Әжейдің ертегісі
Сабақтың тақырыбы
Қауын мен Қарбыз
Сабақтың мақсаты
Жолтай Әлмашевтың «Қауын мен Қарбыз» атты ертегі-әңгімесімен танысу, мазмұнын түсіну және ой қорытынды жасай білуге үйрету.
Оқыту нәтижелері
- Әңгіме мазмұны бойынша сурет сала алады.
- Мәтін мазмұнын жүйелі түрде әңгімелей алады.
- Мәтін бойынша ой қорытып, тұжырым жасай алады.
Дереккөздер
- «Ана тілі», Атамұра, 2012.
- Ғаламтор материалдары.
- «Менің алғашқы энциклопедиям».
Сабақ барысы
Тапсырмалар тізбегі
- 1 Ұйымдастыру. «Шаттық шеңбері».
- 2 Қызығушылықты ояту. «Жоқ көкөністі тап» ойыны.
- 3 Рөлдеу. Үй тапсырмасын орындау.
- 4 Ой қозғау. «Ыстық орындық».
- 5 Сергіту сәті.
- 6 «Әжейдің ертегісі». Мюнстенберг әдісі.
- 7 «Ойлан, топтас, талқыла».
- 8 Қорытындылау. «Жіпке ілінген сұрақтар».
- 9 Бағалау.
- 10 Рефлексия.
Сабақтың өзектілігі
Қызығушылықты ояту
Оқушылардың өткен тақырып пен жаңа білімді байланыстыруына мүмкіндік беру, белсенділігін арттыру.
Ой қозғау
Оқушының белсенділігін және танымдық қабілетін дамыту, пікір айтуға ынталандыру.
Мұғалімнің әрекеті
Психологиялық көңіл күй қалыптастыру
Жылы жымию арқылы сыныпта жағымды ахуал орнатып, оқушыларды жаңа сабаққа бағыттау.
Ойынның мақсаты
- Оқушылардың өзіне деген сенімін арттыру.
- Өзара сыйластық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
- Көңіл күйді көтеріп, сабаққа жұмылдыру.
Сұрақ-жауап арқылы ынталандыру
Мұғалім сұрайды: «Балалар, күннен не таралады?»
Күтілетін жауаптар: шуақ, нұр, шапақ, сәуле, жылу, жарық.
«Осы әдемі күн сияқты біз де бір-бірімізге әдемі күлкімізді сыйлайық».
Оқушылардың іс-әрекеті
Шаттық шеңбері
Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтып, біріне-бірі қарап жылы жымияды.
Топқа бөліну
Қарбыз, қауын, асқабақ суреттері арқылы оқушылар үш топқа бөлініп отырады.
«Жоқ көкөністі тап» ойыны
Оқушылар берілген суреттерден қарбыз, қауын, асқабақ сияқты атауларды табады, сондай-ақ өрік, шабдалы, алмұрт секілді жемістерді ажыратып айтады.
Үй тапсырмасы: рөлдеу
«Ормандағы оқиға» ертегі-әңгімесін рөлге бөліп ойнайды.