Оқушылардың білімін бағалаудың әдіс - тәсілдеріI

Тақырып

Оқушылардың білімін бағалаудың әдіс-тәсілдері

Бұл мәтінде XXI ғасырдағы рухани-адамгершілік білімнің мәні мен «Өзін-өзі тану» пәнінің оқу-тәрбие үдерісіндегі рөлі баяндалады.

I. Кіріспе

«Өзін-өзі тану» — рухани-адамгершілік білімнің тірегі

XXI ғасырда өзекті болып отырған «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білімінің түп-тамыры тереңде жатыр. Ол халқымыздың ұлттық құндылықтарынан, рухани мұраларынан, дүниетанымынан және тағылымдық ой-толғауларынан бастау алады.

Өзін-өзі таныған, өмірдің мәнін түсінген адам өзін-өзі қадағалап, сынап, тәрбиелеуге ұмтылады; өмірден өз орнын және өз бақытын табуға талпынады.

Анықтама

«Өзін-өзі тану» — адамның шындықты өзінше түсіну қырын қарастыратын бағыт; ол адамның бойындағы бірегейлікке сай жеке құндылықтар жүйесін жалпыадамзаттық құндылықтармен біртұтас қарауға негізделеді.

«Өзін-өзі тану» пәні білім берудің басым бағыты — рухани-адамгершілік білімді жүзеге асыруға, ұлттық және жалпыадамзаттық мәдениетті меңгеруге ықпал етеді. Бала әртүрлі мәселелерді адамгершілік нормаларға сәйкес конструктивті шешуге үйренеді. Сонымен бірге өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасап, көмек көрсетуге, қамқор болуға дағдыланады.

Бұл пән жасампаздық белсенділікті, азаматтық жауапкершілікті және отансүйгіштікті тәрбиелейді. Қоғамның күнделікті тыныс-тіршілігінде сүйіспеншілік пен ізгілік, мейірімділік пен қайырымдылық, шыдамдылық пен имандылық, адалдық пен ибалық сияқты асыл қасиеттер айрықша қажет.

Идеяның бастауында

Осы адами қасиеттерді өмірде орнықтыру идеясын елімізде алғаш болып «Бөбек» қорының президенті Сара Алпысқызы Назарбаева ұсынды. Оның ел дамуына деген сенімі, өсіп келе жатқан ұрпаққа деген шынайы сүйіспеншілігі мен қамқорлығы «Өзін-өзі тану» пәнінің өмірге келуіне негіз болды.

«Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың бүгінгі заман талабынан туындайтыны айқын. Өйткені қазіргі кезеңнің ең басты қажеттілігі — адамдар арасындағы сыйластық, бірін-бірі қадірлеу, құрметтеу және бағалай білу. Бұл, түптеп келгенде, адамның өзін-өзі, қоршаған ортаны және әлемді тани білуімен тікелей байланысты.

Сондықтан оқу-тәрбие үдерісіне енген «Өзін-өзі тану» пәнінің әлеуметтік-рухани өмірдегі орны ерекше. Сонымен қатар осы пәнді оқыту мектептегі басқа пәндердің де әлеуетін күшейтуге мүмкіндік береді: оқушының ішкі мәдениеті қалыптасқан сайын, білімді игеруі тереңдей түседі.

Пәннің басты ерекшелігі

«Өзін-өзі тану» — адамзат баласының ғасырлар бойы жинақтаған асыл қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіріп, ата салт пен ұлттық ұлы дәстүрлердің тағылымын тәрбиенің өзегіне айналдыруға бағытталған пән.

Халқымыздың сан ғасырлық өмір тәжірибесінен туындаған ұлттық тәлім-тәрбиеге қатысты салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың көпшілігі қазіргі этика, педагогика және психология ғылымдарының тұжырымдарымен өзара үндеседі. Осы саладағы рухани мұрамызды бүгінгі ғылым деңгейінде жүйелеп, талдай алсақ, оның мәні мен қыры терең ашылады.

Халқымыз «Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы» дегендей, атадан балаға мирас болып келген жақсы қасиеттерді келер ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелеуді әрдайым арман еткен.

Автор туралы

Қала

Байқоңыр

Мектеп

№2 К. Э. Циалковский атындағы ЖББ орта мектеп

Лауазымы

I санатты бастауыш сынып мұғалімі

Аты-жөні

Жакупова Алмагүл Байдуллаевна