Кірпі Жомарт ата
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы
МКҚК «Айгөлек» балабақшасының тәрбиешісі: Раушан Сисенбаева
Білім беру саласы
Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Тіл дамыту
Тақырыбы
«Жомарт ата бағында»
Мақсаты
- Балалардың сөздік қорын дамыту; күз туралы өлең, тақпақтар, мақал-мәтелдер және жұмбақтар арқылы ойлау қабілетін жетілдіру.
- Күзде өнім беретін жемістер мен көкөністерді ажырата білуге жаттықтыру.
- Көрсету, әңгімелеу, сұрақ-жауап және ойын түрлерін әдістемелік тәсіл ретінде қолдану.
Сөздік жұмыс
Көрнекілік
Көкөністер мен жемістер, муляждар, жапырақтар, күз мезгілі бейнеленген суреттер, автобус.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Балалар қонақтармен сәлемдесіп, шаттық шеңберіне жиналады.
Шаттық шеңбері
Армысыз көк аспан!
Армысыз алтын күн!
Армысыз жер ана!
Армысыз қонақтар!
2) Саяхатқа дайындық (сұрақ-жауап)
Тәрбиеші: Балалар, саяхатқа қандай көлік түрлерімен шығуға болады?
Балалар: Автобус, ұшақ.
Тәрбиеші: Біз Жомарт атаның бағына саяхатқа шығамыз. Саяхатқа автобуспен барамыз. Кәне, балалар, автобусқа жайғасайық. Қоғамдық орындарда әдептілік сақтап, қауіпсіздік ережелерін ұмытпайық.
3) Күз көрінісін бақылау
Балалар айналаға көз салып, Жомарт атаның бағына жақындағанда табиғаттағы өзгерістерді байқайды.
Бақылау сұрақтары
- Айналадан нені байқадыңдар?
- Жапырақтардың жерге түсіп жатқанын.
- Қазір қай мезгіл?
- Күз мезгілі.
- Жапырақтардың түсі қандай?
- Сары.
- Құстар қай жаққа ұшып бара жатыр?
- Жылы жаққа.
Қорытынды әңгіме
Күз мезгілінде жемістер мен көкөністер піседі. Диқаншылар егінді орып, қамбаға жинайды. Табиғат ерекше күйге енеді — күз жылдың берекелі мезгілі.
Бақылау: Балалар көкөністер мен жемістерді жинап жатыр. Көліктер бидай жинап жүр.
4) Жомарт атамен кездесу
Балалар: Сәлеметсіз бе, ата?
Жомарт ата: Қош келдіңдер, балаларым! Биыл бағым мен егістігім мол өнім берді. Жинап үлгере алмай, өздеріңді күтіп отыр едім.
Тәрбиеші: Балалар, Жомарт атаға күз туралы кім тақпақ айтып береді?
Алтынай
Біздің дала бай дала
Алтын астық айнала
Ел егінді жинайды
Қырманға дән сыймайды
Аида
Алтын, сары, қызыл, көк —
Алуан-алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп
Көз тартады атырап
Нұрай
Астық, жеміс жиналды
Қамбамызға құйылды
Ардақты күз, мың алғыс
Алдық өнім сыйымды
Есет
Сап-сары ғып даланы
Бояпты ғой күз деген
Құстар қанат қағады
Қоштасқандай бізбенен
Мақал-мәтелдер
- Ағаш көркі — жапырақ.
- Еңбек — ер атандырады.
5) Дидактикалық ойын: «Жеміс пе, көкөніс пе?»
Жомарт атаның жемістері мен көкөністерін ажыратып, екі себетке бөліп жинаймыз.
Шарты
Балалар берілген муляждарды қарап, жемістерді бір себетке, көкөністерді екінші себетке жинайды.
6) Жұмбақтар
Жомарт ата жұмбақ жасырады, ал балалар жауабын табады.
Жұмбақ 1
Әрі қызыл, әрі тәтті, татқан жанды таңырқатты.
Жауабы: Қарбыз
Жұмбақ 2
Қолыңмен тиме, үсті толған ине.
Жауабы: Кірпі
Жомарт ата: Балаларым, тапсырмаларды мүлтіксіз орындап, жемістерім мен көкөністерімді жинауға көмектестіңдер. Рақмет! Сендер өте білімді екенсіңдер. Енді мен бағымды аралап жүре берейін.
Сұрақ: Кірпі нені жегенді жақсы көреді?
Жан-жануарлар да жеміс-жидекпен қоректенетінін байқаймыз.
7) Шығармашылық жұмыс
Кірпінің үстінде не болады? Алдарыңдағы ермексаздан жасалған кірпі мүсініне шекілдеуік дәндерінен инесін жасаймыз.
Материал
Ермексаз, шекілдеуік дәні
Дағды
Ұсақ моторика, дәлдік
Нәтиже
Кірпінің «инесін» жасау
8) Сергіту сәті
Жел соқты — гу-гу
Жаңбыр жауды — тырс-тырс
Жаңбыр басылды
Күн ашылды
9) Қорытынды
Балалар мадақталады. Кірпінің инесін дәннен жасаған жұмыстары бағаланады.
Оқу іс-әрекеті «Күз жомарт» әнімен қорытындыланады.
Күтілетін нәтиже
- Білуі керек
- Күз мезгілі туралы түсінік
- Болуы керек
- Есте сақтау қабілеті
- Қолынан келуі
- Кірпіні мүсіндей білу