Қандай мезгілдер
Сабақ туралы мәлімет
Сабақтың тақырыбы
Ғабит Мүсірепов — «Көлде»
Сілтеме
Орта мерзімді жоспар, оқулық
Бағыт
АКТ, сыни ойлау, диалогтік оқыту, жас ерекшелігіне сай оқыту
Сабақтың мақсаты
- АКТ модулін басшылыққа ала отырып, әдіс-тәсілдер арқылы жаңа тақырыпты қабылдауды жеңілдету.
- Сыни тұрғыдан ойлау арқылы тақырыптың мағынасын ашу.
- Диалогтік оқытуды қолдану арқылы тіл байлығын, сөздік қорын және көркем сөйлеу дағдысын дамыту.
- Жас ерекшелігіне сай оқыту модуліне сүйене отырып, семантикалық карта стратегиясы арқылы оқушылардың білім деңгейін анықтау.
Оқытудың жалпы мақсаты
Ана тілі сабағында білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, жеті модульді ықпалдастыру арқылы оқушыларды еркін сөйлеуге үйрету және өзіндік бағалау дағдысын қалыптастыру.
Міндеттері
- 1 Мәтін мазмұнын меңгерту, оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру; байланыстырып сөйлеуді дамыту; өзіндік ой-пікірін айта білуге баулу.
- 2 Табиғатқа, еліне және жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
- 3 Елестету арқылы есте сақтау және еске түсіру қабілеттерін дамыту; табиғатты және құстарды қорғауға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер
Оқушылар сыни тұрғыдан ойлап, өз ойларын жүйелі жеткізеді; көлдегі құстардың тіршілігі туралы түсінігін кеңейтеді және табиғат әлемінің әсемдігін бағалай алады.
Негізгі тапсырмалар
- Сөзжұмбақ және жұмбақтар шешу.
- Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқу.
- Семантикалық карта толтыру.
- INSERT әдісі.
- ББҮ (Білемін — Білгім келеді — Үйрендім) кестесі.
Үй тапсырмасы
- Мәтінді мәнерлеп оқу және мазмұны бойынша түсінік айту.
- Тақырыпқа байланысты мақал-мәтел жаттау.
Кейінгі тапсырмалар оқушылардың оқу қарқыны мен деңгейіне қарай сараланып беріледі.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Балалар (хормен):
Қайырлы күн деп айтамыз,
Бір болып кеште қайтамыз.
Отбасының гүліміз,
Көңілді өтер күніміз.
Сабақты бастамас бұрын бірнеше сұрақ арқылы оқушыларды топқа бөлу жоспарланады.
Сұрақ-жауап (жыл мезгілі тақырыбы)
- Биыл қазақша жыл санауда қай жыл?
- Жылқы жылы.
- 1 жылда неше күн бар?
- 365 немесе 366 күн.
- 1 жылда неше мезгіл бар?
- 4 мезгіл.
- Қандай мезгілдер?
- Қыс, көктем, жаз, күз.
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем.
- Орыс тілінде «көктем» қалай аталады?
- Весна.
- Көктем айларын атаңдар.
- Наурыз, сәуір, мамыр.
Топқа бөлу және ұйымдастыру
- Оқушылар 3 топқа бөлінеді: «Наурыз», «Сәуір», «Мамыр».
- Әр топқа көшбасшы тағайындалады.
- Бағалау парақтары таратылады.
Топ ережелері
- 1 Мұғалімді мұқият тыңдау.
- 2 Уақытты тиімді пайдалану.
- 3 Бір-бірін тыңдау және құрметтеу.