Көктем айларын ата

Бастауыш сынып мұғалімі: Гульжайнат Абдильдинова

Сабақ тақырыбы: Табиғатқа саяхат 1-сынып 3-сынып

Сабақтың мақсаттары

  • Дүниетану пәнінен алған білімдерін тексеру, анықтау және толықтыру.
  • Ойлау қабілетін, тілін дамыту; пәнге қызығушылықты арттыру; шығармашылық тапсырмалар арқылы ақыл-ойын жетілдіру.
  • Табиғатты сүюге, аялауға және қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер мен ресурстар

Слайдтар Суреттер Тірек-сызбалар

Сабақ форматы

Сабақ саяхат түрінде ұйымдастырылады. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, тапсырмалар орындап, ойындар арқылы білімдерін бекітеді.

Ұран

Мақсатымыз — білім алу. Міндетіміз — еңбектену. «5»-ке қол жеткізу.

Негізгі сұрақ

Табиғатқа не жатады? Табиғаттың тірі денелері қандай?

Саяхат бағыты

Бүгін біз аспан әлеміне, жануарлар әлеміне, орман ағаштары әлеміне, балықтар әлеміне және жәндіктер әлеміне саяхат жасаймыз.

1) Аспан әлеміне саяхат

1-сынып тапсырмалары

Бақылау • Сұрақ-жауап
  • Табиғат құбылыстарын атаңдар.
  • Күннің маңызы қандай?
  • Ауаның температурасын қандай құралмен өлшейді?
  • Қар жылдың қай мезгілінде жауады?
  • Жеміс-жидек қашан піседі?
  • Көктем айларын атаңдар.
  • Жаз айларын атаңдар.
  • Айналадағы дүниеде неше тұс бар?
  • Жылдың төрт мезгілін атаңдар.
  • Табиғат заттарына ұқсайтын адам жасаған қандай заттарды білесің?

Қосымша тапсырма

Берілген ауа райы белгілерін сөзбен айтып, түсіндіріңдер.

Практикалық жазба

Ауа мен судың қасиеттерін жазыңдар.

Су, ауа және ауа райы

  • Табиғаттағы су неше күйде болады?
  • Жауын-шашын түрлерін атаңдар.
  • Көлдер қандай болады?
  • Жел дегеніміз не? Жер бетіндегі ауаның бір жерден екінші жерге ауысуын жел дейміз.
  • Қысым, бұлттылық, температура және жауын-шашын нені қалыптастырады?
  • Желдің күші мен бағытын анықтайтын құралдарды атаңдар (желбағар, тұсбағар, термометр).
  • Бұлттың түрлерін атаңдар (шарбы, будақ, қабат).

2) Өсімдіктер әлемі

1-сынып тапсырмалары

Зерттеу • Сурет салу
  • Өсімдіктердің үш тобын атаңдар.
  • Өсімдік тіршілігіне қажетті жағдайлар қандай?
  • Өсімдік мүшелерін атаңдар.
  • Шикілей жеуге болатын көкөністерді атаңдар.
  • Өсімдіктер қалай көбейеді (тұқым, түйнек, тамырсабақ)?

Шығармашылық тапсырма

Өсімдік мүшелерінің суретін сал: ағаштың және гүлдің.

Өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы

  • Ғалымдардың есептеуі бойынша елімізде 6 мыңнан астам өсімдік түрі өседі.
  • Ылғалсүйгіш және су өсімдіктері: шалғын беде, бақбақ, қоңырбас; сусарғалдақ, тұңғиық.
  • Құрғақшылыққа төзімді: жантақ, сүттіген, жүзгін, сексеуіл.
  • Суыққа төзімді: бидай, сұлы, арпа, сарымсақ, сәбіз, пияз.
  • Мәдени өсімдіктер: адамның қатысуынсыз толық өсе алмайтын өсімдіктер.

3) Жануарлар әлемі

1-сынып: кесте, ойын, жұмбақ

Ойын • Қайталау

Кестені толтыр

Жануарлар — төлдері.

Жануар Төлі
Аю
Елік
Арқар
Түлкі
Қоян
Мысық
Барыс
Қасқыр

Ойын: «Кім жылдам?»

