Мұғаліммен оқушының арасында - кінәлі мұғалім
Өзінің ішкі әлеміне көз жүгірте білетін әрбір адам — психологияның дайын тұрған дәрісі. К. Д. Ушинский
Мектептегі қарым-қатынас
Қарым-қатынас — бірлескен іс-әрекетке деген қажеттіліктен туындайтын, адамдар арасындағы байланысты қалыптастырып, дамытатын күрделі, көпқырлы процесс. Ол танымдық ақпарат алмасуды, өзара түсінісуді және бір-бірін қабылдауды қамтиды.
Қарым-қатынастың үш қыры
- Интерактивті — өзара ықпал, әрекеттесу.
- Коммуникативті — ақпарат алмасу.
- Перцептивті — бір-бірін қабылдау, түсіну.
Қарым-қатынас деңгейлері
- Мезо
- Микро
- Макро
- Стандартты
- Шаблонды
- «Жабайы»
- Рухани
- Іскер
- Ойын
Қарым-қатынас түрлері
- Әлеуметтік
- Бағдарлаушы
- Бастық бағдарлаушы
- Топтық
- Топаралық
Мектептегі қарым-қатынас бағыттары
Мектеп қабырғасындағы қарым-қатынасты төмендегі байланыстар бойынша жүйелеуге болады:
- Мұғалім — оқушы
- Оқушы — оқушы
- Мұғалім — ата-ана
- Мұғалім — оқушы — ата-ана
- Мұғалім — ата-ана — әкімшілік
- Мұғалім — оқушы — әкімшілік
- Мұғалім — оқушы — ата-ана — әлеумет
Дау-дамай психологиясы
Дау-дамай (конфликт) — әртүрлі мүдделерге бағытталған тараптардың қарама-қайшылығы мен тайталасы.
Дау-дамай типтері
- Тұлғаның өз бойындағы (ішкі) конфликт
- Тұлғалар арасындағы конфликт
- Топ ішіндегі конфликт
- Топтар арасындағы конфликт
- Топтар байланысындағы конфликт
Дау-дамайдың себептері
- Психологиялық
- Физиологиялық
- Материалдық
- Әлеуметтік
Бітімгерлік дау (конструктивті)
Жүйенің өзгермелі қоршаған орта шарттарына икемделуіне қолайлы жағдай жасап, дамуға ықпал етеді.
Негізгі идея: мәселені анықтап, өзара түсіністікті күшейту арқылы нәтижені жақсарту.
Бұзақы дау (деструктивті)
Белгілі бір құрылымның тиімділігін төмендетіп, оның біртіндеп әлсіреуіне немесе ыдырауына себеп болуы мүмкін.
Негізгі қауіп: қарым-қатынасты бұзып, сенім мен ынтымақтастықты әлсіретеді.
Жанжалға қатысушылардың мінез-құлық типтері
-
Бұзақы
Деструктивті бағытта әрекет етеді.
-
Жағымпаз
Конформды, жанжалды ушықтырмауға тырысады, бірақ мәселені терең шешпеуі мүмкін.
-
Бітімгер
Конструктивті шешім табуға, келісімге келуге бағытталады.
Дау-дамайды бақылау және шешу
Дау-дамайлы жағдайды бақылауға алудың жолдары
- 1 Мүмкін жанжалдың алдын алып, қатысушылар туралы мәліметті жүйелеу.
- 2 Жанжалды бақылаусыз қалдыруға бағытталған әрекеттерге жол бермеу.
- 3 Дау-дамайды шешуге бейтарап, беделді үшінші тұлғаларды тарту.
- 4 Екі тарапқа да тиімді шешім мүмкіндіктерін қарастыру.
- 5 Іскерлік әрі әріптестік қатынасты қолдап, кейінгі алауыздықты тудыратын эмоциялық «шарпулардың» алдын алу.
Дау-дамайдан шығу әдістері
- 1 Жанжал тудыратын әрекеттерден қашу: өз беделін әсірелей көрсету, өзгелерді кемсіту, әдейі дауға шақыру.
- 2 Мәселені бірлесе шешу қағидасын ұстану: өзгенің есебінен пайда іздемеу, екі тарапқа да тиімді жолды ойластыру.
- 3 Келісім (компромисс): екі тараптың көзқарасы мен пікірін үйлестіру.
- 4 Үшінші тараптан көмек сұрау: жанжалдан тыс, бейтарап бедел иелерін араағайындыққа шақыру.
Дау-дамайды болдырмауға арналған ұсыныстар
- Мұғалім мен оқушы арасындағы келіспеушілік — қалыпты құбылыс. Дегенмен, оның жиілігі аз болғаны дұрыс.
- Конфликт салдарын талдағаннан гөрі, оны алдын алу тиімді: кикілжіңдерді уақытында шешуге ұмтылыңыз.
- Екі адам сөзге келісе қалса, «кінәлі — ақылдысы» қағидасы жиі жұмыс істейді: мұғалім мен оқушы арасында — мұғалім, мұғалім мен директор арасында — директор жауапкершілік алуы тиіс.
- Барлық конфликт жағдайында директор, ең алдымен, мектеп мүддесін қорғауы керек.
- Мұғалімдерді алда тұрған мақсаттармен алдын ала таныстыру маңызды.
- Қызметкерді «орындамағаны» үшін ғана емес, «орындаған ісі» үшін де әділ бағалаңыз.
- Оқушылардың көзінше мұғалімдерге ескерту жасамаңыз.
- Ұжымдағы әлеуметтік және психологиялық ахуалдың тұрақтылығын сақтауға мән беріңіз.
- Дау-дамайдың ең қауіптісі — «артынан қозуы», яғни кек сақтау мен жасырын қарсыласудың жалғасуы.
- Конфликт — айсберг: көрінетін бөлігі көбіне маңызды емес. Әр даудың түбірін табуға тырысыңыз.
Автор туралы мәлімет
Алматы облысы, Ақсу ауданы, Арасан ауылы, Барлыбек Сырттанов атындағы орта мектептің психологы және «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі — Ниязова Светлана Тоқтарқызы.