- Аққудан бөлек қандай киелі құстарды атай аласың?
Топтық жұмыс: тапсырмалар
1-тапсырма
«Сұмдық сыры бар жыр» — бөлімдер бойынша талдау
- Жетімкөлдің аққулары
- Бала — Ана — Аққу
- Қасиетке оқ атқан ананың қасіреті
- Жылқышы қарттың ырым туралы сөзінің мәні (поэмадан тауып оқып, дәлелде)
2-тапсырма
«Бес жолды өлең»
1–2-топқа: тақырып бойынша бес жолды өлең құрастыру.
3-тапсырма (3-топ)
Дебат: поэманың өзектілігі — экологиялық мәселе
Топ өз ұстанымын дәлелмен қорғайды.
Дәйек сөздер
- Көлдің сәні — аққулар.
- Аққу киесі оңдырмайды.
4-тапсырма (4-топ)
Дебат: поэманың өзектілігі — ананың балаға махаббаты
Топ өз ұстанымын дәлелмен қорғайды.
Дәйек сөздер
- Бәрі де адам үшін жаратылған.
- Ана — махаббатымен құдіретті.
Оқушы әрекеті
- Аққу туралы білетін мәліметтері мен мақал-мәтелдерді ортаға салады, киелі құстарды атайды.
- Топ ішінде талқылап, ойларын қағазға түсіреді.
- 1–2-топ бес жолды өлеңдерін таныстырады, 3–4-топ ауызша дәлелмен дебатты қорғайды.
3-кезең. Бекіту — ой толғаныс
ҚорытындылауСұрақ
Не білдік? «Алты телпек» әдісі арқылы ойды жинақтау.
Өлеңмен түйіндеу
Қарасаз, қара шалғын, өлеңде өстім,
Жыр жазсам, оған жұртым елеңдестің.
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас, алайда, өлеңді ешкім!
Бағалау
- Критерийлер арқылы бағалау.
- Формативті бағалау және жиынтық бағалау элементтері.
Үй тапсырмасы
- «Аққу — киелі құс» тақырыбында ойтолғау жазу.
- Поэмадан өзіңе ерекше әсер еткен тұстарды жаттау.