Сабақтан алған теориялық білімдерін жүйелі түрде тәжірибе жүзінде көрсете білу дағдыларын қалыптастыру
Сабақ туралы мәлімет
Тақырыбы
Тармақталған алгоритмдер (презентациямен)
Сабақтың типі
Жаңа тақырыпты түсіндіру
Сабақтың түрі
Топтық және жекелей жұмыс
Көрнекіліктер
Компьютер, презентация, кеспе қағаздар, смайликтер
Пәнаралық байланыс
Математика, геометрия, ағылшын тілі
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Шартты операторлардың жазылу тәртібімен таныстыру.
- Тармақталған алгоритмдерді бағдарламалауды үйрету.
- Теориялық білімді тәжірибеде жүйелі түрде қолдану дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық
- Бағдарламалау тілінде жұмыс істей білу дағдыларын дамыту.
- Ойлау қабілетін және өз білімін сауатты жеткізе білуді жетілдіру.
- Пәнге қызығушылықты арттыру.
Тәрбиелік
- Оқушылардың белсенділігін арттыру.
- Компьютерлік сауаттылыққа баулу.
- Өзара көмектесуге және өзін-өзі бағалауға тәрбиелеу.
Сабақтың жоспары
- 1 Ұйымдастыру
- 2 Үй тапсырмасын қайталау: «Лото» ойыны, «Ішіне – сыртына»
- 3 Жаңа сабақты түсіндіру: «Ребус»
- 4 Практикалық жұмыс: деңгейлік тапсырмалар
- 5 Сабақты пысықтау: тест
- 6 Үй тапсырмасы
- 7 Оқушыларды бағалау
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, түгелдеу, назарларын сабаққа аудару.
2) Үй тапсырмасын тексеру
Формат: «Лото» ойыны
Сұрақ 1
Шамалар қалай бөлінеді?
Шамалар тұрақты және айнымалы болып бөлінеді. Тұрақты — алгоритмді орындау барысында мәні өзгермейтін шама.
Сұрақ 2
Айнымалы шама дегеніміз не?
Айнымалы — алгоритмді орындау барысында мәні өзгеретін шама.
Сұрақ 3
Алгоритм өңдейтін шамалар қалай бөлінеді?
Алгоритм өңдейтін шамалар кірістік деректерге, шығыстық деректерге және аралық есептеулерге қажетті деректерге бөлінеді.
Сұрақ 4
Аргумент дегеніміз не?
Аргумент — кірістік (немесе бастапқы) деректер. Әдетте арг қызмет етуші сөзімен белгіленеді.
Сұрақ 5
Нәтиже дегеніміз не?
Нәтиже — шығыстық деректер. Әдетте нәт қызмет етуші сөзімен белгіленеді. Аралық шамалар тізімі басы қызмет етуші сөзінен кейін жазылады және олардың мәні тек алгоритм ішінде пайдаланылатынын көрсетеді.