Бағалау парағы бойынша топ басшысына сөз беру

Тақырып: Болымды және болымсыз етістік

Бұл сабақ болымды және болымсыз етістікті түсіндіруге, оқушылардың грамматикалық білімін кеңейтуге арналған. Сабақ дәстүрлі емес форматта — аукцион-сабақ түрінде ұйымдастырылады: білім арқылы «зат сатып алу» идеясы оқушылардың қызығушылығын арттырып, белсенді қатысуға жетелейді.

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: етістік бойынша алған білімді пысықтау; сөйлем ішінен етістікті тауып, талдап, ажырата білуге дағдыландыру.
  • Дамытушылық: ойлау, талдау, салыстыру қабілеттерін; тіл байлығын және көркем жазу дағдыларын дамыту.
  • Тәрбиелілік: достыққа, табандылыққа, шығармашылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Ұйымдастыру мәліметтері

Сабақтың түрі
Дәстүрлі емес
Сабақтың типі
Аукцион-сабақ
Әдіс-тәсілдер
Ой қозғау, сұрақ-жауап, шығармашылық жұмыс, ойындар
Технология
Дамыта оқыту технологиясы
Көрнекіліктер
Суреттер, кесте, бағалау парағы, слайдтар
Пәнаралық байланыс
Ана тілі, дүниетану, бейнелеу, өзін-өзі тану

Сабақтың құрылымы

I. Бағдарлау – мотивациялық кезең

Ұйымдастыру, психологиялық даярлық, оқушыны сабаққа жұмылдыру.

II. Операциялық – орындаушылық кезең

Оқулықпен жұмыс, өздік жұмыс, тапсырмалар арқылы білімді қолдану.

III. Рефлексиялық – бағалау кезеңі

Бекіту, қорытындылау, рефлексия, бағалау.

I кезең: Бағдарлау – мотивациялық бөлім

Топқа бөлу

  • 1-топ: Зерделілер
  • 2-топ: Зеректер

Психотренинг: «Біз кімбіз?»

Жарқын болсын күніміз,
Жарқын шықсын үніміз.
Елін сүйіп ер жетер,
Біз — болашақ гүліміз.

Ой қозғау

«Адамзат үшін ХХІ ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру бүгінгі мектеп оқушылары — сіздердің еншілеріңіз». — Н. Назарбаев

Оқушылар еліміздің болашағы ретінде білімді, ғылымды, техниканы жақсы меңгеруі қажет. Осы мақсатта бүгінгі сабақ аукцион формасында өтеді.

«Қазақстан – 2050» стратегиясымен байланыс

Елбасының «Қазақстан – 2050» стратегиясы — қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Үш негізгі бөлімге тоқталады:

  1. Қалыптасқан Қазақстанның дағдарыста сыналуы
  2. ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатері
  3. «Қазақстан – 2050» стратегиясы — жаңа Қазақстанның жаңа саяси бағыты

Үшінші бөлімнің 8-тармағында ауыл шаруашылығын жаңғырту, өнім өңдеу және шаруа қожалықтарын дамыту мәселелері ерекше аталады. Сондықтан бүгінгі «аукциондағы» заттар ауыл шаруашылығымен байланысты болады.

Ауылдағы шаруашылықтар туралы қысқаша

Аралтоғай ауылында 24 шаруа қожалығы бар. Негізгі бағыттары: шөп шабу және мал шаруашылығы. Әр шаруашылықта шамамен 6–7 қызметкер еңбек етеді.

Ірі шаруа қожалықтары

  • Баянауыл — Наурызбаев А. (ірі қара, қой, жылқы)
  • Қолғанат — Сағындықов Ораз (мал шаруашылығы, шөп шабу)
  • Ақдәулет — Қожабаев Еркін (мал шаруашылығы)
  • Өріс, Бейбіт, Наурызбай, Әділет және т.б.

Аукцион деген не?

Аукцион — көпшілік алдында өтетін бәсекелі сауда: кім ең жоғары баға ұсынса, сол ұтып алады. Сөз төркіні латын тілінен, мағынасы — «сатып алу».

Бүгінгі сабақта «баға» орнына білім, дәлелді жауап, дұрыс орындалған тапсырма ұсынылады. Яғни заттарды білімімізбен «сатып аламыз».

II кезең: Операциялық – орындаушылық бөлім

Аукционға қош келдіңіздер!

