Бәйтерек тобының сұрақтары
«Жүзі басқа жүрегі бір, тілі басқа тілегі бір» интеллектуалдық-танымдық ойыны
Бұл әзірлеме мемлекеттік тілді оқыту үдерісін қызықты форматта ұйымдастыруға, көпұлтты ортада өзара құрмет пен түсіністікті нығайтуға бағытталған. Ойын тапсырмалары тыңдаушылардың тілдік қорын байытып қана қоймай, тілді күнделікті өмірде қолдануға ынталандырады.
Мақсаты
Қызығушылықты арттыру
Тыңдаушылардың мемлекеттік тілді үйренуге деген ынтасын күшейту, сабақтағы белсенділікті арттыру.
Заман талабын түсіндіру
Ана тілін туғаннан білу құндылығын айқындау және өзге тілдерді меңгерудің қажеттігін ұғындыру.
Тілді өмірде қолдану
Тілді тек сабақта ғана емес, күнделікті тұрмыста және қызметтік ортада қолдануға насихаттау.
Ойын форматының артықшылығы
Қатысушылардың сөйлеу дағдысын табиғи жағдайда қалыптастырып, командалық жұмыс пен жылдам ойлауды дамытады.
Кіріспе сөз
Елді бүгін қарасам,
Айналам бақыт кең жатыр.
Бірімен-бірі туысқан,
Қол ұстасқан ел жатыр.
Қырғыз, қазақ, өзбектер,
Армян, татар, ұйғырлар.
Орыс пен украин —
Терезесі тең жатыр.
Алатау, Кавказ ұласып,
Баурайы бұйрат кең жатыр.
Бақыттың әні асқақтап,
Құлаққа даусы кеп жатыр.
Өлең жолдарында айтылғандай, Қазақстан — татулық пен достықтың ордасы, көп тілдің әуені естілетін ел. Жыл сайын елімізде Қазақстан халқының тілдері күні аталып өтеді. Осы мерекеге орай біз де бірқатар іс-шара ұйымдастырып келеміз. Соның бірі — бүгінгі «Жүзі басқа жүрегі бір, тілі басқа тілегі бір» атты интеллектуалдық ойын.
Қатысушылар
Ойынға екі топ қатысады. Топ атауын таңдау — үй тапсырмасы.
1-топ
«Бәйтерек»
Астананың көркі саналатын Бәйтерек бейнесі — биік мақсат пен жаңарудың символы.
2-топ
«Шаңырақ»
Бірлік пен ынтымақтың тірегі — шаңырақ ұғымымен астасқан атау.
Топ капитандары өздерін таныстырады.
Әділқазылар алқасы
- Орталық директоры — А. Е. Қайрмденова
- Орталық әдіскері — Ж. Қ. Махметова
- Орталық оқытушысы — Н. М. Абленова
Ойын құрылымы
Ойын бес кезеңнен тұрады. Әр кезең тапсырмалары 10–50 ұпай аралығында бағаланады.
I айналым
«Тапқырлар»
II айналым
«Сыр сандық»
III айналым
«Бәйге»
IV айналым
«Сөз мерген»
V айналым
«Капитандар сайысы»
I айналым — «Тапқырлар»
Шарты
Әр топ өз атауын қорғау үшін қойылған сұрақтарға топ атауының бірінші әрпімен жауап береді: «Бәйтерек» — Б, «Шаңырақ» — Ш. Сұрақтар топ мүшелеріне жеке-жеке қойылады. Әр дұрыс жауап 10 ұпай.
«Бәйтерек» тобының сұрақтары
- Сіздің атыңыз кім?
- Сіз қайда тұрасыз?
- Сізге қандай жеміс ұнайды?
- Сіз кіммен таныстыңыз?
- Жазда демалысқа қайда барасыз?
- Сіздің неше құрбыңыз бар?
«Шаңырақ» тобының сұрақтары
- Сіздің тегіңіз кім?
- Сіз қайда тудыңыз?
- Дүкеннен не сатып алдыңыз?
- Сыйлықты кімге бересіз?
- Қандай тағам ұнайды?
- Құрбыңыздың аты кім?
II айналым — «Сыр сандық»
Қазақта «Сөз атасы — мақал» деген нақыл бар. Сондықтан бұл кезең мақал-мәтелге арналады.
Шарты
Әр топтан екі тыңдаушы шығып, кезекпен парақша алады. Аз уақыт ойланып, орындарына отырмастан парақшадағы тақырыпқа сай мақал-мәтелдер айтады. Көбірек мақал айтқан топ жеңімпаз болады.
Ұсынылатын тақырыптар
- Тіл
- Отбасы
- Туған жер
- Денсаулық
- Табиғат
- Ерлік
Қазақстан — көпұлтты, көптілді ел
Бүгінде елімізде 140-қа жуық ұлт пен ұлыс өкілі тұрады. ҚР Статистика агенттігінің мәліметіне сәйкес, Қазақстан халқының құрамында қазақтар — 63,6%, орыстар — 23,3%, өзбектер — 2,9%, украиндер — 2%, ұйғырлар — 1,4%, татарлар — 1,2%, немістер — 1,1%, басқа ұлыстар — 4,5%.
