Металды түзету құралы

Сабақ жоспары

Құлыпқа арналған құлақша дайындау

Сабақтың мақсаты

Қаңылтырдан әртүрлі бұйымдар жасаудың негізгі әдістерін үйрету.

Сабақтың әдісі

  • Сарамандық жұмыс
  • Сұрақ-жауап

Білімділік

Қаңылтырды кесу, егеу және бұрғылау тәсілдері арқылы бұйым жасау жолдарын меңгерту.

Дамытушылық

Оқушылардың еңбекке қызығушылығын арттырып, ой-қиялын дамыту.

Тәрбиелік

Ұқыптылыққа, әсемдікке, төзімділікке және үнемділікке тәрбиелеу; кез келген жұмысты соңына дейін аяқтауға баулу.

Қажетті құралдар мен көрнекіліктер

Көрнекіліктер

  • Қаңылтыр түрлері
  • Сызғыш
  • Қайшы және қосымша ұсақ құралдар

Құрал-жабдықтар

  • Бұрғылау білдегі
  • Әртүрлі диаметрлі қаңылтырлар
  • Қайшы, балға

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Кезекшіден оқушылардың сабаққа дайындығын сұрау.
  • Өткен сабақты сұрақ-жауап арқылы еске түсіру.

Қайталау сұрақтары

Темірдің жиектерін қандай құралдармен өңдейміз?
Егеулермен.
Металдар нешеге бөлінеді?
Екіге.
Қара металдарға қандай металдар жатады?
Шойын, болат.
Түсті металдарға қандай металдар жатады?
Мыс, алтын, күміс, алюминий, жез.

Тест тапсырмалары

  1. Қара металл: а) жез, ә) шойын, б) қорғасын, в) алюминий
  2. Түсті металл: а) болат, ә) темір, б) мыс, в) шойын
  3. Араны қайрайтын егеу: а) төрт қырлы, ә) үш қырлы, б) жұмыр, в) жалпақ
  4. Металды қандай құралмен шабады? а) шапқы, ә) балта, б) ара, в) қашау
  5. Ток өткізбейтін материал: а) мыс, ә) болат, б) темір, в) резеңке

Ой қозғау: жұмбақтар

  1. Жалпақ желке, сопақ бетті, орманды отап кетті. Жауабы: балта.
  2. Басы жоқ, екі бетті, жүзі тісі бар. Қақ бөлер бөренені өз күші бар. Жауабы: ара.

II. Жаңа сабақ

1) Материалды таңдау

Қолданылатын металл түрлері:

  • Жез
  • Темір
  • Алюминий
  • Қалайы

2) Қаңылтырды қию

  • Қаңылтырды қию әдістері
  • Қайшымен қию технологиясы

3) Белгілеу және тесу

  • Өлшенген қаңылтыр бетіне құлыпқа арналған құлақша сызбасын түсіру
  • Бұрғылау білдегінде тесу жолдары

Сарамандық жұмыс

Қауіпсіздік ережелері

  • Қаңылтырмен жұмыс істегенде міндетті түрде қолғап ки.
  • Қаңылтырдың шетін қиғанда қиқымды үрлемей, арнайы сыпырғышпен жина.
  • Қаңылтырдың бетін және жиегін саусақпен сипама.
  • Белгі салатын және ұшы өткір құралдарды, сондай-ақ қаңылтырдың үшкір бөліктерін қалтаңа салма.
  • Темір қайшымен жұмыс істегенде қайшы бел деңгейінен төмен болсын.

Орындау тәртібі

  • Құлыпқа арналған құлақша жасау технологиясын кезең-кезеңімен орындау.
  • Мұғалім әр оқушының жанына жеке тоқтап, орындалу реті бойынша практикалық көмек көрсетеді.
  • Дайын бұйымдарды қабылдау және тексеру.

Сергіту сәті

Мақал-мәтелдердің қалып кеткен сөзін тауып, қазақ және орыс тілдерінде айту.

  • Қанша жуан болса да, жалғыз ағаш үй болмас.

    Дерево.

  • Жігітке жеті өнер де аз, жетпіс өнер көп емес.

    Искусство.

  • Өнерлінің қолы алтын, өлеңшінің сөзі алтын.

    Слово.

  • Мал жұтаса да өнер жұтамас.

    Искусство.

  • Жеті рет өлше, бір рет кес.

    Один.

Сабақты бекіту

Тірек сызбаны пайдаланып, дұрыс сәйкестікті табыңыз.

Сұрақ Жауап нұсқалары
1) Металды қию құралы Шойын, Қайшы, Болат, Бұрғы, Балға
2) Металды түзету құралы Шойын, Қайшы, Болат, Бұрғы, Балға
3) Металды қандай құралмен теседі? Шойын, Қайшы, Болат, Бұрғы, Балға
4) Қандай металл морт сынады? Шойын, Қайшы, Болат, Бұрғы, Балға
5) Құралдар қандай металдан жасалады? Шойын, Қайшы, Болат, Бұрғы, Балға

Ескерту: кестедегі жауаптар сәйкестендіру тапсырмасы ретінде беріледі (оқушылар дұрыс жұптарды таңдайды).

Қорытынды және бағалау

  • Әр оқушының жасаған бұйымы қабылданып, бағаланады.
  • Жіберілген қателер түсіндіріліп, түзету жолдары көрсетіледі.
  • Қаңылтырдан жасалған бұйымның тұрмыста қажет екенін талқылау.

Үй тапсырмасы

79-бет: қаңылтыр және металл түрлерінің қасиеттерін оқып келу. §15.

Бағалау

Оқушылардың сарамандық жұмысы мен қауіпсіздік ережелерін сақтауына қарай бағалау жүргізіледі.