Компьютердің маңызды құрылғыларын ата
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.1В — «Интернеттегі қауіпсіздік» (5-сынып)
Бұл сабақ интернетті қолдану барысында кездесетін қауіптерді түсінуге, қауіпсіз жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыруға және өзгенің еңбегін көшірудің заңсыз екендігін талқылауға бағытталған.
Сабақ тақырыбы
Интернетпен жұмыс жасау барысында қандай қауіп бар?
Оқу мақсаты
5.4.2.1 — Біреудің жұмысын көшіріп алудың заңсыздығын талқылау.
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар
Интернет ұғымы туралы базалық білім алады.
Оқушылардың басым бөлігі
Интернет түсінігімен, интернеттен ақпарат іздеу жолдарымен, браузер түрлерімен, электрондық пошта қызметімен, домендік атаулармен және интернетте қауіпсіз жұмыс жасау қағидаларымен танысады.
Кейбір оқушылар
Өзгенің жұмысын көшірудің заңсыз екенін дәлелдермен талқылайды.
Ойлау дағдыларының деңгейлері
- Білу және түсіну
- Талдау және бағалау
Бағалау критерийлері
-
1. Оқушылар интернетпен жұмыс жасай алады.
-
2. Интернетті қолдану барысындағы қызметтер мен құжат түрлерін атайды.
-
3. Өзгенің еңбегін көшірудің заңсыз екенін талқылайды.
Тілдік мақсаттар
Интернетті пайдалану барысында қауіпті және қауіпсіз бағдарламаларды ажыратуды үйрену.
Лексика және терминология
- Интернет
- Браузер түрлері
- Электрондық пошта қызметі
- Домендік атау
Негізгі терминдер (қазақша — ағылшынша)
- Ғаламтор / Интернет
- Internet
- Плагиат (өзгенің жұмысын әдейі ұрлау)
- Plagiarism
- Құпия сөз
- Password
- Браузер
- Browser
- Домен
- Domain
- Электрондық пошта
- Сеанс
- Session
Құндылықтарды дарыту
- Жан-жақты болуға, оқушылардың ақпараттық-технологиялық ойлау қабілеттерін дамытуға ықпал ету.
- Өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
- Бәсекеге қабілеттілік дағдыларын қалыптастыру.
- «Мәңгілік ел» құндылықтары арқылы патриоттық сезімді ояту.
Пәнаралық байланыстар
Алдыңғы меңгерілген білім
Оқушылар компьютердің негізгі құрылғыларын біледі, сондай-ақ процессор мен қатты дискінің қызметін түсіндіре алады.
Сабақтың басы: ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық ахуал
- «Шаттық шеңбері» әдісі арқылы бір-біріне жақсы тілек айту.
- «Мозайка» әдісі: сурет қиындыларын біріктіру арқылы топқа бөліну.
Өткенді қайталау: «Автобус аялдамасы»
Оқушылар компьютер құрылғылары бойынша сұрақтарды топта талқылайды:
- Мектепте қандай компьютер құрылғыларымен таныстыңдар?
- Қандай компьютерді қолдану қолайлы деп ойлайсыңдар?
- Қатты диск не үшін қажет?
- Компьютердің маңызды құрылғыларын атаңдар.
Кіріспе материал
5-сыныптарға арналған электронды оқулықтан «Интернетпен жұмыс жасау барысында қандай қауіп бар?» тақырыбы бойынша бейнематериал көрсетіледі. Материалда мәтін, сурет, анимация, тарихи деректер және дыбыстық түсіндіру қамтылады.
Талқылау: «Көршіңе айт»
Оқушыларға сұрақ қойылады, ойлануға уақыт беріледі, кейін әр оқушы өз ойын көршісімен бөліседі.
Қызыл топқа тапсырма: Интернет дегеніміз не және әлем бойынша шамамен қанша пайдаланушы бар? Интернет желісінен қандай қауіп төнуі мүмкін?