Сонымен қатар саха, мордва, болгар, ғағауыз секілді ұлттардың да аз санды өкілдері өмір сүреді. Олардың барлығы тату-тәтті, бірлікте ғұмыр кешіп, Қазақстанды өз Отаны санайды. Әр халық өз ана тілін, тарихын, салт-дәстүрін болашақ ұрпаққа үйретуге ұмтылады.
III айналым — «Бәйге»
Шарты
Ұсынылған тақырып бойынша саны жазылған шаршы таңдалады. Жасырылған сұраққа дұрыс жауап берсе — сол ұпайды алады. Сұрақтарды топтың барлық мүшесі кезекпен таңдайды. Егер топ мүшелері бестен аз болса, бір қатысушыға екі сұрақтан таңдауға болады. Егер таңдаған топ жауап бере алмаса, қарсылас топ жауап беріп, ұпайды өзіне алады.
Тақырыптар
- Тіл
- Салт-дәстүр
- Рәміздер
- Туған жер
Әр тақырыпта 5 сұрақтан беріледі. Күрделілігі артқан сайын ұпай саны да өседі.
Бағалау жүйесі
1) «Тіл» тақырыбы бойынша сұрақтар
- 10 — Қазақстан халықтарының тілдері күні қашан аталып өтеді?
- 20 — Қазақстанда қанша түрлі өзге ұлт бар?
- 30 — Үш тұғырлы тіл саясатына қандай тілдер кіреді?
- 40 — Соңғы «Тіл туралы» заң қай жылы қабылданды?
- 50 — «Тіл — қылыштан өткір» мақалын түсіндіріңіз.
2) «Салт-дәстүр» тақырыбы бойынша сұрақтар
- 10 — Шахмат ойынына ұқсас қазақтың ұлттық ойыны.
- 20 — Орыс халқы жаңа үйге көшіп келгенде, бірінші кім(ді) кіргізеді?
- 30 — Отау деген кімнің үйі?
- 40 — Қазақ отбасында кенже ұлды қалай атайды?
- 50 — Қазақ халқында ер жігіттің неше жұрты бар? Олар қалай аталады?
3) «Рәміздер» тақырыбы бойынша сұрақтар
- 10 — Тудың ортасында күн бейнеленген, ал елтаңбаның ортасында не бейнеленген?
- 20 — Әнұранның авторларын атаңыз.
- 30 — Қазақстан Республикасында Рәміздер күні қай күн? (4 маусым)
- 40 — Елтаңбаның авторларын атаңыз. (Ш. Уәлиханов, Ж. Мәлібеков)
- 50 — «Менің Қазақстаным» әні қашаннан бастап ҚР Әнұраны болып қабылданды? (2006 ж., 6 қаңтар)
4) «Туған жер» тақырыбы бойынша сұрақтар
- 10 — Астана қаласының басты нысандарының бірін атаңыз.
- 20 — Елімізде неше облыс бар?
- 30 — Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды?
- 40 — Қазақстанның астанасы болған қалаларды ретімен атаңыз.
- 50 — Қазақстанда 86 қала бар. Соның ішінде республикалық маңызы бар үш қаланы атаңыз.
IV айналым — «Сөз мерген»
Шарты
Әр топ бір конверт таңдайды. Конверт ішінде орыс тіліндегі сөздер жазылған парақшалар болады. Топ мүшелері сөздерді қазақшаға жылдам аударып, аудармалардың алғашқы әріптері арқылы сөз құрастырады. Содан кейін шыққан сөздерден қанатты сөз, мақал немесе сөз тіркесі жасайды.
Қанатты сөз қанша сөзден тұрса, парақшалар саны да сонша болады. Топтар жұмыс істеп жатқан кезде әуен қосуға болады.
Ұсынылатын қанатты сөздер
- Туған жер — алтын бесік
- Ана тілі — ұрпақтар үні
I конверт
II конверт
III конверт
V айналым — «Капитандар сайысы»
Бұл кезеңді шешендік өнердің жалғасы деуге болады. Топ капитандары берілген тақырып бойынша қысқаша сөз сөйлейді.
Шарты
Капитандарға дайындалуға 3 минут уақыт беріледі.
Тақырып 1
Туған жер — алтын бесік
Тақырып 2
Ана тілі — ұрпақтар үні
Қорытынды
Еліміздің әрбір тұрғыны ұлттық байлығымызға өз үлесін қосып, оның орнына одан да қымбат құндылықтарға ие болады: басқа ұлттар мен халықтардың шынайы құрметіне, ертеңгі күнге сенімге, өзара қолдау мен түсіністікке.
Бұл мереке — Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдерінің ана тіліне құрмет көрсететін ортақ мейрам. Еліміз бен тіліміздің тұғыры асқақтай берсін!
Сонымен, танымдық ойынымыз өз мәресіне жетті. Қатысқандарыңызға көп-көп рақмет!