Әр лот — тапсырма. Дұрыс әрі толық жауап берген топ лотты жеңіп алады.

Лот 1: Комбайн

Күрделі жұмыс машинасы: бірнеше істі қатар атқарады

Тапсырма: «Зерделі сұрақ — дәлелді жауап»

  • Зат есім дегеніміз не?
  • Зат есімнің түрлерін ата.
  • Жалқы есім дегеніміз не?
  • Етістік дегеніміз не?
  • Етістіктің түрлерін ата.
  • Туынды етістік дегеніміз не?

Мәліметті топтастыру

Дара – күрделі
бар — бара жатыр
Негізгі – туынды
күт — күтті
Болымды – болымсыз
кел — келме

Көркем жазу минуты

Бар — барма.
Айт — айтпа.

Ескерту: болымсыз етістік көбіне -ма/-ме, -ба/-бе, -па/-пе жұрнақтары арқылы жасалады.

Лот 2: Трактор

Пайдасы: жер жыртады, егін салады, шөп шабады, жер тазалайды

1-жаттығу: Өздік жұмыс «Кім шапшаң?»

Берілген етістіктерге -ма/-ме, -ба/-бе, -па/-пе жұрнақтарын жалғап, болымсыз етістік жаса.

1-топ

Жаз → жазба
Сана → санама
Кел → келме
Тұр → тұрма
Шақыр → шақырма

2-топ

Ки → киме
Қайт → қайтпа
Төк → төкпе
Қаз → қазба
Без → безбе

Лот 3: Сәйгүлік

Жылқы — төрт түліктің қазынасы, төзімді; көлік әрі тағам ретінде де пайдаланылады

2-жаттығу: Тыйым сөздерді көшіріп жаз

  1. Аққу киелі құс саналады, сондықтан аққуды атуға болмайды.
  2. Құмырсқаның илеуін, қарлығаштың ұясын бұзба.
  3. Автобуста қарттарға және өзіңнен үлкендерге орын бер.
  4. Малды аяғыңмен теппе.
  5. Нанды бір қолмен үзіп жеме.
  6. Кітапты таза ұста.
  7. Құстарға жемсауыт жаса.
  8. Сүт тағамдарын жерге төкпе.

Сергіту сәті

Аспанға қарап ай көрдік,
Төменге қарап жер көрдік.
Оңға-солға бұрылып,
Егеменді ел көрдік!

Лот 4: «Сыбаға» бағдарламасымен әкелінген ақбас сиыр

Төрт түлік мал: еті, сүті, терісі пайдалы

3-жаттығу

1-топ

Болымды етістіктерді теріп жаз.

2-топ

Болымсыз етістіктерді теріп жаз.

«Білім» өлеңі

Білім деген байлық бар,
Еш байлық оған жетпейді.
Жасыңда оқып, жиып ал,
Тепкілесең кетпейді.

Өртіңе ол күймейді,
Ұрылар да тимейді.
Жатып ішер, жамбастап
Жалқауды ол сүймейді.

Лот 5: Еділбай қойы

Төрт түлік: еті мен терісі пайдалы

4-жаттығу: Болымды етістіктерді болымсызға айналдыр

1-топқа берілетін сөздер

Қозғалақта, жалтақта, жүгір, сығала.

Қозғалақтама, жалтақтама, жүгірме, сығалама.

2-топқа берілетін сөздер

Көшір, мазала, сыбырла, талда.

Көшірме, мазалама, сыбырлама, талдама.

III кезең: Рефлексиялық – бағалау бөлімі

Шығармашылық тапсырма

1) Әріптерден сөз құра

Берілген әріптерден болымды және болымсыз етістікке бірнеше сөз құрастыр: А, Б, Ы, Қ, М, Е, П, Л, Р, С, И.

2) Ой толғау

Не үйрендік? Не білдік?

Үй тапсырмасы

5-жаттығу. Ережені жаттау.

Бағалау

Бағалау парағы бойынша топ басшысының қорытынды сөзі.

Қорытынды ой

Бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосылудың басты шарты — білім.

Сабақты Н. Д. Зелинскийдің ойымен түйіндейміз: «Ешқашан да “бәрін білемін, енді маған бұдан артық үйренетін ештеңе жоқ” деп ойлама».

Дамыған заманда білімімізбен алда көрінейік. Назарларыңызға рақмет!