Сұрақтарға тез әрі нақты жауап беру арқылы ұпай жинау.

Жұмбақты шеш

Жануарлар мен табиғат нысандары туралы жұмбақтарды шешу.

  1. Қайда болсын баратын, мінсең — ұшқыр қанатың.
  2. Өзі үлкен жануар, үстінде үлкен тауы бар.
  3. Көзін жұмады, көзін ашады. Сыбысын білдірмей, ақырын басады.
  4. Адамға серік, күзетке берік.
  5. Ит сияқты пішіні, ұнатпайды кісіні.
  6. Басына өскен тарбиып, жапырақсыз бұтағы. Алады одан қан құйып, емге шипа бұл дағы.
  7. Жазда сұрғылт, қыста аппақ.
  8. Орманда жоғары, ағашқа қонады. Тұмсығын балға етіп, тоқ-тоқ соғады.
  9. Қиналмай көтеріп, өзінен ауырды. Жорғалар кетеді жүкшідей кәдімгі.

4) 3-сыныпқа арналған тереңдету

Қорғау, жіктеу және дерекпен жұмыс

Талдау • Жүйелеу
  • Қорғауға алынған өсімдіктер мен жануарлар қайда енгізіледі?
  • Қызыл кітапқа енгізілген жануарларды атаңдар.
  • Ғалымдардың есептеуі бойынша жер бетінде шамамен 2 миллиондай жануар түрі бар.
  • Жануарлар қандай топтарға бөлінеді?
  • Суда тіршілік ететін сүтқоректілерді атаңдар (итбалық, морж).

Кестені толтыр

Топтарға мысал келтір: құстар, жәндіктер, балықтар, бауырымен жорғалаушылар, сүтқоректілер.

Құстар

Жәндіктер

Балықтар

Бауырымен жорғалаушылар

Сүтқоректілер

5) Құстар әлеміне саяхат

1-сынып тапсырмалары

Тіл дамыту • Ойын

Сұрақтар

  • Жабайы құстарды атаңдар.
  • Үй құстарын атаңдар.
  • «Су бетін сызып, ақ құман жүр жүзіп» — бұл қай құс?
  • Ең суыққа төзімді құс: қаз.

Әріптерден сөз құрастыр

Берілген әріптерден табиғатқа қатысты сөздер құрап көр.

Қ А Қ У Р А Н Ы Қ Ұ Л Б Л Ұ Б Қ Л О Ы Д А Т Қ

6) «Хат»: пайдалы қазбаны тап

Бұл пайдалы қазбадан қарапайым қара қарындаш жасайды. Қарындаштың ұшы графиттен жасалады, бірақ ол өте жұмсақ. Графитке осы пайдалы қазбаны қосқанда қарындаштың қаттылығы артады: сызуға арналған қарындаш — қатты, сурет салуға арналған қарындаш — жұмсақ. Пластилин жасағанда маймен бірге осы пайдалы қазба да қолданылады.

Жауабы: Саз

Бұл пайдалы қазбаны мұқият қарасақ, бетінде өсімдік бөлшектерінің ізін көреміз. Ол жақсы жанады. Халық оны тыңайтқыш ретінде де пайдаланады.

Жауабы: Шымтезек

7) Үй жануарлар әлемі

Түсіндіру және кестемен жұмыс

Тәрбиелік мән

Талқылау

Адамдар үй жануарларын не үшін қолға үйретті?

Кестені толтыр

Үй жануарлары — төлдері.

Үй жануары Төлі
Жылқы
Сиыр
Түйе
Қой
Ешкі

Қорытынды

Табиғат — тіршілік тынысы, өмір өзегі. Адамның бар тіршілігі табиғатпен біте қайнасып жатады: бізге қажеттінің бәрі табиғаттан алынады. Сондықтан табиғатты сүйіп, аялап, қорғауды үйрену — әрқайсымыздың міндетіміз.

Бағалау

Оқушылардың жауаптары, тапсырмаларды орындауы және белсенділігі бойынша бағалау жүргізіледі.

Ескерту

Қажет болса, сабақ жоспарының толық нұсқасын жүктеп алуға болады.