Президенттің портреті

Сабақтың мақсаты

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туып-өскен жері, өмір жолы және қызмет еткен кезеңдері туралы мәлімет беру. Елбасының ұстанымы мен өмір жолын үлгі ете отырып, балаларды Отанын, халқын, жерін сүюге, батылдыққа, азаматтық ұстанымға және патриоттыққа тәрбиелеу. Еліміздің Президентіне деген құрмет сезімін қалыптастыру, азаматтық және адамгершілік тәрбие беру.

Сабақтың көрнекілігі

  • Техникалық құрал

    Теледидар

  • Бейнематериал

    «Балалық шағымның аспаны» фильмінен үзінді

  • Көрнекі материалдар

    Президенттің портреті, Қазақстан Республикасының рәміздері

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Балалар, кәне, шаттық шеңберіне тұрайық.

Шаттық шеңбері

Арайлаған таңды сүйетін кім?
Мен.
Алтын сәулені сүйетін кім?
Мен.
Жарқын даланы сүйетін кім?
Мен.
Туған жерді сүйетін кім?
Мен.
Ата-ананы сүйетін кім?
Мен.
Досын сүйетін кім?
Мен.
Еліміздің болашағы кімдер?
Біздер.

Сұрақ-жауап

Балалар, төмендегі сұрақтарға жауап берейік:

  1. 1. Біздің Республикамыз қалай аталады?
  2. 2. Қазақстан қандай ел?
  3. 3. Қазақстанда тек қазақтар ғана тұра ма?
  4. 4. Олар бір-бірімен қандай қарым-қатынаста?
  5. 5. Осындай тату елді басқарып отырған Президентіміздің аты-жөні кім?

Бүгінгі сабағымыз Қазақстанның тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаевқа арналады. Енді назарымызды бір сәт теледидарға аударайық.

Бейнеүзінді

«Балалық шағымның аспаны» фильмінен үзінді көру.

Тәрбиешінің қорытынды сөзі

Балалар, көрдіңдер ме: еліміздің болашағы мен бейбітшілігі үшін еңбек етіп келе жатқан Президентіміздің де балалық шағы болған. Ол арманшыл, қиялшыл бала болып өсіпті. Жаңа ғана көргендеріңдей, кішкентай кезінде тастан түрлі бейнелерді қалап ойнаған.

Әдеби кешке шақыру

Н. Ә. Назарбаевқа арналған «Ел сүйген, елін сүйген Президент» атты әдеби кешімізге шақырамыз.

Қазақстан Республикасының гимні

Гимн орындалады.

Өмірбаяннан қысқаша мәлімет

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. Ол — әкесі Әбіш пен анасы Әлжанның тұңғыш перзенті.