Басқатырғыш сөздер аялдамасы

Сыныптан тыс шара: «Ойланбақтар әлеміне саяхат»

Пән / сынып

Ана тілі, 3-сынып

Сабақтың түрі

Саяхат-сабақ (ойын элементтерімен)

Әдісі

Сұрақ–жауап, топтық жұмыс, жарыс

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, қазақ тілі

Мақсаты

  • Оқушылардың білім, білік дағдыларын байқап, жүйелеу.
  • Ойлау қабілетін, тапқырлығын, оқуға ынтасын арттыру; дүниетанымын кеңейту.
  • Сөздік қорын молайту, қосымша ізденіске баулу.
  • Туған елін, жерін сүюге, елжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі

Суреттер, топ атаулары, ертегілерден үзінді суреттер, интерактивті тақта.

Барысы

I. Ұйымдастыру

Мұғалім оқушыларды «Ойланбақтар әлеміне» қиялмен саяхатқа шақырады.

Әңгіме өзегі

  • «Қандай әлемді (планетаны) білесіңдер?»
  • «Ойланбақтар әлемі» дегенді естіп көрдіңдер ме?
  • Бұл әлемге өту үшін жұмбақтар шешіп, тапсырмалар орындау қажет екені түсіндіріледі.

Топқа бөлу

I топ

Ойшылдар

II топ

Ойсақтар

III топ

Алғырлар

I аялдама. «Сиқырлы сөздер»

Аялдама ханшайымы оқушылармен амандасып, сәлемдесудің әдептілік белгісі екенін еске салады.

Талқылау сұрақтары

  • Қандай сәлемдесу түрлерін білесіңдер?
  • Басқа тілдерде қалай амандасады? (орысша, ағылшынша)

Мысалдар

  • Қытай: нехао
  • Түркия: мираба
  • Франция: бонжур

Поступишь ты вежливо и мудро,

Если, проснувшись, скажешь: «Доброе утро!»

Днем говорить совсем не лень,

При встрече людям: «Добрый день!»

Нәтиже

Оқушылар I аялдамадан сүрінбей өтеді.

II аялдама. «Басқатырғыш сөздер»

Бұл аялдамада сөз құрау арқылы жасырынған жұмбақ сөздерді табу керек.

I топ — Ойшылдар

Алғы жеке бөлікте —
Жалғыз деген ұғыммын.
Барлық санға тұғырмын.

Соңғы екі бөлікте —
Ескіше ай атымын,
Не ас қамдар затыңмын.

Қос екеуін анықта:
Құспын, тоймас балыққа.

Жауабы: бір + қазан

II топ — Ойсақтар

Ең алғашқы бөлікте —
Су үңгіген табанын,
Терең де тік жағамын.

Соңғы екі бөлікте —
Құстың көкте қағатын
Қауырсынын тап атын.

Қос екеуін дәлдікпен:
Түнде ұшар жәндікпін.

Жауабы: жар + қанат

III топ — Алғырлар

Алғашқы бір бөлікте —
Бір аптаны атқардым,
Көп қолданар тақ санмын.

Ал екінші бөлікте —
Бармын бұлақ, өзенде,
Нәрмін, балмын мен елге.

Қос екеуін дұрыстап:
Жермін — қонған ырыс, бақ.

Жауабы: жеті + су

III аялдама. «Қас-қағым сәт»

Мақал-мәтелдерді қаншалықты меңгергенін тексеру кезеңі. Оқушылар кезектесіп:

  • Отан туралы,
  • Еңбек туралы,
  • Оқу-білім туралы мақал-мәтел айтады.

Сергіту сәті

«Кел, балалар, ойнайық» әні.

IV аялдама. «Аукцион»

Оқушылар «Ана тілі» пәнінен өткен шығармаларды білімдері арқылы «сатып алады»: интерактивті тақтада шығарманың сөздері рет-ретімен көрсетіледі. Сөз саны аз болған сайын — ұпай жоғары. Шектеу: 1–10 сөз.

I топ

«Шыңғыс, балам, Шығыс әдебиеті мен тарихынан хабардар болсын деп Әубәкір молданы...»

Жауабы: «Шоқан» — Сапарғали Бегалин

II топ

«Жолдастарының сеніміне кіру үшін оған қанша уақыт қажет боларын кім білсін...»

Жауабы: «Күмән» — Машқар Гумеров

III топ

«Қазақтан келген жолаушыларды аралап, жансыз байқап, ішінде бітім алып қайтуға тұрарлық кісі болса, сынап маған алып кел...»

Жауабы: «Қазақ, қалмақтың тыныштығы болсын» — Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

Қосымша айналым (өлең жолдары арқылы)

«Отан дейміз от жаққан жерімізді, Отан дейміз өсірген елімізді.»

«Отан» — Өтебай Тұрманжанов

«Бақытым бар үшінші — Отан деген. Кім мықты? — десе біреу — Отан дер ем.»

«Үш бақытым» — Мұқағали Мақатаев

«Даналық — өшпес жарық, кетпес байлық. Жүріңдер, іздеп тауып алалық та!»

«Оқуға шақыру» — Ахмет Байтұрсынұлы

V аялдама. «Шытырман ертегілер»

Интерактивті тақтада ана тілі пәнінен өткен ертегілердің үзінді суреттері көрсетіледі. Суреттер ретсіз беріледі. Топтар ертегінің мазмұнына сай суреттерді жүйелеп орналастырады.

I топ

«Туған топырақ» ертегісі

II топ

«Жапалақ пен тоқылдақ» ертегісі

III топ

«Бай мен жалшы» ертегісі

VI аялдама. «Оймақтай ой»

Оқушылар бағыт-сызықтармен ретімен жүріп отырып, нақыл сөзді табады. Кейін оның мағынасын түсіндіреді.

Жауабы

Ұқыпты — ұтар, іздеген — табар.

Қорытынды

Әр топтың ұпайы есептеледі.

Жиналған ұпай санына қарай оқушылардың білім деңгейі бағаланады.