Қуанышты келді той боп Жаңа жыл, Құтты болсын жаңа бақыт достарым

Жаңа жылдық кештің жоспары

«Армысың, Жаңа жыл!» атты мерекелік кештің жоспары (1-сыныптарға арналған).

Ұйымдастыру мәліметтері

Жүргізуші
Дәрменқұлова Ләззат Жұмамұратқызы
Мектеп
№5 орта мектеп
Шал (рөл)
Жалғасбаев Мирас (7-сынып)
Ескерту
Уақыт пен кейіпкерлер құрамы сценарийге сай нақтыланады.

Кейіпкерлер

  • Алтын балық

  • Кемпір

  • Ұлу

  • Уақыт

  • Көктем

  • Жаз

  • Күз

  • Қыс

  • Жылан

  • Аяз ата

  • Ақшақар

Музыкалық нөмірлер

  1. 1

    Ән: «Ертегілер елінде»

  2. 2

    Би: Үнді биі

  3. 3

    Би: «Жыл мезгілдері»

  4. 4

    Би: «Қуыршақтар биі»

  5. 5

    Би: «Ақшақарлар биі»

  6. 6

    Ән: «Жаңа жыл»

  7. 7

    Ән: «Қош келдің, Жаңа жыл!»

  8. 8

    Би: «Ча-ча-ча»

    1 «Д» сыныбы бишілері

  9. 9

    Ән: «Шалқар жастары»

Ойындар

Ойын 1

«Алдау»

Ойын 2

«Кім шапшаң?»

Хоровод (әндер)

  • «Орманда шырша туыпты»

  • «Зырлайды шанамыз»

  • «Аппақ, аппақ, жапалақтап»

  • «Жаңа жыл»

Қажетті заттар

  • 1

    Аяз атаның қалтасына тәттілер

  • 2

    Құмыра және балық аулайтын ау

  • 3

    Микрофонға арналған 2 батарея

  • 4

    Видеокамера және фотоаппарат

Сценарий

Кіріспе

Фанфары.

Жүргізуші:

Қош келдіңіз бүгінгі Жаңа жыл кешімізге!
Жаңа табыс тілейік ісімізге.
Келе жатқан Жаңа жыл құт әкелсін —
Мына отырған барша жан, бәрімізге!

Жүргізуші:

Ендеше бүгін әсем шырша жанында Жаңа жылды қарсы алу мерекесіне келген балдырғандарымызды қарсы алайық. (Музыка ырғағымен сахнаға балалар шығады.)

Жүргізуші:

Бәрекелді, құрметті халайық! Бүгінгі Жаңа жыл кешін көтеріңкі көңіл күймен, әсем әнмен, сәнді бимен өткізуге атсалысамыз.

Өлең шумақтары

4 «В»

Армысың, аманбысың, Жаңа жылым!
Жаңа жылым — о, менің жаңа жырым!
Ей, Жаңа жыл, жаңа бақыт, ырысым,
Жақсылықтың жаршысы да, нұрысың.

Алида

Кел, Жаңа жыл, төрле, төрле жеріме,
Құт-береке боп келгейсің еліме.
Үміт артып, армандарға аяулы,
Шаттығыңа бөлегейсің мені де.

Жалпы

Жаңа жыл — жаңа бақыт, жаңа жыр.
Ізгілік пен бірлік дәнін ортаға сеп.
Құт болып, береке бер халқымызға,
Мерейін, мәртебесін биікке өрлет.

Әнуар

Барлық жан бір тілекке қосқан үн,
Бақыт болып басталсын жыл дастаны.
Қуанышты той болып келді Жаңа жыл —
Құтты болсын жаңа бақыт, достарым!

Исатай

Мерекеміз — Жаңа жыл,
Тойында қызық думан бар!
Жаңа жыл — бұл жаңа өмір,
Сайранда туыс-туғандар!

Бақытты болып жыл сайын,
Осылай бас қоса-йық.
Ашық боп аспан әрдайым,
Тыныштық тойын жасайық!

Көрініс

Теңіз толқынының дыбысы естіледі.

Жүргізуші:

Балалар, бұл ненің дауысы?

Балалар:

Судың дауысы!

Жүргізуші:

Сылдырлап аққан су, толқыған теңіздің үні сияқты. Біз өзімізді теңіз жағасында жүрміз деп елестетейік. Ол жерде нендей қызықтар бар екен? Ендеше, ертегілер еліне саяхатқа барайық.

