Тұрақты тіркестердің жасалу жолын, олардың мағыналарын түсіндіру
Сабақтың тақырыбы: Тұрақты тіркестер
Бұл сабақта тұрақты тіркестердің жасалу жолы мен мағынасы түсіндіріледі, оқушылардың ауызекі сөйлеу тілі дамытылады және алған білімдерін жүйелі қолдануға дағдыландырылады. Сондай-ақ пәнге қызығушылықты арттыру көзделеді.
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Сабақтың әдісі
Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу
Көрнекілігі
Интерактивті тақта, тірек сызбалар
Сабақтың мақсаты
- 1 Тұрақты тіркестердің жасалу жолын және олардың мағыналарын түсіндіру.
- 2 Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту, пән бойынша алған білімдерін жүйелі түрде қолдана білуге дағдыландыру.
- 3 Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу, оқушыларды отырғызу.
- Кезекшімен қысқа диалог жүргізу.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Алдыңғы тақырып бойынша берілген тапсырмалар тексеріліп, түсінбеген тұстар қысқаша қайталанады.
III. Жаңа сабақ
Сабақтың тақырыбына шығу: сөзжұмбақ шешу арқылы оқушылардың қызығушылығын оятып, тақырыпты анықтау.
Түсіндіру: тірек сызба арқылы тұрақты тіркестердің ерекшеліктерін жүйелі түрде түсіндіру.
1-тапсырма: Топпен жұмыс
КарточкаларменӘр топқа сөз тіркестері жазылған карточкалар таратылады. Тапсырма: олардың ішінен тұрақты тіркестерді теріп жазу. Кейін әр топ өз жауабын оқиды, ал басқа топтар дұрыстығын бағалайды. Қате болса, дәлел келтіреді.
IV. Сабақты меңгерту
2-тапсырма: Мағынасын жазу
Тұрақты тіркестер
- Ағама жеңгем сай, апама жездем сай
- Арқа сүйеу
- Бауыр басу
- Инемен құдық қазғандай
- Опық жеу
- Маңдай тер
- Өрісі кең
- Кірпік қаққанша
3-тапсырма: Қатені тап
Тұрақты тіркесті дұрыс нұсқасына келтіру
Төмендегі тіркестерде әдейі қате жіберілген. Тапсырма: қатені анықтап, дұрыс нұсқасын ұсыныңыз.
- Қадалған жерден су алу
- Үй көтерді
- Жерден алты қоян тапқандай
- Ешкі аузынан шөп алмас
- Екі аяғын екі етікке тығу
4-тапсырма: Топтар арасындағы сайыс
Синоним/антоним
Әр топ кезектесіп мағынасы синоним немесе антоним болатын тұрақты тіркестерді айтады.
Мысал: су жүрек — жүрек жұтқан, т.б.
5-тапсырма: Сөздерге тұрақты тіркес жазу
Мағыналас тіркестерді табу
Тез: қас пен көздің арасында; кірпік қаққанша
Қуану: ...
Өкіну: ...
Назар аудару: ...
6-тапсырма: «Сиқырлы сандықша»
Ойын элементі
Сандықшаның ішінен оқушылар тұрақты тіркес жазылған қағазды қарамай алады да, сол тіркестің беретін мағынасын ауызша түсіндіреді.
V. Сабақты қорытындылау
Тест тапсырмаларын орындау арқылы білім бекітіледі.
VI. Үй тапсырмасы
Тұрақты тіркестерді қатыстырып шағын эссе жазу.
VII. Бағалау
Оқушылардың топтық жұмысқа қатысуы, жауаптарының дәлдігі және белсенділігі негізінде бағалау жүргізіледі.