Қазіргі демографиялық үдерістер

Сабақ туралы мәлімет

Білім беру ұйымы

Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Қызылоба ауылы, Е. Ш. Орақбаев атындағы орта жалпы білім беретін мектеп.

Пән және сынып

Қазақстан тарихы, 9-сынып.

Мұғалім

Дюсегалиева Татьяна.

Сабақ тақырыбы

1946–1991 жж. әлеуметтік-демографиялық үдерістер.

Сабақ мақсаты

Қазақстандағы әлеуметтік-демографиялық дағдарыстың себептері мен салдарын оқып-үйрену.

Күтілетін нәтижелер

A

Біледі

Қазақстандағы әлеуметтік-демографиялық дағдарыстың себептері мен салдарын түсіндіреді.

B

Ұғымдарды ашады және салыстырады

Демография, этнография, табиғи өсім, депортация, халық миграциясы, эмиграция, диаспора, халық санағы ұғымдарын түсіндіреді. Әр кезеңдегі демографиялық дағдарыстардың салдарын салыстырады.

C

Талдау жасайды

Тарихи жағдайларға қатысты деректерді салыстырып, өзіндік көзқарасы негізінде қорытынды шығарады.

Дереккөздер мен құрал-жабдықтар

Негізгі дереккөз

Қазақстан тарихы оқулығы, 9-сынып (Б. Ғ. Аяған, М. Ж. Шәймерденова).

Құралдар

  • Интерактивті тақта
  • Ресурс парақтары
  • Флипчарт
  • Интернет материалдары
  • Маркер, стикер
  • Рефлексия парақтары
  • Бағалау ағашы

Сабақ барысы

Кіріспе

2 минут

Мұғалім әрекеті

  • Оқушылармен амандасу.
  • Сыныпты түгендеу.
  • Кезекшілік қызметін қадағалау.
  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
  • Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
  • «Мозайка» әдісі арқылы оқушыларды 3 топқа бөлу.

Нәтиже

Оқушылар сабаққа жұмылып, топтық жұмысқа дайындалады.

Үй тапсырмасын қайталау: «Сұрақты ұстап ал!»

8 минут

Түрткі сұрақтар (қайта бағыттау арқылы)

  1. Жаңаөзенде әлеуметтік қайшылыққа байланысты тәртіпсіздік қашан болды?
  2. Жаңаөзендегі қозғалыстың себебі неде?
  3. Жаңаөзендегі қақтығыс қалай тоқтатылды?
  4. 1989 жылғы шілдеде жұмысшылардың бас көтеруі өткен қала қайсы?
  5. 1989 жылғы Қарағанды шахтерлерінің ереуілінде қандай жаңа талаптар қабылданды?
  6. 1989 жылғы шілдеде Қарағанды кеншілерінің ереуілін тыныштандыру үшін Қазақстанның қай басшысы шұғыл ұшып келді?
  7. Қарағанды кеншілерінің үкімет алдына қойған талаптары туралы қандай пікір айтар едіңдер?

2-тапсырма: Венн диаграммасы

  • Жаңаөзен мен Қарағандыдағы ереуілдердің ұқсастығы неде?
  • Айырмашылығы неде?

Тұсаукесер: видеоролик арқылы жаңа сабаққа кіріспе

5 минут

Талқылау сұрақтары

  • Бейнежазбадан қандай құбылыстарды байқадыңдар?
  • Халық санының өсімін зерттейтін ғылым қалай аталады?

Сабақ тақырыбы

1946–1991 жж. әлеуметтік-демографиялық үдерістер.

Сабақ жоспары

  1. Соғыстан кейінгі жылдардағы демографиялық үдерістер.
  2. Тәуелсіздік жылдарындағы демографиялық үдерістер.
  3. Қазіргі демографиялық үдерістер.

Негізгі бөлім: топтық таныстырылым (постер қорғау)

15 минут

1-топ

Соғыстан кейінгі жылдардағы демографиялық үдерістер.

2-топ

Тәуелсіздік жылдарындағы демографиялық үдерістер.

3-топ

Қазіргі демографиялық үдерістер.

Жұмыс тәртібі

  • Оқулық пен қосымша ресурс парақтарынан мәліметтерді оқиды.
  • Топ ішінде талқылап, ойды жүйелеп, постерге түсіреді.
  • Әр топ берілген уақыт бойынша жұмыстарын қорғайды.

Топтар арасында пікір алмасу және АКТ қолдану

5 минут

Тақырыптық көрнекілік: депортация және тың игеру кезінде Қазақстанға қоныс аударған халықтардың өмірі

Оқушыларға деректік суреттер көрсетіліп, көргені бойынша ой қорытады.

1) Не байқадың?

Не көрдің, не сездің, қандай ой келді?

2) Дерек не береді?

Бұл материал бізге қандай мағлұмат ұсынады?

3) Қорытынды

Деректен қандай қорытынды шығаруға болады?

Қорытынды: терминдермен жұмыс

7 минут

1-тапсырма: сәйкестендіру тесті

Термин сөздер бойынша сәйкестендіру тапсырмасы орындалады (демография, этнография, табиғи өсім, депортация, миграция, эмиграция, диаспора, халық санағы және т.б.).