Сөз және оның мағынасы
Тақырып: Сөз және оның мағынасы
Бұл сабақ тыңдалым мен сөйлеу дағдыларын дамытуға, сондай-ақ сөздердің мағынасын ажыратуға бағытталған. Оқушылар синоним, антоним, омоним ұғымдарын түсініп, оларды сөйлеу барысында қолдануды үйренеді.
Оқу мақсаттары
- Тыңдалған материал бойынша түсінбеген сөздерді белгілеу және мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру.
- Синоним, антоним, омоним сөздерді ажырату, мағынасын түсіну және сөйлеу барысында қолдану (сөздікпен жұмыс).
- Мұғалімнің көмегімен жіберілген пунктуациялық және орфографиялық қателерді түзету.
- Көптік жалғауларын дұрыс қолдану.
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар:
Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды және тақырыпты меңгереді.
Оқушылардың басым бөлігі:
Тақырыптың маңызын дәлелдеп түсіндіре алады.
Кейбір оқушылар:
Өз білімін сыныптастарына түсіндіріп, оқулықтан тыс ресурстарды қолдана алады.
Бағалау критерийлері
- Жеке, жұптық және топтық тапсырмаларды орындай алады.
- Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
- Қарама-қарсы мағыналы сөздерді (антонимдерді) анықтайды.
- Айтылуы бір, мағынасы әртүрлі сөздерді табады және ажыратады (омонимдер).
- Дыбысталуы ұқсас не бірдей, мағыналары бөлек сөздерді орынды қолданады.
Ресурстар және әдіс-тәсілдер
Ресурстар
- Оқулық, суреттер, әртүрлі заттар
- Топтық тапсырмалар, кері байланыс, слайд
Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру
- Ойын, көрнекілік, рефлексия
Пәнаралық байланыс
Музыка, қазақ тілі, математика, әдебиеттік оқу.
Сабақтың барысы
Басталуы
Оқушыларды топқа бөлу, топ қағидаларын таныстыру және топ көшбасшысын сайлау.
Психологиялық ахуал қалыптастыру
Қол ұстасып бәріміз, жылылықты сеземіз.
Шуағын шашқан күндей боп, күлімсіреп жүрейік.
Ортасы
Білу және түсіну
Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.
Қызығушылықты ояту: «Ой толғау» стратегиясы
Интерактивті тақтада сағаттың суреті көрсетіледі. Сағаттағы 19 әріптен 4 сөз шығару қажет: әріптерді сағат тілі бағытымен белгілі бір жүйемен, бірде-бір әріпті аттамай, ретімен оқығанда бүгінгі сабақтың тақырыбы анықталады.
Нәтиже:
Сабақтың тақырыбы — «Сөз және оның мағынасы».
Мақсат қою
- Әртүрлі тапсырмалар мен жаттығулар орындау.
- Сөздердің мағынасын ажыратуды үйрену.
- Әр сөздің өзіне тән мағынасы бар екенін түсіну.
«Жекпе-жек» тапсырмасы
Әр топ өз тапсырмасын алады. Тапсырма бойынша негізгі ойды ашып, ережені түсіндіреді және мысалдар келтіреді.