Медициналық генетика
Теориялық сабақтың әдістемелік нұсқамасы
Пән
Молекулалық биология, медициналық генетика
Мамандық
Емдеу ісі
Тақырыбы
Молекулалық биология және медициналық генетика пәні: міндеттері мен даму тарихы
Сабақтың түрі
Теория
Сабақтың әдістері
Сұрақ-жауап, жаңа тақырыпты түсіндіру, тест
Ұзақтығы
90 минут
Өткізу орны
Оқу кабинеті
Сабақтың жабдықталуы
Проектор, ноутбук, презентация, кеспе қағаздар
Пәнішілік байланыс
Медициналық биологияның негізгі бағыттары және медико-биологиялық пәндермен өзара байланысы
Пәнаралық байланыс
Биология, анатомия, физиология
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Студенттерге молекулалық биология мен медициналық генетиканың міндеттері және негізгі даму кезеңдері туралы жүйелі білім беру.
Дамытушылық
Студенттердің танымдық қабілетін, талдау және салыстыру дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік
Жауапкершілікке, ұқыптылыққа және адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу.
Студент білуі тиіс
- Молекулалық биология мен медициналық генетиканың негізгі бағыттарын.
- Олардың биологияның басқа салаларымен өзара байланысын.
Сабақтың құрылымы (хронокарта)
Жалпы ұзақтығы: 90 минут
-
I. Ұйымдастыру кезеңі
2 мин
-
II. Үй тапсырмасын тексеру
20 мин
-
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру
35 мин
-
IV. Жаңа тақырыпты бекіту
25 мин
-
V. Қорытындылау
5 мин
-
VI. Үйге тапсырма
3 мин
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу кабинетінің тазалығын тексеру.
- Студенттердің сыртқы киім үлгісіне (қалпақ, халат) назар аудару.
- Сабаққа қатыспаған студенттерді белгілеу және даярлығын тексеру.
- Сабақтың мақсаты мен жоспарымен таныстыру.
- Тақырыптың маңызын қысқаша негіздеу.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Әдістері: семантикалық карта, тест
Тақырыбы
Молекулалық биология және медициналық генетика пәні: міндеттері мен даму тарихы
Тест тапсырмалары — I нұсқа
-
1) Адам қауымдастығы тұрғысынан қарастыратын жалпы биология ғылымының бір тармағы:
- A. Жалпы биология
- B. Қолданбалы биология
- C. Медициналық биология
- D. Қалыпты биология
- E. Генетика
-
2) Жараны таңуға арналған заттарды стерильдеу әдісі:
- A. Микросептика
- B. Стерильдеу
- C. Антисептика
- D. Асептика
- E. Препараттау
-
3) Англияда алғаш рет Долли атты қозы қандай тәсілмен алынды?
- A. Ұрықтандыру
- B. Клондау
- C. Жасанды ұрық арқылы
- D. Препараттау арқылы
- E. Сомалық әдіс
-
4) Зоология ғылымының атасы:
- A. Г. Мендель
- B. Гален
- C. Гиппократ
- D. Теофраст
- E. Аристотель
-
5) Левенгуктің еңбегі:
- A. Микроағзалар дүниесін ашты
- B. Жасушаны ашты
- C. Эволюциялық теорияны ашты
- D. Жасуша теориясын ашты
- E. Тұқымқуалаушылық заңын ашты
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Тақырыбы
Молекулалық биология және медициналық генетика пәні: міндеттері мен даму тарихы
Жоспары
- Биология: анықтамасы және негізгі зерттеу әдістері.
- Молекулалық биология.
- Медициналық генетика.
- XX ғасырдың соңындағы молекулалық биология жетістіктері және Қазақстанда дамуы.
Биология ұғымы
Биология — тіршілікті зерттейтін ғылым (bios — тіршілік, logos — білім). Ол тірі ағзалардың және олардың табиғи қауымдастықтарының құрылысын, қызметін, таралуын, шығу тегін, дамуын, сондай-ақ тірі ағзалардың бір-бірімен және өлі табиғатпен байланысын жан-жақты қарастырады.
«Биология» терминін 1802 жылы Ж. Ламарк пен Г. Тревиранус бір мезгілде, бір-бірінен тәуелсіз енгізген.
Биология ғылымының негізгі зерттеу әдістері
1) Сипаттап жазу әдісі
Ең көне әдістердің бірі. Құбылысты түсіну үшін оны толық сипаттап, нақты деректерді жинақтау қажет. Бұл тәсіл қазіргі зерттеулерде де кеңінен қолданылады.
2) Салыстыру әдісі
XVIII ғасырда қарқынды дамыған. Ағзалардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтауға бағытталған. Осы әдіс арқылы өсімдіктер мен жануарлардың жүйеленуі (систематика) қалыптасты.
3) Тарихи әдіс
Жойылып кеткен ағзаларды зерттей отырып, қазіргі тірі ағзалардың құрылысы, шығу тегі және даму заңдылықтарын түсіндіруге көмектеседі. Бұл әдіс Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімінен кейін орнықты.
4) Тәжірибе жасау әдісі
Табиғи құбылыстарды тәжірибе арқылы зерттейді және химия, физика, жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерін кеңінен пайдаланады.
Оқу мазмұны (келесі тақырыптар топтамасы)
Төмендегі бөлімдер пән бойынша кейінгі сабақтардың мазмұнын құрайды.
- Белоктардың құрылысы және қызметі
- Нуклеин қышқылдарының құрылысы мен қызметі
- Генетикалық ақпараттың берілу жолдары. ДНҚ биосинтезі
- Белок биосинтезі: транскрипция, трансляция. Генетикалық код
- Жасушаның генетикалық аппараты. Ген туралы түсінік. Гендердің жіктелуі
- Адам кариотипі. Хромосомалардың жіктелуі. Хромосома картасы
- Мутациялар: гендік, геномдық, хромосомалық
- Молекулалық-генетикалық зерттеу әдістері
- Жасуша компоненттері: құрылысы мен қызметі
- Жарғақшаның маңызы және заттардың мембрана арқылы тасымалдануы
- Жасушалық сигнал беру кезеңдері
- Жасушалық цикл. Митоз. Циклиндер және ЦТК (CDK) рөлі. p53 ақуызы
- Рекомбинация. Мейоз
- Апоптоз: түсінігі және жалпы сипаттамасы
- Қартаю теориялары. Канцерогенез
- Онтогенездің генетикалық механизмдері
- Тератогенез. Туа біткен ақаулардың жасушалық механизмі. Бағаналы жасушалар
- Генетика негіздері. Белгілердің тұқым қуалау типтері
- Тұқым қуалайтын аурулардың жалпы медициналық патологиядағы орны
- Тұқым қуалаудың ерекшеліктері. Хромосомалық аурулар
- Тұқым қуалайтын ауруларды емдеу принциптері және зертханалық диагностика
- Популяциялық генетика. Адам популяциясының генетикалық құрылымы
- Экогенетика және фармакогенетика негіздері