Әсем - сен әсемсің
Сабақтың тақырыбы
Сын есімнен өткенді қайталау.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушылардың сын есім бойынша алған білімін нығайту, тиянақтау және жүйелеу; қорытынды жасап, теориялық білімін практикамен ұштастыру.
Дамытушылық
Оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық және танымдық қабілеттерін дамыту; шығармашылыққа баулу; өз ойын нақты әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру.
Тәрбиелік
Ана тілінің заңдылықтарын құрметтеуге үйрету; пәнге қызығушылықты ояту; оқушыларды адамгершілікке, ізеттілікке, әдептілікке тәрбиелеу.
Сабақтың сипаттамасы
- Сабақтың түрі
- Қайталау сабағы
- Сабақтың әдісі
- Сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар, карточкамен жұмыс, талдау, практикалық жұмыс, проблемалық жағдаят, қайталау, іздендіру, шығармашылық жұмыс.
- Сабақтың көрнекілігі
- Кестелер, сөзжұмбақ, сызбалар, карточкалар, суреттер.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу, түгендеу.
- Психологиялық дайындық.
Қазір сендер бір-бірлеріңе есімдеріңнің бірінші әрпінен басталатын, мінездеріңе сай жақсы тілек айтып, оны сабақтың ұраны ретінде сыйлайсыңдар:
Қабылжан — сен қабілеттісің.
Аңсат — сен алғырсың.
Әсем — сен әсемсің.
Бауыржан — сен білімдісің.
Айдын — сен айбаттысың.
Даниял — сен дарындысың.
Айлаза — сен аяулысың.
Дінмұхаммед — сен досшылсың.
Ұлфат — сен ұқыптысың.
Ізбасар — сен ізденімпазсың.
Әбілмансұр — сен әйгілісің.
Шыңғыс — сен шыдамдысың.
Рамазан — сен рақымшылсың.
Бұл тапсырма сабаққа жағымды көңіл күй қалыптастырып, бір-біріңе қолдау көрсетуге бағытталған.