Фонетика патшалығы
Сабақ туралы қысқаша ақпарат
Тақырып
Фонетикадан өткенді қайталау
Сабақ түрі
Білімді бекіту сабағы
Мақсат
Фонетикадан алған білімді жинақтау және бекіту.
Міндеттері (білімдік)
Фонетикадан алған білімін тексеру, жинақтау және бекіту.
Міндеттері (дамытушылық)
Оқушылардың ойлау, сөйлеу, ойын жеткізу қабілеттерін және шығармашылығын дамыту.
Міндеттері (тәрбиелік)
Бір-бірін сыйлауға, оқуға, білімге құштарлыққа және әдебиетті сүюге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы, ақпараттық оқыту технологиясы.
Көрнекіліктер
Интерактивті тақта, слайд, плакат және т.б.
Пәнаралық байланыс
Әдебиет
Сабақтың құрылымы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу.
- Топқа бөлу.
II. Қызығушылықты ояту
Ой қозғау
«Т» әрпінен басталатын қандай жақсы көретін сөздеріңіз бар?
Ақыл қалта
Тілегім бар бір ғана:
Шығып ал да арманыңның шыңына,
Сосын мейлі ұш та самға, сырғана.
III. Мағынаны тану
Ертеде Фонетика патшалығы елінде Фонетика деген патша болыпты. Жан-жақты, үбірлі-шүбірлі, өсіп-өнген патшаның ұрпағы бүгін бізге қонаққа келіпті. Ендеше, оларды «үй-үйге» бөліп орналастырайық.
Әріптер тізімі
Т, Ә, Б, В, Г, Ғ, Д, Е, Ё, Ж, З, И, Й, К, Қ, Л, М, Н, Ң, О, Ө, П, Р, С, А, У, Ұ, Ү, Ф, Х, Һ, Ц, Ч, Ш, Щ, Ъ, Ы, І, Ь, Э, Ю, Я.
I топ
Жуан және жіңішке дауыстылар.
II топ
Ашық, қысаң, еріндік, езулік дауыстылар.
III топ
Дауыссыз дыбыстар: қатаң.
IV топ
Дауыссыз дыбыстар: ұяң және үнді.
«Жуан және жіңішке сұрақтар»
Терең сұрақтар
- Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар қандай?
- Үндестік заңы деген не?
- Ілгерінді ықпал деген не?
- Кейінді ықпал деген не?
- Тасымалданбайтын сөздер қандай?
Нақты (жіңішке) сұрақтар
- Әріп деген не?
- Буын деген не?
- Неше әріп бар?
- Қосарлы дыбыстарға нелер жатады?
- Неше дауысты дыбыс бар?
Сатылай кешенді талдау
I топ
«Мұрагер»
II топ
«Талабым»
III топ
«Таудай»
IV топ
«Баламын»
Семантикалық карта
| Мысалдар | Дұрыс | Бұрыс |
|---|---|---|
| Ба-қыт-ты | — | — |
| Бал-ал-лық | — | — |
| Сау-ық | — | — |
| Жай-ық | — | — |
| Ар-ман-да | — | — |
| Бас-шы | — | — |
| Тау-дай | — | — |
| Дос-ым | — | — |
| Оқ-у-шы | — | — |
| Се-зім | — | — |
| Мысалдар | Ілгерінді ықпал | Кейінді ықпал |
|---|---|---|
| Мектебім | — | — |
| Көрігі | — | — |
| Жас шағым | — | — |
| Серігі | — | — |
| Құсша | — | — |
| Көп бала | — | — |
| Қонысбай | — | — |
| Ақ лақ | — | — |
Өзіндік жұмыс
Өлең жолдарын буынға бөліп жазыңыз:
Мен таулықпын,
Қыранның балапаны.
Маған дағы тауымның таңы атады.
Қарапайым, қалтқысыз жырларымды
Қажетіне өз халқым жаратады.
IV. Ой толғаныс
Ақынға хат
М. Мақатаевқа арнап қысқа хат жазыңыз: өлеңнен алған әсеріңізді, ойыңызды және бір сұрағыңызды қосыңыз.
Сабақтан алған әсерім
Бүгінгі сабақта не үйрендіңіз? Қай тапсырма қызықты болды? Нені әлі де нақтылағыңыз келеді?
V. Үй тапсырмасы
«Фонетика патшалығы»
Ертегіні аяқтап жазыңыз.