Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Сабақтың тақырыбы
Тригонометриялық формулаларға есептер шығару
Мақсаты
-
1) Қолдану дағдысы
Тригонометриялық формулаларды есеп шығаруда тиімді қолдануға машықтандыру.
-
2) Ойлау мен есте сақтау
Оқушылардың логикалық ойлауын, есте сақтау қабілетін және теориялық білімін практикада қолдану дағдыларын дамыту.
-
3) Тәрбиелік мақсат
Ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа, сауаттылыққа және салыстыра білуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже
Формулаларды қолдану
Тригонометриялық формулаларды есеп шығаруда дұрыс әрі тиімді қолдана алады.
Топтық жұмыс
Топта әртүрлі тапсырмаларды орындап, ортақ нәтижеге келеді.
Бағалау
Өз жұмысын және сыныптастарының жұмысын критерий бойынша бағалайды.
Сабақ барысы
1) Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Мұғалім мен оқушылар шеңберге тұрып, бір-бірінің қолын ұстап, жылы тілек айтады. Тілек тізбектей жалғасады.
1. Қолын қысыңыз
2. Арқасынан қағыңыз
3. Күлімсіреңіз
4. Қол бұлғаңыз
5. Ұнамды қасиетін айтыңыз
Уақыты: 1 минут
2) Кіріспе ой қозғау
«Білімнен жақсырақ қазына болмас, ол бір тасқын бұлақ суы — сарқылмас.»
Осы сөздерден қандай қорытынды шығаруға болады? Бүгінгі сабағымызды білім қазынаңызды молайтатын практикалық жұмыс ретінде бастаймыз. Біз «Тригонометрия элементтері» тарауын аяқтауға жақындадық, сондықтан өткен тақырыптарды бекіту үшін тригонометриялық формулалар бойынша есептер шығарамыз.
Уақыты: 2 минут
3) Үй тапсырмасын тексеру
- Дидактикалық материалдардан: 5 есеп.
- ОЖСБ тест кітапшаларынан: осы тақырыптар бойынша 5 есепті таңдап, шығарып келу.
Қосымша 1
4) Жеке тапсырмалар
Оқушылар тригонометриялық функциялардың атауларымен топтарға бөлінеді. Әр топқа және әр оқушыға жеке тапсырмалар беріледі.
5) «Раунд Робин» әдісімен қайталау
Әр оқушыға кеңейтілген ашық сұрақтар қойылады. Жауапты жылдам әрі дұрыс беруі қажет. Қиындық туындаса, «келесі» деп келесі сұрақты тыңдауға мүмкіндік беріледі.
Қосымша 2
6) Плакатпен жұмыс (формулаларды жүйелеу)
3 оқушыға үш плакат беріледі. Оқушылар өтілген тақырыптар бойынша ережелерді және есеп шығаруда қолданылатын формулаларды тізіп жазады. Әр 2 минут сайын плакат келесі оқушыға ауысып отырады. Жұмыс плакат бастапқы иесіне қайтып келгенге дейін жалғасады.
Дайын формулалар сынып жұмысына көмекші құрал ретінде магнит арқылы тақтаға ілінеді.
7) Тақырып бойынша тапсырмаларды орындау
Оқушылар есептер шығарып, шешу жолдарын түсіндіреді. Мұғалім қажет жерінде бағыт береді, қателерді талдауға көмектеседі.
8) Ашық журналды толтыру
Орындаған тапсырмалар бойынша нәтиже тіркеледі: белсенділік, дәлдік, уақытты тиімді пайдалану және өзара бағалау.
9) Рефлексия
Сабақ соңында оқушылар бүгін нені үйренгенін, қандай тұстар қиын болғанын және келесі қадамдарын қысқаша тұжырымдайды.
Автор туралы мәлімет
- Ұйым
- Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің Қаражар жалпы негізгі білім беру мектебі (КММ)
- Пән мұғалімі
- Идрисова Анар Амангелдіқызы
- Тақырып
- Тригонометриялық формулаларға есептер шығару