Ұқсап сәби балаға

4-сынып • Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Гүл – өмірдің сәні»

Экологиялық және эстетикалық тәрбие

Мақсаты

  1. Оқушыларға гүл түрлері, гүлдің ерекшеліктері, мекен ету ортасы және пайдасы туралы мағлұмат беру.
  2. Гүл туралы ғылыми білімдерін кеңейтіп, танымдық қабілетін дамыту.
  3. Табиғатты сүюге баулу, әсемдікке құштарлықты оятып, елімізді көгалдандыруға үлес қосуға тәрбиелеу.

Ұйымдастыру

Көрнекілігі

Гүлдердің суреттері, гүлдер туралы кітаптар, слайдтар, бөлме гүлдері, «Гүлстан» журналы.

Әдістері

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, сауалнама жүргізу.

Кіріспе: ой қозғау

Сабақ мерекелер туралы шағын әңгімеден басталады. Оқушылар жақында атап өткен 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні туралы айтып, алда келе жатқан Ұландар күні мен Жеңіс күні секілді маңызды күндерді еске түсіреді.

Талқылау сұрақтары

  • Мерекелерде адамдар бір-бірін қалай құттықтайды?
  • Неліктен адамдар гүл сыйлайды?
  • Гүл туралы біз не білеміз?

Негізгі бөлім: гүл — табиғаттың көркі

Гүл — әсемдік өлшемінің биік шыңы. «Гүл — өмірдің көркі» деу бекер емес: гүл адамға қуаныш сыйлайды, табиғатқа сән береді, ал кейбір гүлдер қоршаған ортаға жағымды әсер етеді. Мерекеде, туған күнде немесе қуанышты сәттерде гүл сыйлау — құрметтің және ізеттіліктің белгісі.

Теориялық бағыт

Гүлдің құрылысы, түрлері, ерекшеліктері және мекен ету ортасы туралы түсіндіру (слайд арқылы).

Эстетикалық тәрбие

Гүлдің сұлулығын сезіну, табиғаттағы әсемдікті көріп бағалау дағдысын дамыту.

Экологиялық тәрбие

Өсімдікті қорғау, гүлді орынсыз жұлмау, көгалдандыруға үлес қосу идеяларын бекіту.

Таным көкжиегі: басылымдар мен бастамалар

  • Қазақстанда «Гүлстан» гүл бағы туралы мәлімет беріледі (слайд).
  • 2005 жылы наурыз айында «Гүлстан» журналы жарық көре бастады. Бас редакторы — Гөзел Құлжабаева. Өсімдіктер әлеміне арналған оқу-әдістемелік материалдар ұсынылады.
  • Кітаптармен, суреттермен және жұмыс дәптерлерімен таныстыру арқылы тақырып күнделікті өмірмен байланыстырылады.

Поэзия минуты

Гүлдер, гүлдер, шоқ гүлдер,

Қызыл гүлдер, көк гүлдер.

Тұра берші ырғалып,

Тұра берші нұрланып.

Сол тұрғаның ұнайды,

Құлпырғаның ұнайды,

Ұқсап сәби балаға.

Т. Молдағалиев

Музыкалық сүйемелдеу ретінде «Гүлдер вальсі» (П. И. Чайковский) қойылады.

Сауалнама: сүйікті түсің қандай?

Әр адамның талғамына сай сүйікті гүлі және ұнататын түсі болады. Сауалнама арқылы оқушылардың қызығушылығы артып, мінез ерекшеліктерін талқылауға мүмкіндік туады.

Қызыл

Белсенділік пен өмірлік күштің белгісі. Бұл түсті батыл, табанды, ерік-жігері мықты адамдар ұнатады. Көбіне жетекшілікке бейім келеді.

Қызғылт

Жалын мен нәзік сезімнің реңкі. Жарқын, ерекше болуды ұнататын, көп ішінде көзге түсетін адамдарға тән.

Сары

Жылу мен жарықтың түсі. Көпшіл, достыққа берік, еркіндікті жоғары қоятын, оптимист жандарға жақын.

Қызғылт сары

Ұяңдық пен нәзіктік реңкі. Өмірдің жарқын жақтарын көбірек байқайтын, ерекшеленуді ұнататын адамдарға тән.

Ақ

Шаттық пен тазалықтың белгісі. Әсерленгіш, тез еліктегіш адамдар жиі ұнатады; оларға сенімді қолдау мен дұрыс бағыт маңызды.

Көк

Адамдар арасындағы сыйластық пен үйлесімді жоғары қоятын жандардың таңдауы. Достықты бағалайды, сүйіспеншілікті ерекше қадірлейді.

Өлкетану және әлемдік тәжірибе

Маңғыстау гүлдері

Өңірде өсетін гүлдер туралы мәлімет (слайд) арқылы жергілікті табиғатқа қызығушылық оятылады.

Голландия

Гүл бизнесі мен гүл өсіру мәдениеті — ең дамыған бағыттардың бірі екені айтылады.

Жапония

Икебана өнері — гүлді әсем құрастырудың ұлттық мәдениетке айналған үлгісі ретінде таныстырылады.

Аты гүлге байланысты есімдер

Сыныпта аты гүлмен байланысты оқушылардың есімдері аталады: Раушан, Райхан, Қырмызы, Қалампыр, Бақытгүл, Айгүл және т.б.

Гүлдің монологы: табиғаттың өтініші

Тыңдалым мәтіні

«Балалар, мені қажетсіз жұлмаңдар, таптамаңдаршы! Егер сендер мені жұлмасаңдар, мен биыл тұқым шашып, көп ұрпақ берер едім. Сонда келесі көктемде мынау дала бұдан да әсем болып, құлпырып кетер еді. Ойланыңдаршы, өтінемін!»

Ой қорыту және шығармашылық жұмыс

Сұрақтар

  • Бүгінгі сабақта нені өттік, нені үйрендік?
  • Гүлдің пайдасы қандай?
  • Гүл туралы қандай мақал-мәтелдер білеміз?

Гүлдің пайдасы

  1. Ақындар қыз баланы гүлге теңеп, гүлді жырға қосқан.
  2. Кейбір гүлдер кептіріліп, дәрілік құрамдарға пайдаланылады.
  3. Гүл — өсімдіктің көбею мүшесі.

Мақал-мәтелдер

Әр атаның өз ұлы бар, әр бұтаның өз гүлі бар.

Әр гүлдің исі басқа, әр жердің жынысы басқа.

Бір гүл толып ашылады, бір гүл солып ашылады.

Гүл ашылмай, бұлбұл сайрамас.

Гүлді гүл деме, егер сабағы болмаса.

Гүлдің тоны қырық жамау, бірақ иісі бар.

Шығармашылық тапсырма

Гүлдесте құрастыру: әсемдік, ұқыптылық және адамгершілік құндылықтарын ұштастыра отырып, үйлесімді композиция жасау.

Қорытынды

Гүл — өмірдің сәні. Табиғатты аялап, гүлді орынсыз жұлмай, айналаны көгалдандыруға әрқайсымыз үлес қоса аламыз.

Елбасының 2005 жылғы Қазақстан халқына Жолдауынан кейін елімізде «Жасыл ел» жалпыхалықтық ұйымы құрылды. Осы бағдарлама аясында туған қаламыз — Жаңаөзен де көгалдандырылып, абаттандырылып келеді.

Сендердің өмірлерің де гүлдей жайнап, әрдайым құлпыра берсін!