Ән:

«Ертегілер елінде»

Ертегі желісі: «Алтын балық»

Жүргізуші:

Ерте, ерте, ертеде, ескі бір жер үйде отыз үш жыл бойы шал мен кемпір өмір сүріпті. Жағдайлары да мәз болмапты: балық аулап күнелткен екен. Шалдың ауына көптен бері балық түспей, үйде ішер ас таусылыпты.

Бір күні шалдың ауына бір балық ілігіпті. Шал қуанып:

Шал:

О, жаратқан! Тілегімді орындады-ау, әйтеуір. Кемпірім қуанатын болды. Бүгін тойып тамақ ішетін болдық.

Жүргізуші:

Дәл сол сәтте балыққа жан бітіп, сөйлей жөнеледі. Сөйтсе, ол жай балық емес — алтын балық екен:

Алтын балық:

Жібере көр мені, қарт. Еңбегіңді жемеймін. Қалауыңды айтсаң болды — не айтсаң да орындаймын.

Шал:

Ештеңенің керегі жоқ. Бара ғой, жолың болсын.

Жүргізуші:

Шал болған жайды өзі де түсінбей, балықты суға жіберіп, үйіне келеді де кемпіріне айтады:

Шал:

Кемпір-ау, кемпір! Қызық оқиғаның куәсі болдым. Ауыма бір балық түсті. Өзі жай балық емес — сөйлеп тіл қатты. «Жіберші, тілегіңнің бәрін орындаймын» деді. Сөйтіп, балықты суға жібере салдым.

Кемпір:

Ой, алжыған шал! Жаңа жыл да таяп қалды. Үйде ішер ас жоқ. Ең болмаса биылғы жылды жақсылап, өзімізше көңіл көтеріп қарсы алайық. Бар теңізге, алтын балықты шақырып ал да, шырша сұра. Әдемі, жарқырап тұратын болсын!

Шал теңізге келіп, алтын балықты шақырады.

Шал:

Балық-ау, алтын балық! Кемпіріме шырша керек екен. Жаңа жылды шырша жанында қарсы алғысы келеді. Шырша әдемі, жарқыраған болса екен дейді.

Алтын балық:

Қартым, үйге алаңдамай бара бер. Тілегің орындалады.

Шал үйіне келсе, әдемі шырша дайын тұр. Кемпірі ұйықтап жатады.

Шал:

Кемпір, ай, кемпір! Тұр! Мына ғажапты қара! Алтын балық тілегімізді орындады!

Кемпір:

Ой, құрғыр шал! Адамға ұйқы бермедің ғой...

Кемпір оянып, шыршаны көріп таңырқайды:

Кемпір:

Міне, ғажап! Ал мына балалар кімдер?

Бала:

Амансыздар ма, ата, әже! Бізді алтын балық сіздермен бірге Жаңа жылды тойласын деп жіберді.

Жүргізуші:

Ата, әже, неге тұрмыз? Ендеше, балалармен бірге көңіл көтерейік!

Бала:

Дұрыс! Бірақ әсем шыршамыздың шамдарын жарқыратып жағып алсақ қалай?

Жүргізуші:

Дұрыс айтасың, балақай!
Тауда тұрып, тауда өскен,
Шырша келді ортаға.
Бәріміз бір дауыспен
Дейік енді шыршаға:
«Қуант бізді, таңырқат — шамдарыңды жарқырат!»

(Осы сәтте шырша шамдары жанады.)

Әділет:

Безендіріп шыршаны,
Жыл қуантты баршаны.
Той-маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.

Жүргізуші:

Шыршамыздың құрметіне ән шырқайық!

Хоровод:

«Орманда шырша туыпты»

Орманда шырша туыпты,
Орманда өсіпті.
Қысы-жазы бой көтеріп,
Жап-жасыл болыпты.

Енді ол болып көрікті,
Қонаққа келіпті,
Және көптеген қуаныш
Балаларға беріпті.

Аппақ қоян, қорқақ қоян,
Шырша астында жатыр.
Ашулы қасқыр, аш қасқыр,
Аңдып оны жатыр.

Қорытынды белгі

Өткізген

Дәрменқұлова Ләззат Жұмамұратқызы

Мекеме

№5 орта мектеп