Қай топтың ойы ұшқыр

Математика (3-сынып)

Сабақтың тақырыбы: Есепті әр түрлі тәсілмен шығару

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: есепті әр түрлі тәсілмен шығару; көбейтудің қасиеттерін қолдану; өрнектерді және олардың мәндерін салыстыру дағдысын жетілдіру.
  • Дамытушылық: танымдық қабілетін, ойлауын, зейінін және есте сақтауын дамыту.
  • Тәрбиелік: өзгені тыңдауға және өз ойын еркін айтуға баулу, пәнге қызығушылығын арттыру.

Әдістер

Ой қозғау Сұрақ-жауап Логикалық ойлау Машықтық жұмыс Көрнекілік

Сабақ форматы

Сабақ ойын түрінде өтеді: үш «банк» бәсекеге түседі, ал аудитор банк есепшотын тексеретін оқушы ретінде сайланады.

Альянс банкі
Халық банкі
Тұран Әлем банкі

Мақсат — есептерді дұрыс әрі жылдам шығарып, тәртіп сақтап, ең көп балл жинаған топты анықтау. Ең жоғары нәтижеге жеткен топ «Үздік банк» атанады.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Біздің ұранымыз:

Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,
Математикаға орын берсең басыңнан,
Барлық ғылым саған үйір болады,
Досың — солар, табылатын қасыңнан.

II. Қызығушылықты ояту

  • «Банк» дегеніміз не?
  • Қандай банктерді білесіңдер?

Бүгінгі сабақ ойын түрінде өтеді. Үш топ «банк» болып жұмыс істейді, ал аудитор олардың нәтижесін бақылайды.

III. Өткен сабақты пысықтау

Бұрын өткен ұғымдар мен амалдарды еске түсіру, негізгі қағидаларды қайталау.

IV. Үй тапсырмасын тексеру

№6 тапсырма: теңдеулерді шешу

I бөлім. Ой тұжырымдау

Теңдеу дегеніміз не?

Құрамында белгісізі бар өрнек.

Периметрді қалай табамыз?

Төртбұрыштың барлық қабырғаларының қосындысын табамыз.

Ауданның өлшем бірлігі

см² (шаршы сантиметр).

Көлем белгіленуі

V.

Төртбұрыштың ауданын қалай табамыз?

Ұзындығы мен енін көбейтеміз.

Көбейтудің қасиеттері

  • Ауыстырымдылық қасиеті.
  • Терімділік қасиеті.
  • Үлестірімділік қасиеті.

II бөлім. Мағынаны тану

Күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазу. Топтық жұмыс: «Ұтыс» ойыны. Оқулықпен жұмыс.

Топтық тапсырмалар (есепті әр түрлі тәсілмен шығару)

I топ — №1 тапсырма

«Бал» есебі

Шарты

  • 1-омартадан — 18 кг бал
  • 2-омартадан — 9 кг бал
  • Әр ыдысқа — 3 кг-нан бөліп салынды

1-тәсіл

(18 + 9) : 3 = 9

Алдымен жалпы бал мөлшерін қосамыз, кейін 3 кг-нан бөлеміз.

2-тәсіл

18 : 3 + 9 : 3 = 6 + 3 = 9

Әр омартаның балын бөлек бөліп, соңында қосамыз.

Жауабы

9 ыдыс қажет.

II топ — №3 (1-б) тапсырма

Тік төртбұрыштың ауданы

Берілгені

  • Ұзындығы — 7 см
  • Ені — 3 см
  • Табу керек: ауданы

Шешуі (екі тәсіл)

S = 7 × 3 = 21 см²

S = 3 × 7 = 21 см²

Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті қолданылады.

Жауабы

Ауданы 21 см².

III топ — №2 (2-б) тапсырма

Тік төртбұрыштың периметрі

Берілгені

  • Ұзындығы — 7 см
  • Ені — 3 см
  • Табу керек: периметрі

Шешуі (үш тәсіл)

7 + 3 + 7 + 3 = 20 см

7 × 2 + 3 × 2 = 20 см

(7 + 3) × 2 = 20 см

Бір есептің бірнеше жолмен шығатынын салыстырып көреміз.

III бөлім. «Қай топтың ойы ұшқыр?»

№2 тапсырма: бос торкөздерге тиісті сандарды тауып жазыңдар.

Оқушылар дәлелдеп жауап беруге, бірнеше тәсілді салыстыруға және ең тиімді жолын таңдауға үйренеді.