Бір тасқа ұрды бәрін лақтырып

Қартайып, нашар көрді Маймыл көзі,
Ойлады ем етерге оған өзі.
Көз азса - Көзілдірік емі деген
Тиетін құлағына жұрттың сөзі.
Бес - алты Көзілдірік Маймыл тапты,
Біразын құйрығына тізіп, тақты.
Қарады бірін иіскеп, бірін жалап,
Бір мезгіл төбесіне қойып жатты.
Пайда жоқ иіскесе де, жаласа да,
Қойып - ақ әр жеріне қараса да.
Маймылға көзілдірік ем болмады,
Адамның көздеріне жараса да.
Жоқ, - деді, - титімдей де пайда тіптен,
Мәжнүн бұл шыныдан дару күткен!
Жақсы - ақ деп Көзілдірік, шулаушы еді,
Бәрі де жалғаншы екен адам біткен.
Сөздері жұрттың айтқан бәрі жалған,
Мен жарым жалған айтқан сөзге нанған.
Көрмедім жау алғырдан ешбір пайда,
Еңбегім босқа кетті іздеп талған!
Қараңыз, Маймыл не етті сонда тұрып?
Бір тасқа ұрды бәрін лақтырып.
Ашу мен жарымдықтан пайда бар ма,
Күл - күл боп Көзілдірік қалды сынып.

* * *
Алғанға бұл кеңесте ғибрат бар,
Маймылша іс ететін көп надандар.
Пайдалы затты орнына жұмсай алмай,
Сөгетін пайдасыз деп жоқ па адамдар?!



Ұқсас жұмыстар

СҮЛЕЙМЕН ҚАРАҚШЫ
САМҰРЫҚТЫҢ СИҚЫРЛЫ ҚАУЫРСЫНЫ
Алпамыс батыр
Әскери өнердің шыңдалған шыңы – жекпе-жек
Ант сөзінің семантикалық өрісі
Ертегілер
Қазіргі қазақ әдебиттану ғылымында соңғы кездері мифтер мен аңыздардың көркемдік қызметіне жан-жақты талдау
ПСИХИКАЛЫҚ ЖАЙ-КҮЙЛЕР АТАУЛАРЫНЫҢ ЛИНГВОСТИЛИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫ
Қауып қатер түрлері
Мұңайтпасұлы Қажымұқан туралы ақпарат
ҚАЗАҚСТАН БІРІНШІ ДҮНИЕЖҮЗШК СОҒЫС ЖЫЛДАРЫНДА
Біріктірілген тақша
Ұйқы- демалыстың бір түрі
Салық қызметі органдарының қызметін ұйымдастыру мен басқарудағы кейбір мәселелер және оны жетілдіру жолдары
ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ
Медициналық генетика және кейбір тұқым қуалайтын аурулардың алдын алу мен емдеу
Біріккен Ұлттар Ұйымы
Бір клеткалылар патшалық тармағы
БІРЛЕСКЕН ҚЫЗМЕТКЕ ҚАТЫСУ
Батыс Сібір жазығы