Қайсысы сөйлем, қайсысы мәтін

Сабақтың тақырыбы: «Мәтін. Сөйлем» (1–5 жаттығулар), 3-сынып

Оқу мақсаты

  • Мәтін туралы біледі.
  • Мәтіннің түрлерін біледі.
  • Мәтін мен сөйлем арасындағы байланысты түсінеді.

Тілдік мақсат

Оқушылар мәтін туралы түсінік бере алады.

Негізгі сөздер: сан есім Жазылым: мәтінге ат қою

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар

  • Мәтін түрін біледі.
  • Сауатты, көркем жазады.

Оқушылардың басым бөлігі

  • Мәтін түрлерін ажыратады.
  • Жауабын дәлелдей алады.

Кейбір оқушылар

  • Сөйлемді түсіндіріп, бірнеше мысал келтіріп дәлелдейді.

Сабақтың құрылымы

Кіріспе: 10 минут Негізгі бөлім: 25 минут

Кіріспе (10 минут)

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу.
  • Оқушыларды түгендеу.
  • Жұмыс орнының сабаққа дайындығын тексеру.
  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

2) Қызығушылықты ояту

«Сөз құра» ойыны: берілген сандарды өсу ретімен орналастырғанда «Жазғытұры» сөзі шығады. Оқушылардан бұл сөз туралы не білетіндерін сұрау.

Абайдың «Жазғытұры» өлеңінен үзінді (хормен оқу)

Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,

Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

Жан-жануар, адамзат анталаса,

Ата-анадай елжірер күннің көзі.

Өлең жолдары арқылы көктем мезгілін еске түсіру. Көктемде туған оқушылар болса, оларды құттықтау. Одан кейін көктем тақырыбына «саяхатқа» шығуға бағыт беру.

3) «Гүл таңда» ойыны арқылы қайталау

  • Мәтін дегеніміз не?
  • Мәтін түрлерін ата.
  • Сөйлем дегеніміз не?
  • Сөйлем мен мәтіннің айырмашылығы қандай?

4) Үй жұмысын тексеру

28-жаттығуды тексеру: оқушылар тапсырманы кезекпен оқиды. Қорытындылау және мадақтау.

Негізгі бөлім (25 минут)

Жаңа сабақ: мұғалімнің түсіндірмесі

Оқушыларға мәтіннің белгілері, сөйлемдердің өзара байланысы, мәтін түрлері (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) туралы қысқаша түсіндіру жүргізіледі.

1-жаттығу

  • Мәтінді түсініп оқы және көшіріп жаз.
  • Мәтін не туралы?
  • Бұл мәтін екенін дәлелде.
  • Қарамен жазылған сөздің түбірін тап.

2-жаттығу

  • Әр бөлікті оқы.
  • Қайсысы сөйлем, қайсысы мәтін? Жауабыңды дәлелде.
  • Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қой.
  • Мәтінді көшіріп жаз.

3-жаттығу

  • Мәтінді оқы. Ол не туралы?
  • Мәтінде неше сөйлем бар?
  • Мәтінге ат қой.
  • Сөйлемдердің жігін ажыратып, көшіріп жаз.
  • Берілген сөйлемдердің хабарлы сөйлем екенін дәлелде.

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді,

Саңырауқұлақ тереді.

Кездесті, міне, керегі:

Екеуі қайың астынан,

Біреуі терек қасынан.

Қанша олар болмақ есепте,

Тоқылған салса себетке.

4-жаттығу

Берілген сызба бойынша әңгімелеу мәтінін құрастыр.

Автор туралы мәлімет

Мекеме

Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Хмельницкий жалпы білім беру орта мектебі.

Мұғалім

Бастауыш сынып мұғалімі: Сагит Күлзипа.