Ғылым Топтың ұраны

Сабақтың тақырыбы

Білімді ұрпақ – ертеңгі болашақ

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушылардың пәндер бойынша алған білімдерін саралау, ой ұшқырлығын байқату, топпен бірлесе жұмыс істеуге және өз білімін жүйелі түрде көрсете білуге үйрету.

Дамытушылық

Оқушылардың сөздік қорын молайту, дүниетанымын кеңейту, тіл байлығын, шығармашылық қиялын, логикалық ойлау қабілетін дамыту; өз ойын еркін жеткізуге және шығармашылықпен еңбек етуге дағдыландыру.

Тәрбиелік

Болашаққа өз үлесін қоса алатын ізденімпаз ұрпақ тәрбиелеу; туған тілді сүюге, туған елін және жерін құрметтеуге, жан-жақты білімді болуға баулу. Ұйымшылдық пен еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар мен әдістемелік негіз

Көрнекілігі

  • Интерактивті тақта
  • Слайдтар
  • Қима әріптер
  • Топ атаулары
  • Төсбелгі
  • Қораптар

Әдісі

  • Сұрақ-жауап
  • Ой қозғау
  • Болжау

Типі

Білімді бекіту сабағы.

Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу, қазақ тілі, математика, дүниетану.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сайысқа бүкіл сынып қатысады және оқушылар екі топқа бөлінеді.

Жоспар (6 айналым)

  1. 1 Кіріспе. Әр топ өз атауын және ұранын таныстырады.
  2. 2 «Өлең – сөздің патшасы». Мәнерлеп оқу сайысы.
  3. 3 «Тапқыр болсаң, тауып көр». Ұяшықтарда жасырылған мақалды аяқтау.
  4. 4 «Қызықты төрттік». Төрт пән бойынша сұрақтарға жауап беру.
  5. 5 «Өнерлі өрге жүзер». Екі топ өз өнерін көрсетеді.
  6. 6 Қорытынды. Ұпайларды есептеу және марапаттау.

Кіріспе сөз

Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Білімді ұрпақ – ертеңгі болашақ» атты сайыс сабағына қош келдіңіздер! Бұл сайысқа екі топ қатысады:

1-топ

Білім

2-топ

Ғылым

Сайысымыз әділ әрі шынайы өтуі үшін әділқазылар алқасын сайлайық. Халық даналығында:

«Ойнай білмеген — ойлай да білмейді. Ойында озған — өмірде де озады».

Ойын ережесі алты айналымнан тұрады. Қазір алдарыңызға қима әріптер беріледі: әріптерді дұрыс ретпен құрастырсаңыздар, мағыналы сөз шығады. Сол сөз — топтарыңыздың атауы. Қай топ бірінші құрастырса, сол топ сайысты бірінші бастайды.

Топтардың таныстырылымы

1-топ: «Білім»

Ең жоғары баға: 5 ұпай

Топ 1

Ұраны

«Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар».

Топ басшысы: Көңілді тапқырлар, білгіштер — бар өнерін алдарына салады.

Кім көп оқыса, кім көбірек білсе — бүгінгі күннің жеңімпазы сол болады.

Білім — биік шың, бақытқа жетелейді. Білім — ақылшың, қиындықтан өткізеді.

2-топ: «Ғылым»

Ең жоғары баға: 5 ұпай

Топ 2

Ұраны

«Ғылым деген — бір бұлақ, көзін ашсаң — көл болар».

Бұл топтың мақсаты — білімді тереңдетіп, ізденіс пен дәлелге сүйенген ойды дамыту, әр тапсырмада ұйымшылдық танытып, ортақ нәтижеге қол жеткізу.