Ақсақ Темір кім
Ғабит Мүсірепов: «Өлімді жеңген ана»
Бұл сабақта оқушылар Ғабит Мүсіреповтің «Өлімді жеңген ана» әңгімесін талдап, кейіпкерлер әрекетіне баға береді, негізгі идеяны анықтап, өз ойын дәлелді түрде ауызша және жазбаша жеткізуді үйренеді.
Сілтемелер
- «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы
- Ғаламтор материалдары
Жалпы мақсат
- Әңгіменің мазмұнын толық меңгергенін тексеру және кейіпкерлер іс-әрекетіне қатысты өзіндік пікір қалыптастыру.
- Байқағыштық, тапқырлық, сөз астарын түсіну және ойды жүйелі жеткізу дағдыларын дамыту.
- Шығарма идеясы арқылы мейірімділікке, адамгершілікке, Отанды сүюге, ата-ананы құрметтеуге тәрбиелеу.
Оқу нәтижелері
- Танымдық ойлау қабілеті дамиды.
- Әңгіме желісі бойынша ой қорытып, тұжырым жасай алады.
- Жаңа тәсілдер мен технологиялар негізінде тапсырмалар орындауға машықтанады.
Негізгі идея
- Оқушылардың шығарманың негізгі идеясын және көтерген мәселесін өз бетінше танып, талдай білуі.
- Шығарма арқылы ата-ананы құрметтеу сезімін қалыптастыру.
Сабақ құрылымы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- 1 Оқушыларды сабаққа дайындау.
- 2 Оқушыларды топқа бөлу.
II. Өтілген тақырыптарды пысықтау
«Жұмбақ терезе» ойыны арқылы өткен тақырыптар бойынша білім тексеріледі: әр топ ұпай саны көрсетілген «терезелердегі» сұрақтарға жауап береді.
I топ (топтық жұмыс)
- 10 ұпай: Лиро-эпостық жырлар.
- 20 ұпай: «Оқып жүрген жастарға», «Шәкірттерге» өлеңдерінің авторы кім?
- 30 ұпай: «Адамдық борышың, Халқыңа еңбек қыл. Ақ жолдан айнымай Ар сақта оны біл.» — үзінді қай өлеңнен, авторы кім?
II топ (топтық жұмыс)
- 10 ұпай: Қазақтың ұлы ақыны кім?
- 20 ұпай: «Сен сұлу», «Мен жастарға сенемін» — авторы кім?
- 30 ұпай: «Барлық адам баласы, Өзіндей көрсе өзгені…» — үзінді қай өлеңнен, авторы кім?
III топ (топтық жұмыс)
- 10 ұпай: «Ақиқат сыйы» еңбегінің авторы кім?
- 20 ұпай: 1894 жылы Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданында дүниеге келген ақын кім?
- 30 ұпай: «Не дүниеге, не ахиретке…» — үзінді қай шығармадан, авторы кім?
III. «Өлімді жеңген ана» бойынша тапсырмалар
Әр топқа шығарманың мазмұны мен кейіпкерлердің болмысын ашуға бағытталған ойын түріндегі тапсырмалар беріледі.
3.1 «Кім? Қайда?» ойыны
Жұмыс түрі: топтықОйын шарты: әр топқа кейіпкерлер сөздерінен үзінді оқылады. Топ мүшелері бұл сөздің қай кейіпкерге тиесілі екенін табады.
«Иә, мен. Мен талайды жеңдім. Жеңгенімнің ішінде ол да бар. Жеңуден әлі шаршағаным да жоқ!...»
Жауабы: Темірдің сөзі.
«Жоқ, жоқ! Нағыз сұлу, нағыз ақылды бала менікі еді. Сенен туған бала адам баласының өкінішін ақтай алатын ба еді?»
Жауабы: Ананың Темірге айтқан сөзі.
«Адам деген — бала ғой. Өйткені ананың жанына көз салсаң, жүз есе бала: адам қашан да анасының баласы. Сен, шал, білесің бе, сені де әйел тапты.»
Жауабы: Ананың сөзі.
3.2 «Білімді мыңды жығар» ойыны
Жұмыс түрі: жұптықОйын шарты: әр топ үлестірмелі кеспеқағаздағы сұрақтарға жауап береді.
I топқа арналған сұрақтар
- 1 Ақсақ Темір кім?
- 2 Ақсақ Темір ажалға неліктен кектенді?
- 3 Ақсақ Темір ажалдан нені тартып алғысы келді?
- 4 Ақсақ Темір қай жерде өліммен ұшырасты?
- 5 Ол Самарқанды өртеуге неге әмір бермеді?