Қуанышы бүгінгі, Құтты болсын тойларың

Тілашар тойының көрінісі

Зал шарлармен, гүлдермен безендірілген. Тақырыпқа сай слайдшоу дайындалған.

Мақсаты

  • Оқушылардың тілін дамыту.
  • Мектеп, мұғалім, оқушы, оқулық туралы түсініктерін қалыптастыру.
  • Үлкенді құрметтеу, сыйлау, еңбекті бағалау.
  • Отбасына, туған жеріне құрмет көрсете білуге тәрбиелеу.

Ұйымдастыру кезеңі

Жүргізуші ата-аналар мен ұстаздарды тілашар тойына қарсы алып, бір жыл бойы оқып-үйренген балалардың 1-сыныпқа қадам басуын ерекше мереке ретінде атап өтеді.

Назар аударыңыз

Бұл бөлімде қонақтарды қарсы алу, құттықтау және балаларды қошеметпен шақыру рәсімі орындалады.

Жүргізушінің құттықтау сөзі

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Тілашар тойына қош келдіңіздер. Бүгін біз бір жыл бойы оқытып, тәрбиелеген балаларымызды 1-сыныпқа шығарып салғалы отырмыз. Әрине, бұл да үлкен мереке. Тойларыңыз құтты болсын!

Өтті қызық көп күндер, Жеті жасқа жеттіңдер. Бір белестен өттіңдер, Өсті ақыл-ойларың. Қуанышы бүгінгі, Құтты болсын тойларың.

Жүргізуші: Қол соғып, қошеметпен балаларымызды қарсы алайық!

Балалардың тақпақтары мен өнері

Зейнеп

Кешегі сәби балаңыз, Жарады, міне, қараңыз. Ғылым-білім жолына Енді қадам саламыз.

Нұртілек

Біз бақытты баламыз, Қағаз, қалам аламыз. Ұстаздарымыз үйреткен Әріптерді саламыз.

Хор

«Мұғалім — ол біздің!»

Молдаби

Алты жасқа жеткенім, Еркеліктен кеткенім. Кітабымды қолтықтап, Мектебіме беттедім.

Жанбота

Мынау менің сезгенім — Ол сыныптың анасы. Өзінің де, өзгенің Баласы — оның баласы.

Ән

«Әнші балапан»

Зейін

Алты жасқа біздей толған баланы Мектеп ана құшағына алады. Ата-ана, қуаныңыз шаттанып, Шәкірт болды міне биыл балаңыз.

Би

«Үнді биі»

Сахналық диалог: «Білім ханшасы»

Білім ханшасы: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Балалар: Сәлеметсіз бе!

Білім ханшасы: Мені таныдыңдар ма?

Балалар: Иә.

Білім ханшасы: Мен кіммін?

Балалар: Білім ханшасысыз.

Білім ханшасы: Дұрыс айтасыңдар, балалар. Ең алғаш қазақ балаларына арнап мектеп ашып, әліппе жазған кім?

Балалар: Ыбырай Алтынсарин.

Білім ханшасы: Ыбырай Алтынсарин аталарыңның «Кел, балалар, оқылық» өлеңін білесіңдер ме?

Нұртілеу

Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық. Оқысаңыз, балалар, Шамнан шырақ жағылар. Іздегеннің алдыңнан Сұрамай-ақ табылар.

Білім ханшасы: Рақмет! Ал енді мектепке барғанда ең бірінші оқитын кітаптарың — «Әліппе» туралы тақпақ айтып беретін кім?

Мәлімет

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Сыңғырлау селосы, «Сыңғырлау мектеп-балабақша кешені» КММ.

Дайындық тобы жетекшісі: Құрманбаева Жайлыгүл.