Сіріңке талынан қылқобыз жасау

Аннотация

Бұл жоба қазақтың көне музыкалық аспабы — қылқобызды сіріңке талынан жасау жолдарын зерттеуге арналған. Зерттеу барысында қазақ халқының қолөнері, соның ішінде музыкалық аспаптардың шығу тарихы мен қолданылуы қарастырылды. Түрлі сіріңкеден жасалған бұйымдар мен аспап үлгілерін талдай отырып, технологиялық тәсілдер арқылы дыбыс бере алатын қылқобыз құрастырылды.

Құрастыру кезінде сіріңке талынан бөлек, қосымша материал ретінде ешкі терісі мен жылқының қылы пайдаланылды. Жобаның негізгі мақсаты — Қорқыт атамыздың көне аспабын жаңа технологиялық тәсілмен өскелең ұрпаққа таныстыру, ұлттық қолөнерге қызығушылықты күшейту және өнердің үзілмес жалғастығына үлес қосу.

Негізгі ой

«Адамды биік шыңға жеткізетін — еңбек. Біз баға жетпес білім қорын арттырып, оны жаңаша түрлендіре білуіміз керек.» — Н. Ә. Назарбаев

Бақылау кезеңінің қорытындысы

Кез келген бұйымды көз тартарлық етіп жасау үшін сіріңке талын тиімді материал ретінде қолдануға болатыны дәлелденді.

Кіріспе

Зерттелетін нысан

Сіріңке талынан қылқобыз жасау.

Мақсат пен міндеттер

  • Көне аспап түрін жаңаша үлгіде жасап, жас ұрпаққа насихаттау.
  • Қобыздың қоңыр үнін тыңдаушы құлаққа жеткізу.
  • Жоғалып бара жатқан қолөнердің жаңғыруына шағын болса да үлес қосу.
  • Қоңыр үнді аспаптың жасалу жолын кейінгі ұрпаққа үйрету.

Зерттеу болжамы

Егер оқушылар аспаптың дыбыс шығару заңдылығына сай зерттеу жүргізсе, онда жас ұрпақтың қолөнерге деген қызығушылығы сөнбегені байқалады.

Зерттеу нәтижелері

Қашаған жыраудың «Шеберлердің қолында кәсіп болған бұл ағаш…» дегені бекер емес: қазақ халқы ежелден ағаш өңдеу өнеріне жақын. Заман талабына сай ұлттық құндылыққа негізделген, сіріңке талынан жасалған қылқобыздың жаңаша үлгісі дайындалды.

Практикалық маңызы

Сіріңке талынан қылқобыз жасау үлгілерін технология пәнінде немесе үйірме жұмыстарының мазмұнында негіз ретінде қолдануға болады. «Өз тарихын білмеген адам өзін сыйламағаны» деген пікірді еске ала отырып, атадан балаға мирас болып келе жатқан қолөнеріміздің отын өшірмей, әрі қарай дамыту — әр қазақтың парызы.

Өлең жолдары

Халқымыздың дәстүрлі төл өнері,
Кәсібім — атамұра қолөнері.
Жинадым әдет-ғұрып, салт-дәстүрін,
Елімнің көзге ыстық көнелері.

Жас ұрпақтың төл өнерге жанашырлығы артса, ұлттық қолөнеріміз мәңгі жасайтынына сенім мол. Қолөнер — атакәсіп. Қазіргі нарық жағдайында бұйымды тауарға айналдырып, табыс көзіне де айналдыруға болады.

Негізгі бөлім

Зерттеу бөлімі

Қазақтың ұлттық қолданбалы өнері

550 жылдық тарихы бар болса да, қасиетті қазақ халқының қолөнерінің тамыры одан да тереңде жатыр. Ол кең байтақ жерімізді мекендеген сақ, ғұн секілді көне түркі тайпаларының мәдениетінен бастау алады. Ғалымдардың деректері бойынша, Қазақстан аумағында қолөнер кәсібі шамамен екі жарым мың жыл бұрын-ақ түрлі тайпалардың құрал-саймандары мен тұрмыстық бұйымдары арқылы танылып, атадан балаға мәдени мұра болып қалыптасқан.

Бұған Есік қорғанынан табылған Алтын адам мен Түркістандағы Тайқазан айқын дәлел бола алады. Көшпенді халық үшін мал және егін шаруашылығы алдыңғы орында тұрса, қолөнер тұрмыстық қажеттілікпен қатар сауда-саттықтың да бір саласына айналды. Кейін соғыс жылдарында елді қорғау және қауіптен сақтану үшін қару-жарақ түрлері көптеп балқытылып құйылды. Соның нәтижесінде ұстаханалар бой көтерді. Бұған Отырар мен Сайрам қалаларынан табылған көрік орындары мысал.

Қолөнердің мәні

Қазақтың ұлттық қолөнері — тұрмыста қажеттілігі бар көркем өнер. Халық шеберлері күнделікті қолданылатын бұйымдарды көркем өңдеумен айналысқан.

Қолданылған әдістер

Қолөнерде металл, ағаш, тоқыма, былғары секілді материалдарды өңдеудің сан түрлі тәсілдері қолданылған: балқытып құю, ұсталық соғу, ағаш ою, шекімдеу және басқа да әдістер.

Қолөнер көне заманда пайда болғаннан бері халық шығармашылығының маңызды саласына айналды. Қазақ халқы ағаш оюды, темір құюды «өнер» деп дараламаған, күнкөріс пен тіршілікке қажет кәсіп ретінде меңгерген. Дегенмен уақыт өте ұлттық қолданбалы өнер ілгері дамып, қолөнер түрлері көбейе түсті.

Ескерту

Мәтіннің жалғасында қолөнердің жекелеген түрлері мен олардың жіктелуі беріледі.