Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында

Жаңаша оқу – жаңа ғасыр талабы

ХХІ ғасырдағы өркениетті дамудың басты талабы – жаңа білім парадигасы. Бұл парадигмада бірінші орынға баланың тек білімі, білігі, дағдысы емес, білім алу үдерісі арқылы тұлғалық дамуы қойылады.

Тұжырымдамадағы негізгі бағдар

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында білім берудің негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағдыға қол жеткізу ғана емес, сонымен қатар кәсіби біліктілік қалыптастыру екені атап көрсетіледі: ақпаратты өздігінен іздеп табу, талдау, ұтымды пайдалану, сондай-ақ жылдам өзгеретін әлемде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу.

Мұғалімнің басты міндеті

Сондықтан қазіргі білім жүйесіндегі өзгерістерді ескере отырып, мектеп мұғалімдерінің алдындағы басты мақсат пен міндет – оқушылардың шығармашылық және танымдық дағдыларын қалыптастыру екенін түсінуіміз қажет.

«Үйрету мен бағыт-бағдар беру неден басталады?» деген сұраққа келсек, жас ұрпақты өзгермелі өмірге дайындау үшін мұғалімдер білім беру бағдарламасының шеңберімен шектеліп қалмауы тиіс.

  • Әрбір бала қарым-қатынасты, ынтымақтастықты және құрбы-құрдаспен өзара әрекеттесуді мектептен бастайды.
  • Өз бетімен жұмыс істеу дағдысы да осы ортада қалыптасады.
  • Өмір заңдылықтарын бала «алтын орда» саналатын білім ұясынан үйренеді.

Кәсіби тәжірибе және өзгеріс

Мен Маңғыстау облысы, Ақтау қаласындағы №11 мамандандырылған физика-математика мектебінде математика пәнінен сабақ беремін. 2013 жылдың 13 сәуірі мен 13 шілдесі аралығында Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ Шеберлік орталығында біліктілігімді арттырдым.

Курс барысында дәстүрлі оқыту мен жаңаша оқыту әдістерінің ерекшеліктерін зерделедім. Соңғы жылдардағы білім жүйесіндегі өзгерістерді қызығушылықпен қабылдап, іс-тәжірибеме нақты жаңалықтар енгізу қажеттігін түсіндім. Бұл ретте тек өзімді ғана емес, оқушыларымды, әріптестерімді, тіпті ата-аналарды да өзгеріс мәдениетіне тарту маңызды екенін ұғындым.

7 модуль және бағалау мәдениеті

Бұл технология бойынша сабақтарда 7 модуль қолданылады. Соның ішінде «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі жұптық жұмыс кезінде оқушылардың өзін-өзі және өзара бағалауында айқын көрініс табады.

Жұптық бағалау қалай іске асады?

«Бағалау» сөзі латын тіліндегі «қатар отыру» мағынасымен байланыстырылады. Бұл жай ғана атау емес: мысалы, екі түрлі топта отырған екі оқушыға бірдей тапсырма беріліп, олар шығарған есептерін алмастырады да, бір-бірінің қатесін тексеру арқылы әділ бағалауға үйренеді.

Мен жұптық жұмысты сабақтарымда үнемі қолданамын, себебі бұл тәсіл оқушыларға ұнайды және жауапкершілікті күшейтеді.

Деңгейлік тапсырмалармен үйлесімі

Сыныпта білім деңгейлері әртүрлі болғандықтан, тапсырмаларды деңгейлеп ұсынамын: A деңгейі – A деңгейлі оқушыларға, B деңгейі – B деңгейлі оқушыларға, C деңгейі – C деңгейлі оқушыларға. Орындалған жұмыстарды оқушылар алмастырып, өзара тексеру арқылы бағалайды.

Математика сабағында бұл әдіс өте ыңғайлы, өйткені оқулықтар мен есептер жинақтарында тапсырмалар A, B, C деңгейлеріне бөлініп беріледі.

Сын тұрғысынан ойлау: геометриядағы нақты мәселе

Сын тұрғысынан ойлауға үйрету – математика сабақтарының барлығында үздіксіз жүзеге асатын бағыт. Әсіресе геометрияда оқушылар жиі жіберетін кемшілік – тапсырмадағы тұжырымның шарттарына жеткілікті назар аудармау.

Тәжірибеде қолданылған құрал

Мұғалімдерге арналған үлестірме материалда ұсынылған Аризона университетінің профессоры, доктор Маридис Витттің БКТЗО кестесін қолданып көрдім. Бұл кесте оқушының ойлау қадамдарын айқындап, дәлелдеу мен тұжырымды оқудың мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі.